Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Келес ауданының «Құрметті азаматы» Асқар Мамырбаев елімізде боқтағандарға емес, керісінше тілі мен дәстүрін ұмытқандарға айыппұл салу керек деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парашасында мәлімдеген.
«Боқтауға тиым салу- қазақты тағы бір дәстүрінен айыру! Оңтүстікте, жалпы қазақта інілерін жөнге салу үшін, жеңгелерге қарата зілсіз боқтау салты бар еді. Оған да айыппұл салынады ма?Салт, дәстүрлерімізді біртіндеп жою жүріп жатқан жоқ па? Одан да тілі мен дәстүрін ұмытқандарға салыңдар айыппұлды! Анық қазынаның жыртығын жамауға қаражат қажет болып жатса!» -деп жазба қалдырған Асқар Мамырбаев.
Бұл пікірді әлеуметтік желіде талқылап, қолдау білдіріп жатқандар да аз емес. Алайда белгілі сәулетшінің сөзін құп көрмегендер де кездеседі. Олардың қатарында бұған дейін облыстың құрылыс, сәулет басқармасында басшы қызметтерін атқарған Құттыбек Жамашевта бар.
Құттыбек Жамашев керісінше «Салттың тозғанын» ұмытсақ, ештеңе жоғалмайтынын жазған. Осылайша, «боқтауға» келгенде белгілі сәулетшілердің пікірі екіге бөлініп отыр. Айта кетейік, елімізде былапыт сөзге — 69 мың теңге айыппұл салу мәселесі қаралуда.
Суреттер Асқар Мамырбайдың фейсбук парақшасынан алынды…