Түлкібас: “Күміс Жас” бағдарламасымен тұрақты жұмысқа орналасты

2023 жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады.  Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, Түркістан облысы әкімінің бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланған. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса,   37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Биылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жүзеге асырылуда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Бүгінде, «Күміс жас» бағдарламасы зейнет жасына таяған азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба аясында былтыр 3080 адам жұмысқа орналасқан.  Оның 516-сы – түркістандық. Яғни, Түркістан облысы ең көп жұмыспен қамтылғандар қатарына енгізілген. Ал, өңірде биыл «Күміс жас» жобасы арқылы 1656 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша тұрақты қызметке орналасқандардың бірі, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Құлназаров Нұржан Орынбайұлы. Ол 2022 жылдың 21- ші шілдесі күні “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп,  “Мыңбұлақ“ шаруа қожалығына Биогумус өнімдерін өндіру бойынша аграном болып жұмысқа жолданған болатын. Ал, 2023 жылдың 21 шілесінде аталған мекемеге тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.

 

– Соңғы жылдары белгілі бір себептермен жұмыссыз қалып қойдым. Осындай бағдарлама бар екенін естіген соң, қатысып көруді жөн санадым. Түлкібас ауданындағы мамандардың нұсқауымен  жұмысқа қабылдандым. Жұмыс қиын емес, өте ыңғайлы, өзіме ұнайды. Бастысы еңбек ете білу керек.  Еңбектенбей, өзгелерден көмек күтетін адамдарға айтарым, мемлекет осындай игі  бағдарламаларды шығарып жатқан кезде мүмкіндіктерді пайдалану керек. «Күміс жас» жобасының елге берер пайдасы мол деп білемін. Жұмыссыз жүрген замандастарыма осы бағдарламаға қатысуға кеңес берер едім. – дейді «Күміс жас» жобасының қатысушысы Нұржан Орынбайұлы.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағидаларға бірқатар өзгеріс енгізіліп, жобаға 50 жасқа толған азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толмаған адам кемінде 1 жыл мерзімге жұмыспен қамтылса, 58 жастан асқандарға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс беруші айлық мөлшерінің 30%-ын, ал қалғанын мемлекет тарапы төлеп отырады.

Түркістан облысында жер телімін ортақ жайылымға қайтару туралы Қаулы қабылданды

«AMANAT» партиясы фракция мүшелерінің ықпалымен 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтаруға Сауран ауданы әкімдігінің Қаулысы шықты.
«AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық штабтың Түркістан облысына жасаған сапары барысында Сауран ауданы, Шаға ауылының тұрғындары тарапынан жер мәселесіне, тұрғындардың тұрып жатқан 203 үйдің заңдастырылмағаны мемлекеттік актісі алынбағаны жөнінде өтініштер айтылған болатын. Шаға елді мекенінде 1529 тұрғын тұрады, жер телімі 112,46 гектарды құрайды.
«Жер аманаты» аймақтық комиссиясы өтініштерді талдай келе ауылдық округтегі 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтару үшін, тұрғындардың тұрып жатқан мемлекеттік актісі жоқ 203 үйдің заңдастыру үшін Сауран ауданы, Шаға ауылы шекарасын 182,27 гектарға кеңейту қажет деп Сауран ауданы әкіміне ұсыныс берді.
«AMANAT» партиясы фракция мүшелерінің ықпалымен 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтаруға Сауран ауданы әкімдігінің Қаулысы шықты.
Ал 203 тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыру үшін Сауран аудандық мәслихатының шешімі шығып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сауран ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдық округтердің (Шаға, Майдантал, Бабайқорған) бұзылған жолдарын жөндеуге, істен шыққан тансформаторды, ауызсу тарату насостары мен электр желілерін, көмілген газ құбырының шұңқырларын қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Партиялық бақылау комиссияларының міндеттері нақтыланды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық, аудандық, қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау Комиссиялары төрағалары, мүшелері мен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Еркін форматта өткен басқосу мақсаты партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылау, тәжірибе алмасу.  Семинарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы  Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы жүргізді.

Семинар отырысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Уалихан Рахиев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 1 мәселе талқыланды. Ол партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылап алу, тәжірибе алмасу.

Еркін форматта өткен семинарда аудандық, қалалық Комиссиялармен атқарылатын жұмыстардағы негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде, Комиссиялармен атқарылатын жұмыстарды БАҚ-да және әлеуметтік желілерде орналастыру бойынша және Созақ, Бәйдібек аудандарының партиялық бақылау комиссиясымен жүргізілген жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, семинар соңында партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Алтайұлы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Уалихан Рысбекұлы сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы, семинарға қатысушыларға партияның Орталық Аппаратынан келген хаттамалық тапсырмалармен таныстырды.

Сондай-ақ , партия төрағасы барлық бақылау комиссиялары төрағаларына тұрақты түрде отырыстарда Жол Картасына енген өзекті нысандар бойынша қарауды, Комиссия төрағаларының БАҚ-да сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізулерін күшейту, тиісті мекемелермен бірлесіп семинар кеңестер мен дөңгөлек үстелдер өткізуді  және бақылау комиссияларының кемінде тоқсанына бір рет міндетті түрде отырысын өткізіп отыру сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді