ОСК сағат 20.10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпаратты жариялады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Алматы, Астана, Шымкентте сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беруге келмеген. Өңірлер бойынша жалпы ақпарат келесідей:
- Абай облысы бойынша – 57,02%;
- Ақмола облысы бойынша – 60,01%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%;
- Алматы облысы бойынша – 60,03%;
- Атырау облысы бойынша – 50,22%;
- Жамбыл облысы бойынша – 65,21%;
- Жетісу облысы бойынша – 55,32%;
- Қарағанды облысы бойынша – 59,48%;
- Қостанай облысы бойынша – 65,10%;
- Қызылорда облысы бойынша – 66,46%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 54,08%;
- Павлодар облысы бойынша – 58,68%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%;
- Түркістан облысы бойынша – 53,01%;
- Ұлытау облысы бойынша – 58,99%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%;
- Астана қаласы бойынша – 42,91%;
- Алматы қаласы бойынша – 25,82%;
- Шымкент қаласы бойынша – 45,46%.
Бөлісу