«Түлкібас әк зауытында» 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Түлкібас ауданында үздіксіз және жоспарлы түрде жұмыс істеп келе жатқан мекеменің бірі — Түлкібас әк зауыты. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы 22 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда зауытта 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Түлкібас әк зауыты» ЖШС 2021 жылы 43 млн. теңгеге жаңадан әк сындыру жүйесін іске қосқан. Алдағы уақытта мекеме басшылығы зауытты қайта құрылымдаудан өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

— Өндірілген өнімді бүкіл Қазақстан бойынша жөнелтеміз. Сонымен қатар, Қырғызстанға да экспорттаймыз. Биылдан бастап Өзбекстаннан да сұраныс түсуде. Бұйыртса, көршілес тағы бір мемлекетке өнімдерді шығармақпыз. Шетелдік зауыттар жаңа технологиямен қамтылған, сондықтан оларға бірінші сұрыптағы әк керек. Біз егер сол талаптарға сәйкес өнімдерді шығарсақ, өте жақсы болар еді. Тиісінше, жергілікті өңірдің экономикасы да қосатын үлесіміз арта түсетін еді. Бүгінде зауытта 100 адам тұрақты жұмыс жасап жатыр. Егер  зауыттың ауқымы кеңейіп жатса , қосымша тағы да жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндігіміз болады. Бұл бағытта, мемлекеттік бағдарламалардың аясында жобаларды жүзеге асыру мен бірқатар жоспарларымыз да бар.» — дейді «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нің бас директоры Перизат Әбдібекова.

 

 

 

 

Айта кетейік, Түлкібас ауданында алдағы үш жылда өнеркәсіп саласы бойынша 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында, 3685 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіліп отыр. Жобалар жүйелі түрде іске асатын болса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 127,6 млрд. теңгеге жетіп, салық түсімі 21,9 млрд. теңгеге артады деп көзделіп отыр. Ал, қазірдің өзінде Түлкібас ауданында 4 орта, 26 кіші және 6 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Атап айтар болсақ тамақ өнеркәсібінде 10, құрылыс материалдары өнімдерін өндіру саласында 8, кен өндіру саласында 6 және өндірістің басқа да түрлерімен 8 мекеме айналысуда.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recipe Rating




Рейтинг*