ДЕПУТАТ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК БЕРДІ

«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында аудан көлеміндегі жергілікті мекемелер, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтандырылған жылу жүйесі бар ауылдық округтер мен кенттердің алдағы жылу маусымына дайындығы мәселелері бойынша аудан басшылығымен талқылау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Созақ–Шу ауыл аралық жолдарының қазіргі техникалық жағдайына байланысты тұрғындар алаңдаушылық білдіріп, шұңқырлы (ямалық) жөндеу жұмыстарының әлі толық аяқталмағанын айтты. Осыған байланысты, аталмыш жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарын толық аяқтау үшін қажетті қаржыны қарастыру және құрылыс жұмыстарын жүргізуге ықпал ету сұралып, тұрғынға жауапты басқарма басшылығымен байланыс жасалып, құрылыс жұмыстарының алдағы тоқсанда ұйымдастырылатыны жөнінде ақпарат берілді.

Халық қалаулысы қабылдау барысында әлеуметтік жағдайына байланысты өтініш білдірген көпбалалы анаға көмек берді.

Сонымен қатар, Созақ ауылындағы №1 колледж жатақханасының құрылыс жұмыстарының тоқтап қалуына байланысты колледждің шаруашылық жөніндегі орынбасары қабылдауға келді. Мағауия Тұрысбеков бұл мәселе бойынша құрылыс нысанына барып, қазіргі жай-күйімен танысты. Тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасына тиісті ұсыныс хат жолданады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*