Қарағанды облысының тұрғындары «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясын белсенді қолдауда

Бүгін Қарағанды облысының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясына белсене қатысуда.

Акцияға жастар, ардагерлер мен өңірдің тұрғындары белсенді қосылуда. Қатысушылар әлеуметтік желілерде еліміздің қаһармандық өткеніне байланысты маңызды нысандар – ескерткіштер, мемориалдар, мұражайлар сияқты естелік орындардан фотосуреттер мен бейнематериалдарды жариялап жатыр.

Облыстағы акцияның бастамасын Саран қаласының ардагерлері көтеріп, тарихи жадты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қатысқан Саран қаласының тұрғыны Марина Александровна Гофман Жеңістің 40 жылдығына орнатылған Стеланың артында орналасқан Мемориалдық қабырға туралы әңгімелеп, бұл мемориал соғыс жылдары Отан алдындағы борышын өтеген сарандық ардагерлер мен алғашқы құрылысшылардың құрметіне арналғанын атап өтті. Қабырғада Саран қаласында тұрған 1619 Ұлы Отан соғысына қатысушының есімі ойылып жазылған.

Акцияның ерекше бөлігіне айналған — Тамара Александровна Кучеренко, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ардагері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері, ақын және Саран қаласының тұрғыны. Ол Жеңістің 40 жылдығына орай орнатылған Жеңіс Стеласының жанында жерлестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сөз барысында Тамара Александровна баршаға бейбіт өмір мен татулық тіледі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен қазақстандықтардың Жеңіске жетудегі үлесін ерекше атап өтті. Соңында халықтың ерлігіне арналған өзінің авторлық өлеңін оқып берді.

Акцияны Балқаш қалалық мұражайы да қолдап, 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапқан балқаштықтарға арналған монументке арналған бейнеролик жариялады.

1970 жылы орнатылған бұл ескерткіш — қаланың маңызды мемориалдық нысандарының бірі.

Қалалық мұражайдың директоры Мадина Абилханова: – Балқаш қаласында, жағалауда орналасқан бұл монумент – тек маңызды ескерткіш қана емес, сонымен қатар Отан үшін өмірін қиғандарға деген алғыс пен мәңгілік естеліктің символы. Ол – қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін, соғыс кезіндегі ерлік пен жанқиярлықты еске түсіретін тарихи-мәдени нысан.

Тағы бір қатысушы – Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Санаубаев. Ол акция аясында Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарында орнатылған маңызды ескерткіш – Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраевтың бюсті туралы айтып берді. Ескерткіш 2018 жылы Қарағанды қаласында ашылған.

Серік Санаубаев бұл ескерткішті Отанды қорғауға аттанған қазақстандықтардың ерлігіне деген құрмет пен тарихи жадты сақтау символы ретінде атап өтті.

Оның айтуынша, бұл монумент бүгінде патриоттық тәрбие беретін маңызды орынға айналған. Мұнда қала тұрғындары гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етіп, жас ұрпаққа Жеңістің қандай құрбандықпен келгенін еске салады.

Бұл естелік орындар – қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігі мен жанқиярлығының айғағы. Акция аясында олар тұрғындарды ортақ тарихи жады төңірегіне біріктіретін рухани орталықтарға айналуда.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілмек. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен 212,8 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жайында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанабілов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Совет Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған»- деді спикер.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов облыс аумағында ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаждығын анықтау мақсатында әлеуметтік карта жасақталғанын жеткізді.

«Осы әлеуметтік карта негізінде жыл бойы ардагерлердің және олардың отбасыларының қажеттіліктеріне сәйкес аудан-қала әкімдіктері және демеушілер тарапынан жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық тексерулер мен оңалту қызметтері ұйымдастырылады. Жалпы жыл басынан бері 61 тыл еңбеккері санаторийлік-курорттық емдеумен және басқармаға қарасты мекемелерде сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етілді.» – деді Самат Талғатұлы.

«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

Аталмыш шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті.

Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды.

Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қоқыстар, жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.

Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс – шаралардың негізгі бағыттары – аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖОБАЛАР САНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен инвесторларды сүйемелдеу үшін «Бір терезе» қағидалары бекітілген. Осы қағидалар шеңберінде республика деңгейде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс атқаруда. Аталған платформа – инвестициялық жобаларды цифрлық ортада жылдам ілгерілетуге арналған біріңғай жүйе. Бүгінгі таңда, платформада республика бойынша 1124 инвестициялық жоба тіркелсе, оның ішінде Түркістан облысы тарапынан инвестициялық жобаларға сүзгі жүргізіліп, нәтижесінде 81 инвестициялық жоба (1,9 трлн теңге) енгізілген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада бірінші орында тұр. Бұл туралы Өңірлік ивнестициялық штабтың мәжілісінде айтылып, мәселелер мен жоспарлар талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

– Штаб отырысына шешімі табылмай жатқан жобаларды енгізіңіздер. Мәселені ашық талқылап, жылдам шешу жолын табайық. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау, жұмыс орындарын ашу – басты міндет. Әрбір жоба сүйемелденіп, уақтылы жүзеге асуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласындағы дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар зауытының және битум өндіретін зауыттың құрылысы, Қазығұрт ауданындағы тамшылатып суару құрал-жабдықтарын шығаратын зауыттың және жиһаз цехының құрылысы, Ордабасы ауданында электр жабдықтарын өндіру және трансформаторларды жөндеу жобасының жай-күйі, Саурандағы күн электр станциясының құрылысы және өзге де жобалар талқыланып, мәселелері тыңдалды. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштері тыңдалып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, биылғы инвестициялық штаб отырыстарының нәтижесінде 22 хаттамалық тапсырма орындалған. Қалған 6-ауы бақылауға алынған.

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Түркістан қаласының “Құрметті азаматы” Кеңес Пәзілұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында бокстан VI Республикалық ашық турнирі басталды.

Спорттық шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған. Жарыс – бұқаралық спортты дамытуға, спортшыларды жүйелі бокспен шұғылдануға баулу және үздіктерді анықтауға бағытталған.
Жалпы шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 160 спортшы өзара бақ сынасуда. Жарыста жүлделі орындарға ие болған спортшылар белбеу, медальдармен және тиісті дәрежесіне қарай дипломдармен марапатталады.

 

101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРДІ ГЕНЕРАЛ МЕН ЖАС САҚШЫЛАР ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тарихпен тілдесіп, жүректі рухтандыратын үлкен белес. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды кездесу өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және 8 сыныпта оқитын жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлы атамыздың шаңырағында болып қайтты.

Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған қырғын соғыста сол қолынан жараланып, госпитальға жіберіледі. Осылайша елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралды.
Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің оқиғасын айтып, батасын берді.

Жас ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа ұмытылмас тарих, сұрапыл соғыстағы ерлігі тарихта алтын әріппен жазылған ақсақал бүгінде 101 жаста. Өмірлік жұбайы екеуі 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.

Генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт береке тілеп, сый-сияпатын табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылуда. Ауыл-біздің қоғамымыздың негізі, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің тұрақты назарында.

Жоба төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басым бастамаларының біріне айналды. Осылайша мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен еріктілер кезең кезеңімен өңірлерге бірыңғай қолдауды белсенді дамытуда.

Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру. Табиғи жағдайлар мен қашықтықты ескере отырып, бұл жерде уақтылы ден қою өте маңызды.

  «Ауыл халқы да қалалардың тұрғындары сияқты қорғалуы керек. Ерікті құрылымдар ден қою жүйесінің толыққанды бөлігіне айналады.Қауіпсіздік деңгейін және тұрақты инфрақұрылымды арттыру үшін нақты жағдайлар жасалуда, онда тұрғындардың өздері маңызды рөл атқарады», – деп министр атап өтті.

Бағдарлама шеңберінде ТЖМ ауыл әкімдіктеріне өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын береді, ерікті өртке қарсы құралымдар мен бекеттер желісі дамуда, еріктілердің кезекшілігі мен жұмысы үшін жағдай жасалуда, барлық жергілікті бөлімшелер үшін бірыңғай визуалды сәйкестендіру енгізілуде.

Жыл басынан бері Абай, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының  мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ ауылдық елді мекендерінде ведомство басшысының қатысуымен 5 ерікті бекет ашылды. Осы бөлімшелерге  қызмет атқару үшін заманауи техника, жабдықтар мен киім-кешектер берілді.

Биылғы жылдың соңына дейін елде 40 ерікті өртке қарсы құралым мен жергілікті атқарушы органдардың бекетін құру жоспарлануда. Оларды қамтамасыз ету үшін министрлік 150 бірлік өрт техникасын беруді көздеді. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 34 ерікті өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен жаңартуға ерекше назар аударылды. Бұл төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан ТЖМ ауыл қауіпсіздігіне, өртке қарсы қауіпсіздікті, азаматтардың сенімін нығайтуға және еріктілік мәдениетін дамытуға жүйелі көзқарасқа стратегиялық үлес қосады.

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында
13 мың шақырым жол қамтылады.

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын “Қалбатау – Майқапшағай”, “Күрті – Қонаев”, “Қызылорда– Жезқазған” және “Ұзынағаш – Отар” жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында “Жезқазған – Петропавл”, “Мұқыр – Құлсары”, “Қандыағаш – Ембі -Ырғыз”, “Қостанай – Қарабұтақ”, “Өскемен – Шемонаиха”, “Өскемен-Рахман кілттері”, “Орал –Атырау” жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60% -ы отандық тауар

2 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен кездесті.

Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болуына  ерекше назар аударды. Шаруалардың үлкен шығындарына қарамастан бағаның өсімін тежеу бойынша бірлескен іс-қимылдар қажеттігі айтылды.

Кездесу аясында ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60% – ға жуығы отандық тауарлар екендігі айтылды. Бұл қазақстандық өндірушілердің бөлшек саудадағы жоғары деңгейін көрсетеді.

Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сонымен бірге қосымша жылжыту қызметтерін пайдалану еріктілігін атап өтті.

Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық брендтердің танымалдығы артып келеді. Отандық өндірушілердің сатылымы артып, өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда желісінің басшысы тауарларды ілгерілету  қызметтері міндетті емес екенін ерекше атап өтті. Әр серіктес өзіне қажет нәрсені өзі таңдай алады. 

Кездесу қорытындысы бойынша сауда министрлігінің қолдауымен жеткізушілер форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алаң ірі сауда желілерімен жұмыс істеу шарттарын талқылауға және қазақстандықтардың қолжетімді бағада сапалы отандық өнімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс материалдары сынақтан өтуде

ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары 20, 22, 25, 28 және 32 мм диаметрлі арматура өзектеріне зертханалық зерттеулер жүргізуде. Сынақтар «ЗСОМС «ГРАД» ЖШҚ тапсырысы бойынша өткізілуде.

Барлығы 45 үлгі тексерілді, олардың құрамына бүтін арматура элементтерімен қатар, «GRAD» бұрандалы муфталарымен қосылған үлгілер де кіреді.

Арматура ресейлік стандарттарға сәйкес А500С класындағы болаттан жасалған. Қосылыстар өзек ұштарындағы арнайы бұранда және берік муфталар арқылы орындалды.

Сынақтар аяқталу кезеңінде. Егер оң сипаттамалар расталса, бұл материалдарды сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс құрылымдарында қолдануға ұсыным беруге болады.

№KZ89VPY00063999 Куәлік нөмірі

Lost your password? Please enter your email address. You will receive mail with link to set new password.

Exit mobile version