Төлеби ауданында Рухани келісім күніне орай «Мәуліт Төлебиден басталады» тақырыбымен мерекелік жиын өтті.
Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың туған мезгіліне орай мәуліт мерекесі бүкіл Қазақстанда 1 ай бойы аталып өтіледі. Мереке құрметіне орай, түрлі діни іс-шаралар ұйымдастырылып, халықтың дінге құрметі, пайғамбармызға деген сүйіспеншілігі арта түседі.
Мерекелік жиында ислам діні бойынша, бұл мерекенің маңызы Мұхаммед пайғамбардың өмірі насихатталып, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және жақсылыққа тәрбиелеуге арналған әңгімелер айтылды.
Ислам дінінің асыл құндылықтарын дәріптеуге бағытталған жиында аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов жастарды имандылыққа тәрбиелеп, олардың бойына бауырмалдық, адамгершілік, ата-ананы құрметтеу қасиеттерін сіңіру және оларды түрлі теріс қылықтардан бойларын аулақ ұстауға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға шақырды.
Сондай-ақ бұл күні Төлеби ауданының татулығы мен тұрақтылығы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты мен аудандық мәслихаттың Грамотасын тапсырылды.
Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлық, ал тұрақтылық – елдің тұғыры екені анық. Бұл мерейлі күн жыл сайын облыс, аудан көлемінде жоғары деңгейде атап өтіліп келеді. Сол дәстүр биыл Төлеби ауданда да жалғасын тауып, мерекелік жиында аудан аумағындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында іскерлік қабілетін жоғары деңгейде көрсете білгендер марапатқа ие болып, оларға құрмет көрсетілді.
Бөлісу