«AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша кезекті брифинг өтті. Брифингте Түркістан қаласы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева мен Сүлеймен Арыстанов және Сайрам ауданы бойынша сайланған мандат иелері Нұржан Жамалбеков пен Сайдирасулхан Ералиев БАҚ өкілдеріне сайлауалды бағарламалардың орындалу барысы төңірегінде баяндап, өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал жасап жүргенін жеткізді.
Архив рубрики: “AMANAT”
Депутаттар өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап келеді (видео)
«AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша кезекті брифинг өтті. Брифингте Түркістан қаласы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева мен Сүлеймен Арыстанов және Сайрам ауданы бойынша сайланған мандат иелері Нұржан Жамалбеков пен Сайдирасулхан Ералиев БАҚ өкілдеріне сайлауалды бағарламалардың орындалу барысы төңірегінде де айтап өтті. Халық қалаулысы Арыстан Сүлейменов сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен Жол картасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда тұрғындармен кездесулердің тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өткен Арыстан Тұрсымбайұлы халықтың өтініштерінің басым бөлігі ауыз су, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер, жаяу жүргінші жолдарының дұрысталуы екенін жеткізді. Мандат иесі 5 айдың көлемінде 4 депутаттық сауал жолдап, оның 2-уіне жауап алған. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалымен бірлесе отырып 2 қоғамдық қабылдау ұйымдастырған.
Облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева депутаттарға жүктелген жауапкершілікті сезініп, халықпен тығыз жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, өзінің Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы екенін, бірнеше қоғамдық қабылдау өткізгенін, онда негізінен көпбалалы аналардың мәселелері тыңдалғанын жеткізді. Бірі жұмысқа тұруына көмек беруін өтінсе, енді бірі қаржылай қолдау сұраған. 2,5 пайыздық қайтарымсыз несие қызықтырғандар да бар. Мандат иесі қабылдауға келген азаматтардың барлығы да өз деңгейінде жауап алып кеткенін атап өтті.
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, халық қалаулысы атанған Нұржан Жамалбеков мандат иесінің ең алдымен халықтың қызметшісі екенін, ел арасында болып, олардың өзекті мәселелерін зерделеп, нақты шешілу жолдарын қарастыруға ықпал ететінін айтып өтті. Осы орайда Нұржан Шәріпбекұлы депутат ретінде Сайрам ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы 47 азаматтың талап-тілегін тыңдаған. Қабылдау нәтижелерімен 14 депутаттық сауал жолдаған. Соның бірі –Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда айтылған өзекті мәселе. Ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұраған. Депутат осынау мәселенің маңыздылығын ескеріп, аталған жәйтті оңтайлы шешіп беру үшін ҚР индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасынана хат жолдаған. Бүгінде жауап күтіліп отыр. Брифингте сол сияқты өзге де депутаттық сауалдар, оның орындалу барысы төңірегінде сөз болды. Одан бөлек, «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек, «Ауыл аманаты», «Халықпен бірге» бағдарламаларының ел ішінде белсенді жүргізілуіне атсалысып жатқанын жеткізді.
Сайдирасулхан Ералиев елді мекендерде негізінен инфрақұрылым мәселесінің өзекті екенін, ең алдымен осы жәйттерді шешіп алуға атсалысып отырғанын атап өтті. Брифинг барысында БАҚ өкілдері халық қалаулыларына өздері сайланған аймақтары бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.
ДЕПУТАТТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАП КЕЛЕДІ
Облыстық мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі жалғасуда
️«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты жалғасуда.
Кезекті брифингке, Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары Алмас САЛИМОВ, Жәнібек СУЛЕЙМЕНОВ, Уалихан РАХИЕВ және Жомарт АБДИБАЕВ қатысты.
Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жалпы депутаттар бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Журналистер Сарыағаш ауданы бойынша шешімін таппай отырған күрделі мәселелер мен депутаттың ықпал етуімен атқарылған жұмыстар туралы сұрады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы бойынша және идеология мәселесі төңірегінде де сөз қозғады. Баспасөз мәжілісі аясында депутаттар, журналистердің толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.
«AMANAT»: КЕНТАУЛЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
– Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы төмен екенін білемін. Алайда бүгінгі келген мақсатымыз осы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысу. Көгалдандыру жұмыстарын жасау. Аталған 33 үйдің ауласын абаттандыру бойынша құжаттар жасалды. Республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыс жасалатын болады-деді Е.Бейсенбаев.
«AMANAT» МӘСЕЛЕ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
– Станцияның тозу дәрежесі жоғары болғандықтан, авариялық келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін. Жылу орталығының қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін қала тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету арта түспек. Сондықтан жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды қадағалау тиіс. Нысан толығымен партиялық бақылауға алынған , – деді Е.Бейсенбаев
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLIX есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне, 2021 жылы 22 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 70%-ы оң шешіліп, 30%-ына заң аясында кеңес берілген.Ал, 2022 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 17 мыңға жуық арыз-шағым келіп түссе, 53%-ы оң шешіліп, 47%-ына заң аясында кеңес берілген ,- деді А.Үмбетәлиев.
”Балаларды мектепке даярлаймыз” қайырымдылық акциясы өтті
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Түркістан қаласына келді. Парламент Мәжілісінің депутаты киелі өңірге сапарын алдымен балаларды қуантудан бастады. Оқушылар сарайында өткен
«Балаларды мектепке даярлаймыз» атты акцияға қатысты.
Игі шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы және БАҚ өкілдері қатысты. Акция мақсаты, мектеп жасындағы балаларды мектепке толық қамтуға жағдай жасау, жаңа қарқынмен, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялату.
Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен көпшілікті құттықтады.
– Біз балаларымыздың жайлы мектептерде оқып, білікті азамат болып шығуына бар күш-жігерімізді саламыз. Сайлауалды бағдарламамыз аясында бүкіл ел аумағында мектеп тапшылығын жойып, заманауи үлгідегі оқу ғимараттарының салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Білімді ұрпақ тәрбиелеу – біздің қасиетті борышымыз, – деді Е.Бейсенбаев.
Фракция жетекшісі акция аясында 30 бүлдіршінге мектепке қажетті құрал – жабдықтар табыстап, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлаймыз» атты қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Акция биыл «Балаларға көмек берейік» ұранымен жалғасып отыр. Елнұр Сабыржанұлы шара соңында оқушылар сарайын аралап, балалар қатысатын түрлі үйірмелердің жұмыстарымен танысты. Оқушылар сарайы алты негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: «Технопарк және IT Sana», «ЛингвоLand», «Спорт», «Ғылым қалашығы», «Шығармашылық», «Өнер» бөлімдерінде алпыстан астам үйірмелер бар.
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балабиев Қайрат Рахымұлы Түркістан қаласындағы “Жеңіс” саябағында Түркістан қаласының жастарымен кездесу өткізді.
Кездесуге “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы, “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы және ”AMANAT” партиясы Түркістан қалалық “Jastar Ruhy” ЖҚ мүшелері қатысты.
– Қашан да еңбектің наны тәтті. Таза еңбекпен табысқа жеткен адамның күндіз күлкісі, түнде ұйқысы тыныш болады. Тынымсыз еңбек телегей табысқа жеткізеді. Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Әркім өз мамандығын сүйсе, сүйсініп жұмыс істейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Жаңылған жағдайда да жеңілмеу керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн, – деді Қ.Балабиев жастармен болған кездесуде.
Жастар тек өз деңгейінде шектеліп қалмай, ел дәрежесінде қызмет етуі тиіс. Бүгін, Қайрат Рахымұлы Түркістанда жастармен жүздесіп, ашық әңгімелесті.
Кездесу барысында Қайрат Рахымұлы қаламыздың жастарын өз өмір жолымен таныстырып, Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айтып өмірді өзгертуге арналған маңызды кеңестерімен бөлісті.
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балабиев Қайрат Рахымұлы “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Кездесуге “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы, Түркістан қалалық “Ақсақалдар алқасы” ардагерлер ұйымының төрағасы Әзіретбергенов Жарылқасын және “Станция Түркістан” БПҰ төрағасы Сырлыбеков Қадыр қатысты. Қала тұрғындары кездесу барысында әлеуметтік, экономикалық, білім беру, денсаулық, тұрғын үй және рухани мәселелерді алға тарта отырып, қаламыздағы қордаланған өзекті мәселелерді шешуге ықпал жасауды өтінді. Кездесуге қатысқан қала тұрғындары Қайрат Рахымұлына қоғамдық көліктерді көбейту, әйелдердің зейнет жасын қысқарту, қаламыздағы өнеркәсіп орындарын көбейту және облыстық деңгейдегі денсаулық және білім беру салаларын қайта қалалық деңгейге ауыстыру жайында өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесуде көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізген ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Балабиев Қайрат Рахымұлы мәслелерді шешуге оң ықпал жасайтындығын мәлімдеді.

