2025 жылдың мамыр айының 09 – 11 жұлдызы аралығында Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылы «Төлеби» спорт кешенінде еркін күрестен турнир өтті. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс! Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» және «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен өткен сайыста 2008-2009, 2010-2012, 2013-2014 және 2015-2017 жылы туылған жасөспірімдер өзара мықтыларын анықтады. Төлеби аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты «Байтемір» спорт кешенінде ұйымдастырылған дүбірлі додада, яғни облыстық ашық біріншілікте Мерке, Тараз, Шымкент, Түлкібас, Тұрлан, Сайрам, Ақсу, Жетісай, Байдібек, Сарыағаш, Мақтаралы және Төлеби ауданының барлық спорт мектептерінен 450-ден астам жас спортшылар қатысып, бақтарын сынады.
Ленгір қаласында орналасқан, білікті басшы еркін күрестен спорт шебері Катаев Алибек басқарып отырған Төлеби аудандық № 2 – ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері өз салмақ дәрежелері бойынша 5-алтын, 3-күміс, 4-қола медальді иемденіп, өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда Эргашов Данияр 26кг, Мамыржанов Хазірет 44кг, Ағабек Бақдаулет 45кг, Османов Байрам 57кг, Асанбек Нұржігіт 57кг І-орын, Хайранов Алай 52кг, Отан Жорабек 54кг, Болат Алисұлтан 68кг ІІ-орын, Оспанұлы Ақжұрек 21кг, Тойшыбек Жансерік 25кг, Асамбек Арсен 32кг, Турусметов Рустамбек 68кг ІІІ-орын алып біріншіліктің арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Аталған спортшылардың жаттықтырушысы Бектемисов Ғабит. Бұл жеңістер бапкердің талай жылдық еңбегінің арқасы, сондай-ақ тәрбиелеп жүрген жігерлі шәкірттерінің жемісі деуге болады.