ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында тағылымды тазалық шарасын ұйымдастырды.

Игі бастама аясында Түркістан өңірінде кәсіби театр өнерінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ сахна өнерінің көрнекті өкілі, ҚР Халық артисі Райымбек Сейтметов есімі берілген көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Шараға театр ұжымы мен университеттің «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын насихаттады. Сонымен қатар, бұл бастама ұлағатты тұлғаға көрсетілген құрметтің, туған жерге деген жанашырлықтың және мәдениет қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің жарқын көрінісіне айналды.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын киелі Түркістанның тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, туған өлкенің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырды.

Нуралхан Кушеров провёл встречу по итогам Саммита ОТГ и передал благодарность Главы государства жителям Туркестанской области

В Туркестане состоялась встреча по итогам прошедшего 15 мая неформального Саммита глав государств-членов Организации тюркских государств. Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с представителями интеллигенции, предпринимателями, молодежью, общественными деятелями и жителями региона, передав высокую оценку и слова благодарности Президента Казахстана Касым-Жомарт Токаев.

Напомним, после завершения саммита Глава государства провёл специальное совещание, в ходе которого отметил высокий уровень организации международного мероприятия и выразил особую признательность жителям Туркестанской области, а также всем, кто принимал участие в подготовке исторического события.

«Благодаря эффективной работе Туркестан, как город, в котором расположены святыни тюркской цивилизации, продемонстрировал свой мощный потенциал в качестве притягательного центра культурно-гуманитарного взаимодействия и готовность к проведению крупных международных форумов», – подчеркнул Президент.

Встреча прошла в новом этно-туристическом комплексе Туркестана и объединила представителей различных сфер региона. Открывая совещание, Нуралхан Кушеров выразил благодарность всем жителям области, внесшим вклад в успешное проведение международного форума. По его словам, высокая оценка Главы государства является признанием труда каждого жителя региона и подтверждением особого статуса Туркестана на международной арене.

– Неформальный саммит Организации тюркских государств, прошедший в духовной столице тюркского мира – Туркестане, стал важным историческим событием. Наш Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев высоко оценил подготовительную работу, проведенную в Туркестанской области, и выразил особую благодарность жителям региона и всем гражданам, принявшим участие в организации этого важного мероприятия. Это, прежде всего, оценка высокого авторитета древнего города на международной арене и труда каждого гражданина, неустанно работавшего на благо страны. Туркестан еще раз доказал, что является стратегическим и культурно-духовным центром, способным проводить масштабные мероприятия глобального уровня на самом высоком уровне. В этой связи стоит отметить, что Глава Государства придал Туркестану особый статус и держит развитие региона на постоянном контроле. Его инициатива провести саммит именно в этом священном месте – яркое проявление огромного доверия к исторической роли города. Пользуясь случаем, выражаю искреннюю благодарность представителям правоохранительных органов и военной сферы, обеспечивавшим общественную безопасность, специалистам медицины и коммунальных служб, волонтерам и государственным служащим, а также гостеприимному населению Туркестана, – отметил глава региона.

В ходе совещания особое внимание было уделено вопросам экономики, инвестиционной привлекательности и промышленного потенциала региона. По словам акима области, по итогам 2025 года внешний товарооборот Туркестанской области достиг 3,5 миллиарда долларов США, а экспорт за последние три года увеличился на 142 процента. Основными стратегическими партнёрами региона являются Россия, Китай, Узбекистан, Германия и Чехия.

Глава региона подчеркнул, что область делает ставку на развитие производств с высокой добавленной стоимостью, привлечение инвестиций и поддержку отечественного бизнеса. Для инвесторов подготовлены готовые бизнес-кейсы и проекты с анализом рынка, сырьевой базы и финансовых показателей.

В рамках встречи представители интеллигенции, ученые, предприниматели и общественные деятели поделились мнениями об итогах саммита и перспективах дальнейшего развития региона. Предприниматели выразили благодарность государству и руководству области за оказываемую поддержку, отметив готовность к реализации совместных проектов, направленных на социально-экономическое развитие Туркестанской области.

Сегодня Туркестан укрепляет статус духовного, культурного и экономического центра тюркского мира, демонстрируя готовность к проведению международных мероприятий высокого уровня.

Меморандумға қол қойылып, ашық жиын өтті.

Сайрам ауданында “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, Түркістан облысы бойынша “Банк ЦентрКредит” директоры Оңалбеков Абзал Қожахметұлы, директор орынбасарлары мен қаржы бөлімі өкілдерінің қатысуымен “Capable Group” ЖШС және “Завод автотехнология” зауыты арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, ашық жиын өтті.

Кездесу барысында өндіріс саласын дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру және кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар алдағы уақытта екіжақты тиімді серіктестік орнатып, нақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Аталған бастама өңірдегі өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.

ТҮРКІСТАНДА «ТҰРҒЫНДАР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ ЖОЛ АШТЫ

Түркістан қаласында жұмысын биыл бастаған «Жаңа қала» бастауыш партия ұйымы «Тұрғындар аманаты» жобасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердегі 300-ге жуық пәтердің насос жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етті. Жоба шеңберінде «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің халықпен есеп беру кездесулерін көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында өткізіп, бұл кездесулерге мүлік иелері бірлестіктерінің және пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты. Облыс орталығы – Түркістан қаласы мен аудан, қалаларда осы бағыттағы 38 кездесу өткізіліп, еркін мазмұнда өткен жиындарға 1867 тұрғын қатысты.

Партияның «Тұрғындар аманаты» жобасы қолға алынған қысқа уақыт ішінде облыс көлемінде 13 тақырыптық қоғамдық қабылдаулар өтіп, тұрғын үй қатынастары саласы бойынша 73 азаматтың мәселелері тыңдалды. Тұрғындар білдірген ұсыныстардың 30-ы немесе 41 пайызы оң шешімін тапса, 40 сұраныс бойынша немесе барлық өтініштердің 57 пайызына көтерілген мәселелердің құқықтық реттеу тетіктері түсіндірілді. Айтылған ұсыныстар негізінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан 22 ойын алаңшалары жөндеуден өтті.

Осы мәнде өткен кездесулердің барысында Түркістан қаласында электр энергиясының тұрақсыз берілуі мен кернеудің жиі ауытқуы салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердегі электр насостары жиі істен шығатыны белгілі болды. Тұрғындар көтерген бұл мәселені «Жаңа қала» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Жанар Оразметова басшылыққа алып, істен шыққан су және кәріз жүйелерінің насостарын тұрғын үйлерді салған мердігер ұйымдардың кепілдік міндеттемелері аясында қалпына келтіру жөнінде талап қойды.

«Жаңа қала» БПҰ жетекшісі Жанар Оразметова «Тұрғындар аманаты» жобасының мақсаты халықтың күнделікті тұрмыста кездесетін нақты мәселелерін назардан тыс қалдырмай, дер кезінде шешілуіне ықпал ету екенін айтты.

«- Көпқабатты тұрғын үйлердегі насос жүйелерінің жиі істен шығуы тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін өзекті мәселе екені анық байқалды. Әсіресе электр қуатының тұрақсыз берілуі мен кернеудің күрт ауытқуы салдарынан су және кәріз жүйелеріндегі электр насостары жиі жарамсыз күйге түскен. Бұл жағдай тұрғындардың орынды наразылығын туғызды. Осыған байланысты біз мәселені жан-жақты зерделеп, тұрғын үйлерді салған мердігер ұйымдарға кепілдік міндеттемелері аясында істен шыққан жабдықтарды өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жөнінде нақты талап қойдық. Себебі кепілдік мерзімі ішінде инженерлік инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне мердігер мекемелер жауапты болуы тиіс. Бүгінде бірқатар үйлердегі насос жүйелері қалпына келтіріліп, тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты», – деді Жанар Оразметова.

«Тұрғындар аманаты» жобасы аясында өткен кездесулерде тұрғындардың пікірі тікелей тыңдалып, мәселе ашық айтылғанын осы шағын аудан, 11-көше, 25/1 үйдің тұрғыны Гүлжанат Жалықасымова атап өтті. «- Бұған дейін көпқабатты үйдегі су насостары жиі істен шығып, тұрғындар үлкен қиындық көрді. Кейде жоғарғы қабаттарға су көтерілмей, кәріз жүйесінде де мәселелер туындап жататын. Әсіресе кернеудің тұрақсыздығы техникаға қатты әсер етті. Бұл мәселені бірнеше рет көтергенімізбен, нақты нәтиже болмаған еді. Партия өкілдері мен жауапты азаматтар мердігер мекемелерге нақты талап қойып, насос жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіле бастады. Қазір көптеген үйлерде жағдай тұрақталып келеді», – деді ол.

Атап өтуіміз қажет, Түркістан облысында бүгінгі таңда 1 877 көппәтерлі тұрғын үй бар. Соның ішінде, 1 620 тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелсе, 243 үй коммуналдық меншікке алынған. Түркістан қаласының 2018 жылы облыс орталығы болып жарияланғанға дейін 142 көппәтерлі тұрғын үй болған және бұл үйлерде сервистік қызмет көрсету талаптары мүлдем болмаған. Жаңа облыс орталығында құрылыс қарқыны артып, жаңадан 357 көппәтерлі тұрғын үй салынған. Қазір бұл түрғын үйлерге 3 басқарушы компания қызмет көрсетеді.