Сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс материалдары сынақтан өтуде

ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары 20, 22, 25, 28 және 32 мм диаметрлі арматура өзектеріне зертханалық зерттеулер жүргізуде. Сынақтар «ЗСОМС «ГРАД» ЖШҚ тапсырысы бойынша өткізілуде.

Барлығы 45 үлгі тексерілді, олардың құрамына бүтін арматура элементтерімен қатар, «GRAD» бұрандалы муфталарымен қосылған үлгілер де кіреді.

Арматура ресейлік стандарттарға сәйкес А500С класындағы болаттан жасалған. Қосылыстар өзек ұштарындағы арнайы бұранда және берік муфталар арқылы орындалды.

Сынақтар аяқталу кезеңінде. Егер оң сипаттамалар расталса, бұл материалдарды сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс құрылымдарында қолдануға ұсыным беруге болады.

“Дипломмен ауылға” бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

2025-2027 жылдары “Дипломмен ауылға” бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, Қазақстанда оны белсенді іске асыруды жалғастырады. “AMANAT” партиясының 2003-2007 жылдарға арналған “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

“Дипломмен ауылға” мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Ол ауылдағы кадр тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Негізгі мақсат – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына дипломды мамандарды тарту.

Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:
• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.
Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт – ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.

2023 жылғы 1 сәуірден бері жобаны іске асыру жөніндегі агент “Отбасы банк” АҚ. Цифрландыру мақсатында өтінім беру мен кредит алудың барлық процесі Baspana Market — otbasybank.kz/programm-bank платформасында толықтай автоматтандырылған.
Жобаны іске асырудың 2009-2024 жылдардағы нәтижесі мынадай:
• 114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алды;
• 52 мыңнан астам маман 189,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредитті пайдаланды.

Біржолғы көтерме жәрдемақы алушылардың құрылымы:
* Білім беру саласындағы мамандар-78 мың адам (68,3%);
* Денсаулық сақтау қызметкерлері — 24,4 мың адам (21,4%);
* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-6,9 мың адам (6%);
* Ауыл шаруашылығы мамандары-4 мың адам (3,5%);
* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-900-ге жуық адам (0,8%).
Тұрғын үй кредитін алушылардың құрылымы:
* Білім беру саласындағы мамандар-35,1 мың адам (67,1%);
* Денсаулық сақтау мамандары — 11,6 мың адам (22,2%);
* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-3,4 мың адам (6,4%);
* Ауыл шаруашылығы мамандары-1,9 мың адам (3,6%);
* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-360-тан астам адам (0,7%).

Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқаптарын әртараптандыруға бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Биыл алғаш рет әртараптандыру шаралары шамамен 1 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қамтиды.

Бағдарлама ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие, табысты дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға бағытталған. Негізгі мақсат — ауыл шаруашылығы секторының бір ғана дақылға, ең алдымен дәнді дақылдарға тәуелділігін азайту және тұрақты, теңгерімді ауыл шаруашылығы өндірісіне көшу.

2025 жылы бұршақ, майлы және мал азықтық дақылдардың егіс көлемі едәуір артады деп күтілуде. Атап айтқанда, майлы дақылдардың егіс көлемі 378 мың гектарға өсіп, 3,3 млн гектардан асады. Күнбағыс тұңғыш рет 1,4 млн гектарға дейін егіледі — бұл өткен жылмен салыстырғанда 121 мың гектарға артық. Сонымен қатар, зығыр егісі 181 мың гектарға, қыша — 52 мың гектарға, рапс — 28 мың гектарға ұлғаяды.

Мал азықтық дақылдардың егіс көлемі 127 мың гектарға арттырылып, мал шаруашылығының жем-шөп базасын нығайтуға, егіс айналымын жақсартуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Соңғы екі жылда бидай егіс көлемі 750 мың гектарға қысқарды, оның ішінде 2025 жылы — 187 мың гектарға. Бұл ретте нарықтық жағдай мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, арпа егіс көлемі 158 мың гектарға, қарақұмық — 41 мың гектарға ұлғаяды.

Өткен жылғы қант қызылшасының өнімділігіне байланысты биыл оның егіс көлемі 6,7 мың гектарға қысқарып, 18,4 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, ұйымдасқан шаруашылықтар ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында картоп егісін 11,3 мың гектарға арттырады.

Су ресурстарын үнемдеу мақсатында мақта егіс көлемі 135 мың гектарды құрайды. Оның ішінде заманауи тамшылатып суару технологиялары қолданылатын алқап 50 мың гектарға дейін ұлғайтылады, ал дәстүрлі әдіспен егілетін көлем 21,4 мың гектарға қысқарады.

Жалпы алғанда, 2025 жылғы егіс алқаптарының құрылымы елдің негізгі өнімдерге деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру жұмысы жалғасуда

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр. Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары Системалық оператор бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр.

2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 энергия блогында, 16 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. 1 энергия блогы мен 2 қазандықтағы жөндеу аяқталды.

Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауда.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жасанды интеллект негізіндегі цифрлық заң кеңесшісін іске қосады

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жасанды интеллект негізіндегі заң консультанты – жаңа цифрлық сервистің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бірінші кезеңде заманауи жасанды интеллект технологияларына негізделген «Әділет» заң кеңесшісінің пилоттық нұсқасы жүзеге асырылды. Қазір аталған өнім сынақтан өтуде. Консультанттың негізгі міндеті – нормативтік құқықтық актілерді талдау және азаматтарға жедел және қолжетімді заң көмегін көрсету.
Құрал пайдаланушыларға интерактивті форматта заңнамалық мәселелер бойынша түсініктеме алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық саласында жылдамырақ шарлауға мүмкіндік береді. АИ қолдану азаматтардың құқықтық жүйемен өзара әрекеттесу тиімділігін арттырады және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
Жобаның екінші кезеңі ЖИ кеңесшісінің функционалдығын кеңейтуді қамтиды. Нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды автоматты түрде анықтау, заңды техникалық талаптардың сақталуын тексеру, мүмкін болатын құқықтық қайшылықтарды болжау, сондай-ақ басқа да талдау функцияларын жүзеге асыру тетіктерін енгізу жоспарлануда.
«Әділет» цифрлық заң консультантын енгізу құқықтық саланың ауқымды цифрлық трансформациясының бір бөлігі болып табылады және құқықтық ақпараттың ашықтығын, қолжетімділігін және сапасын арттыруға бағытталған.

“ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД” БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

“Түркістан-Самарқанд” әуе рейсі өз жұмысын бастады. Астана қаласынан басталған әуе бағыты Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшуға мүмкіндік алып отыр. Жаңа әуе рейсі аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 23 500 теңгеден басталады.

Жаңа бағыт – Қазақстан мен Өзбекстанға, туристік қалалар Түркістан мен Самарқандқа саяхаттауға аса ыңғайлы болмақ. Туристер үшін ерекше мүмкіндіктер ашады. Аталған бағыттағы әуе рейстерін “Qazaq Air” әуекомпаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, жалпы Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық рейстерден Ыстамбұл, Абу-Даби мен Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты әуе рейстері ұшады.

КЕНТАУҒА ҚАРАСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы қысымды газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жалпы газ құбырының ұзындығы 12,5 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 4,5 шақырымына газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, Хантағы ауылын толық табиғи газбен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Жалпы Кентау қаласында 18 000 абоненттің 15 319 абоненті, яғни 85% табиғи газ жүйесіне қосылған. Сонымен қатар, жуырда Шоқтас және Байылдыр ауылдары табиғи газ жүйесіне қосылған.

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында көптен күткен қуаныш болды. Қала орталығынан ең шалғай орналасқан ауылдастардың тұрмысын жеңілдететін табиғи газ жүйесі іске қосылып, салтанатты түрде алғашқы алау жағылды.

Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, мердігер мекеме өкілдері, сала мамандары және ауыл тұрғындары қатысты. Шаһар басшысы байырқұмдықтарды қуанышты сәтпен құттықтап, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

Жалпы, Байырқұм ауылы — тарихы терең, Сырдария жағалауындағы іргелі елді мекен. Ауылға газ жеткізу жобасы аясында ұзындығы 24,01 шақырымдық газ құбыры тартылды. Жоба бойынша 506 абонент немесе 3,5 мыңнан астап тұрғын табиғи газға қол жеткізіп отыр.

Енді Байырқұм ауылында тұрғындар көмір жағып, күл шығарып әуре болмайды. Таза әрі тиімді отын – табиғи газ әр шаңыраққа жылу мен жайлылық сыйлайды. Бұл – отбасылар үшін тек тұрмысты жеңілдету ғана емес, сонымен қатар уақыт пен қаражатты үнемдеудің де мүмкіндігі.

Салтанатты шара барысында ауылда алғашқылардың бірі болып үйіне газ қосқан Баймахан Арапбайұлын қала әкімі мен сала мамандары арнайы барып құттықтады. Зейнеткер табиғи газдың қосылуын зор қуанышпен қабылдап, бұл ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам екенін атап өтті.

Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да бұл игі істердің жалғасын табарына сенім білдіріп, қуаныштарын білдірді.

Алдағы уақытта Байырқұмнан кейін Жиделі, Көкжиде, Аққала елді мекендері де кезең-кезеңімен табиғи газ жүйесіне қосылатын болады.

 

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ташкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жобасы аясында ТМД Экономикалық кеңесінің 105-ші отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің алғашқы «Аймақтар форумы» өтті.

ТМД елдерінің жоғары лауазымды өкілдері бас қосқан Экономикалық кеңестің кезекті отырысына елімізден ТМД Экономикалық кеңесіндегі Тұрақты өкілі Бекетжан Жұмаханов пен Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков бастаған делегация құрамында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен еліміздің өңірлерінен барған 50-ге тарта қазақстандық табысты компаниялардың өкілдері қатысты. Форумда Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова баяндама жасады.

Форумда мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды күшейтуге бағытталған негізгі құжаттар – әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлестіру, халық денсаулығын қорғау, жеңіл өнеркәсіпті дамыту және ауыр машина жасау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты тұжырымдамалардың жобалары мақұлданды. Өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған жаңа жобада сауда-экономикалық, инвестициялық, өндірістік-технологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. «BMB Holding» және «Uz Trade» компанияларының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіліп, агроөнеркәсіптік кешен мен жеміс-көкніс өнімдерін жеткізу салаларындағы ынтымақтастықтың мәселелері сөз болды.

Шара соңында маңызды меморандумдар жасалды. Олардың арасында Жетісай ауданы әкімдігі мен «Samarkand Irrigation System» компаниясы арасында меморандумдарға қол қойылды.

№KZ89VPY00063999 Куәлік нөмірі

Lost your password? Please enter your email address. You will receive mail with link to set new password.

Exit mobile version