Заң мен тәртіп: Жетісайда ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, Жетісай ауданына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» арнайы келіп, Ш.Ділдәбеков ауылының және Асықата кентінің тұрғындарына Заң аясында құқықтық кеңестер берді. Заң мен тәртіпті насихаттау шеңберінде ұйымдастырылған науқанда 60-тан аса ауыл тұрғындарына мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері, адвокаттар мен сот орындаушылар және еріктілер құқықтық кеңестер беріп, олардың талап-тілегі мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар тыл ардагерлеріне біржолғы көмек көрсету, аукицон арқылы сатылған жерінің заңдылығын тексеру, ауылға ұңғыма қазып, ауыз суды ретке келтіру, мектеп салу, үлкен тас жол бойына қауіпсіздік белгілерін және камера орнату, сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу, борышкерден алимент өндіру, қарызы бар несиесіне қолайлы кесте жасау, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өтініштерімен жүгінді.

Сонымен бірге, ауданындағы әлеуметтік нысандарға, балалар ойын және спорт алаңшаларына қоғамдық бақылау жүргізілді, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы комплаенс – қызметкерлермен, кәсіпкерлермен және әлеуметтік сала мамандарымен кездесулер өтті. Сондай-ақ, мамандар заң мен тәртіпті қалыптастыру мен әділеттілік қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

« – Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаларына тікелей байланысты. Заң үстемдігі – бұл қоғамда құқықтың басым болуы, барлық азаматтар мен билік органдары заңға бағынуы тиіс деген ұстаным. Ал әділеттілік – әрбір адамның құқықтарының сақталуы, заң алдында тең болуы және қоғамдағы әлеуметтік теңгерімнің орнауы. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және кез келген өркениетті мемлекеттің негізін қалайды. Заңның барлығына ортақ болуы – мемлекеттік билік, азаматтар, ұйымдар мен компаниялар заң талаптарын сақтауы тиіс. Ешбір адам немесе ұйым заңнан жоғары болмауы керек. Тәуелсіз және әділ сот жүйесі – сот билігінің тәуелсіздігі заң үстемдігінің маңызды шарты.   Соттардың әділ және бейтарап шешім шығаруы азаматтардың құқықтарын қорғайды. Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау – заң үстемдігі адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір азамат заңды түрде өз мүдделерін қорғай алады.Құқықтық айқындық және тұрақтылық – заңдардың түсінікті, айқын әрі тұрақты болуы қажет. Құқықтық жүйенің жиі өзгеруі азаматтар мен бизнестің сеніміне нұқсан келтіреді.Жауапкершілік пен есептілік – билік өкілдері мен мемлекеттік органдар өз әрекеттері үшін заң алдында жауап беруі тиіс. Қоғамның билікке сенімі осыған байланысты қалыптасады.» – деп атап өтті мобильді топ мүшелері.

Расында, заң үстемдігі мен әділеттілік – бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Заң үстемдігі жоқ жерде әділеттілік те орнамайды. Керісінше, заң үстемдігі әділетсіздікке негізделсе, қоғамда теңсіздік пен наразылық пайда болады. Сондықтан кез келген мемлекеттің басты мақсаты – заң үстемдігі арқылы әділетті қоғам құру.Тарихта заң үстемдігі сақталмаған елдерде тұрақсыздық пен дағдарыс орын алғанын көреміз. Ал құқықтық мемлекеттерде, керісінше, экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатының артуы және қоғамдық келісім орнайды. Заңның үстемдігі мен әділеттілік – кез келген қоғамның дамуындағы басты құндылықтар. Олар азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, елдің өркендеуіне, тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталуына ықпал етеді. Осы ұстанымдар мықты болған жағдайда ғана мемлекет пен халықтың болашағы жарқын болмақ. Әрбір азамат заңды сыйлап, әділеттілік қағидаттарын ұстанғанда ғана өркениетті, құқықтық қоғам қалыптастыруға болады. Ал, құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” саясаты – тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралдарының бірі. Ол азаматтардың заңға құрметін арттырып, қылмыс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Алайда, оны жүзеге асыру кезінде тепе-теңдікті сақтау маңызды. Әділеттілік пен адам құқықтарын қорғау қағидалары сақталмаса, бұл саясат қоғамда наразылық тудыруы мүмкін. Сондықтан, кез келген мемлекет бұл тәсілді өзінің құқықтық жүйесі мен мәдени ерекшеліктеріне сай бейімдеуі қажет, – деп атап өтті мамандар.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында әкімдік басшылығымен лездемелік мәжіліс ұйымдастырылып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы Департамент және аудандық Әкімдік бақылауында. Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына тегін кәсіби – құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылауды тұрақты түрде жүргізетін болады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*