https://www.instagram.com/reel/DVlyA9giHjE/?igsh=MTI1a2Uzc2Y4aGhpbA==
Архив за день: 7 марта, 2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
7 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК ПОДДЕРЖАЛИ РЕФЕРЕНДУМ НА СТАДИОНЕ В ТУРКЕСТАНЕ
В рамках I тура Премьер-лиги Казахстана на стадионе “Туркестан Арена” в городе Туркестан состоялась встреча футбольных клубов “Актобе” и “Тобол”. В преддверии данного матча с участием молодежи была организована специальная акция, направленная на поддержку важного общественно-политического события в жизни страны – предстоящего референдума. Праздник футбола начался с молодежного патриотического флешмоба.
Трогательная постановка “Рухани” в исполнении танцевальной группы “Жастар VIBE” подарила зрителям особое настроение, продемонстрировав единство молодежи и любовь к стране. Также перед матчем туркестанские артисты представили концертную программу и исполнили патриотические песни. Это обогатило содержание футбольного вечера и подняло дух зрителей.
В ходе мероприятия спикеры отметили значение и значение референдума, который является важным для общества. С речью выступил председатель молодежного крыла “Жастар рухы” при партии “Аmанаt” Еркебулан Мадиярулы, который призвал молодежь активно участвовать в важных политических кампаниях.
В рамках акции болельщики, собравшиеся на стадионе, подняли и поддержали на трибунах большой синий флаг и баннер с надписью “Референдум”. Кроме того, во время футбольного перерыва через экран был показан специальный видеоролик о референдуме.
Таким образом, футбольный вечер в Туркестане превратился не только в спортивное соревнование, но и в содержательную акцию, направленную на повышение общественной активности молодежи и поддержку страновых инициатив.
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының кездесуі өтті. Аталған матч қарсаңында жастардың қатысуымен ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға – алдағы референдумды қолдауға бағытталған арнайы акция ұйымдастырылды.
Футбол мерекесі жастардың патриоттық флешмобымен басталды. «Жастар VIBE» би тобы орындаған «Рух» атты әсерлі қойылым көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, жастардың бірлігі мен елге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Сондай-ақ, матч алдында Түркістандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады. Бұл футбол кешінің мазмұнын байытып, көрермендердің рухын көтере түсті.
Іс-шара барысында спикерлер қоғам үшін маңызды саналатын референдумның мәні мен маңызын атап өтті. «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы сөз сөйлеп, жастарды маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуға шақырды.
Акция аясында стадионда жиналған жанкүйерлер трибуналарда үлкен көк Ту мен «Референдум» жазуы бар баннерді көтеріп, қолдау көрсетті. Сонымен қатар, футбол үзілісі кезінде экран арқылы референдум туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.
Осылайша Түркістанда өткен футбол кеші тек спорттық бәсекемен шектелмей, жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, елдік бастамаларды қолдауға бағытталған мазмұнды акцияға ұласты.
Матч аяқталғаннан кейін ерікті жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында стадион аумағын тазалап, қоғамдық мәдениет пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар
Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:
-Бахрейн
-Мысыр
-Израиль
-Йемен
-Иордания
-Ирак
-Иран
-Қатар
-Сауд Арабиясы Корольдігі
-Кувейт
-Ливан
-БАӘ
-Оман
-Сирия
Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз.
ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТІП, ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген ардақты аналар мен нәзікжандыларға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.
Мерекелік кешке облыстың түрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген аналар мен қыз-келіншектер, ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және қоғам белсенділері қатысты.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз құттықтауында әйелдердің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесі зор екенін жеткізді.
– Сіздерді көктемнің ең аяулы, шуақты мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жер бетіне көктемнің келгенін білдіретін бұл мерекенің орны бөлек. Сұлулық, жылылық сияқты қастерлі сөздер Ана деген аяулы ұғыммен астасып жатыр. Әр шаңырақтағы шаттық пен берекеде сіздердің маңдай терлеріңіз бен мейірімге толы алақандарыңыз бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінге жетуі – ең алдымен, аналардың еңбегі. Қазіргі қазақстандық әйел – отбасының берекесі ғана емес, қоғамның қозғаушы күші. Түркістан облысы – еліміздегі демографиялық өсімнің алтын діңгегі, береке мен бірліктің бастауы. Облысымызда әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлеміндегі 214 мыңнан астам кәсіпкердің 88 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни, шағын және орта кәсіпкерліктің 41%-ында іскер ханымдар басшылық жасауда. Түркістан – халық саны жағынан да, көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. 2025 жылы өңірде 45 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Өңірде 191 мыңнан астам көпбалалы ана бар. 18 мыңнан аса «Алтын алқа», 45 мыңнан аса «Күміс алқа» иелері – мақтанышымыз. Біз үшін әрбір ананың амандығы, әрбір қыз-келіншектің бақыты – аса қымбат. Сіздерді шуақты мерекемен құттықтай отырып, ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін! Отбасыларыңыз аман, әр күндеріңіз шуақты болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
Салтанатты жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар аналар мен қыз-келіншектер Түркістан облысы әкімінің Алғысхаттарымен және мемлекеттік марапаттармен марапатталды.
Мерекелік кеш Түркістан музыкалық-драма театрында жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты. Ардақты аналар мен арулардың құрметіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
«Vivat» би ансамблі «Көктем шуағы» атты музыкалық-хореографиялық қойылымын сахналады. Сонымен қатар елімізге танымал өнерпаздар – Медет Салықов пен Клара Төленбаева, әнші Баянсұлу, республикалық байқаулардың лауреаты Данияр Барыс, Сырым Исабаев, «Жаңа леп» өнер ұжымы және өңір өнерпаздары ананы, көктемді жырға қосып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Қазақ қызы» музыкалық композициясы ұсынылып, өнерлі балалар мен бишілердің өнері кештің көркін аша түсті. Концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Түркістан өңірінде аналар мен әйелдерді қолдау, олардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде нәзікжандылардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, кәсіпкерлікпен айналысуына және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруына кең мүмкіндік жасалған.
