Талдықорғандағы балалар ауруханасының есепшісі құмар ойынға бюджеттің 109 миллион теңгесін жұмсап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Таq.kz тілшісі
«Балалар ауруханасының» есепшісі Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру фактісі бойынша сотталды.
Сотта анықталғандай, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап есепші болып жұмыс істейтін А. 109 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап, құмар ойындарға салған.
«Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуын, келтірілген залал ішінара өтелгенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот күдіктіге бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге жазасын бекітті”, – деп мәлімдеді Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігін «Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындау» қолданып, ең төменгі жаза тағайындағанын атап өтті. Баптың санкциясы жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.