Нухринса Иристаева: «AMANAT» партиясы алаяқтардан құтқарды!

Түркістан облысында «Құқықтық көмек» жобасы қарқынды жұмыс жасауда. Қоғамдық қабылдауға жүгінушілер, көмекке мұқтаж жандардың саны күн сайын артып келеді. Бұл «AMANAT» партиясының аталған құқықтық жобасының маңызды әрі халыққа пайдалы екендігінің дәлелі. Соның бірі Түркістан облысы Қарамұрт ауылының тұрғыны Нухринса Иристаева «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалына көмек сұрап келген. Тұрғынның айтуынша партия алдаған алаяқтарды анықтап, көмек көрсеткен.

— «Менің атымнан алаяқтар кредит алып алдап кетті. Алынған несиелер төленбей, банк алдындағы берешегім 2,5 миллионға жетті. Өзім 3-топтағы мүгедек, жалғызбасты анамын. 2 балам бар. Алғашында «АМАНАТ» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтеді дегенді естіп келдім. Мұнда заңгерлердің көмегіне жүгініп, мәселемді айттым. Бүгінде мәселем оң шешімін тауып, қазіргі таңда алынған несиені алаяқтар өзі төлеп жүр, — деді Нухринса Иристаева.

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы Қарамұрт ауыл округінің әкімшілігіне ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырғанын айтып қуанышын жасырмады.

— «Партияға үлкен алғыс айтамын. Басымнан өткен жәйтті айтып жеткізе алмаймын. Қаттты уайымдадым. Бүгінде алаяқтың арбауына түсіп жатқандар аз емес. Барлығына партияның «құқықтық көмек» жобасына келіп кеңес алуға, заңды үйренуге шақырамын, — деді ауыл тұрғыны

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*