Түлкібас ауданында алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ,-деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі. Аталған ақпаратты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеген.
«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Нұржан Жақсылықұлы.
Аудан әкімі брифингте туризм саласының әлеуетін де атап өтті. Жалпы 6 айда ауданға 5 700 турист келген. Қазіргі таңда табиғаты әсем аймақта 36 туристік нысан жұмыс істейді екен. Туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда 12,4 млрд теңгелік 8 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп, жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Түлкібас ауданында 2 ауылдық округ таңдап алынып, өсімдік, мал, өз кәсібін ашу, балық, құс шаруашылығын дамыту үшін кооперативтер құрылған.
«Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдіріпті. Қабылданған жобалар саны — 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер — 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.»- деді аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов.
Бөлісу