2023 жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 158 дерек тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 42 дерекке өскен, — деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы өңір көлемінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының кезекті отырысында айтылды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Әмірбековтің айтуынша Түркістан облысында есірткі контрабандасы 7-ден 58 фактіге артқан. Заңсыз айналым барысында 105 кг 647 гр есірткі тәркіленіпті. Ал, 2022-2023 жылдарына арналған бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары мен студент жастар арасында 22 мыңнан астам қатысқан 44 нашақорлыққа және есірткіге қарсы шара өтізілген.
Айта кетейік, аталған штабқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық етеді.