Шолаққорғанда инфрақұрылымды дамуы үшін тың қадамдар жасалуда

Биыл Шолаққорған ауылдық округінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылымның дамуы үшін тың қадамдар жасалуда. Аудан көлемінде әр сала бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін бірқатар маңызды жобаларды аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында өткен халықпен кездесуінде мәлімдеді.

Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінде ауыз су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, тұрғындар орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру сынды жобалар іске асырылуда. Аудан орталығында және Жеткіншек елді мекенінде 16 көшеге асфальт жабындысы төселіп, 35 көшеге жаңа жарықшамдар орнатылды.

Сонымен қатар, жеке инвесторлар арқылы екі пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға арналып, олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Аудан орталығында демеушілердің қолдауымен 5 кіші футбол алаңы ашылып, Ж. Ерімбетов көшесі мен Жеткіншек және Қарабұлақ елді мекендерінде балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғасатын болады.

Осындай атқарылған және алдағы жоспарлар бойынша аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеп, өзекті мәселелердің шешімін қарастыру бойынша да жоспарларымен бөлісті. Келер жылы барлық ауылдардың ішкі көшелерін 100 пайыз жарықпен қамтамасыз етіп, барлық округтерді тазалыққа қажетті техникалармен қамту жоспарланып отырғанын айтты.

Кездесу барысында тұрғындар аудан көлемінде іске асырылып жатқан жобалармен танысып, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады. Бірнеше тұрғындар жеке мәселелері бойынша жүгінді. Бірқатары тұрғын үй мәселесін алға тартты. Аудан басшысы тұрғындардың әрбір мәселесін мұқият тыңдап, заңдылықтарды түсіндірді. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*