Архив за день: 12 сентября, 2023
Түлкібас: Бес баланың әкесі өз шаруашылығын өркендетіп отыр
Балықты ауылдық округіне қарасты Көкбұлақ ауылының тумасы, бес баланың әкесі Әбдіқадыров Ерлан есімді азамат «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниет білдіріп, 2,5 пайызбен 7 000 000 млн теңге көлемінде несие алған. Алғашында «Балық» шаруашылығына қызығушылық танытып, кейіннен мал шаруашылығына бет бұрған. Ағымдағы жылдың тамыз айында өтінімі мақұлданып қабылданған соң, қаржыны мақсатты пайдалану үшін 12 бас жылқы алып, өз шаруашылығын бастап отыр. Ерлан Әбдіқадыров мақсаты жылқы санының басын көбейтіп, кәсіп көзіне айналдыру.
«Бүгінгі таңда, ауыл тұрғындарына жақсы көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысы да ауылдарды өркендету, дамыту, тұрғындарына қолайлы жағдай жасауды үнемі айтып келеді. Бұл «Ауыл аманаты» жобасының берері мол деп білемін. Тек істің көзін таба білу керек, сонда ғана табыс көбейеді. Бастапқыда балық шаруашылығын бастауды ойлағанмын, кейін отбасы, туған-туыспен ақылдасып жылқы, яғни бие асырауды жөн деп санадық. Қазақ халқы қашанда жылқыны серік еткен ғой. Сондықтан бізде осындай шешім қабылдадық. Енді алдағы уақытта жылқы санын көбейтіп, биелерден саумал, қымыз алуға болады. Тағы да басқа жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік алып отырмыз. Мемлекеттің мұндай қолдауына ризашылығымды білдіремін», дейді Көкбұлақ ауылының тұрғыны Ерлан Әбдіқадыров
Түлкібас: Абай ауылының тұрғыны өз кәсібін бастады
«Қазіргі таңда, елімізде еңбек етемін деген адамға мемлекеттен қолдаулар өте көп. Тек жалқау болмау керек деп ойлаймын. Жеңілдетілген несиелер де беріліп жатыр. Құс шаруашылығын бастау иядеясын жүзеге асыру менің арманым еді, енді қазір кәсібіме айналып отыр. Мақсатым да бар. Осы істі өркендетіп, табысымды арттырып, жаңа бастамаларды қолға алсам деген ниеттемін», дейді Ерлан Нақыпбеков
Түлкібас: Мансап орталығының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Түлкібас аудандық Мансап орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы және орталықтың қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты шараларды қабылдап келеді. Олар халыққа “2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы “ туралы , “Жастарға арналған 2,5 пайызды несие” және “Атаулы әлеуметтік көмек” бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге күнге дейін жұмысшы топ Шақпақ, Жабағылы, Кемербастау ауылдық округтері мен Түлкібас кентінде болды. Сонымен қатар Машат, Келтемашат, Майлыкент, Жаскешу, Балықты, Арыс, Ақбиік, Рысқұлов, Тастұмсық, Мичурин ауылдық округтері және Састөбе кентінде де тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жиында Мансап орталығының мамандары жалпы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қалай жүзеге асатынын атап өтті.
Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары іске асырылады. Бірінші жұмысы және табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына тікелей немесе «электрондық үкімет» веб-порталы және «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле алады. Үш жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде тұрған адам жұмыссыз мәртебесіне ие болады. Жұмыссыз мәртебесіне ие болған адамдар мамандықтарына немесе жас мөлшеріне қарай уақытша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін мемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер (ауылдық округ әкімшіліктері, бөлімдер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер) электронды еңбек биржасы арқылы тапсырыс бере алады. Берілген тапсырыстарды жергілікті атқарушы орган қарап, оң немесе теріс шешім шығарады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі — қоғамдық жұмыс.
Қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар 12 айға дейін қатыса алады. Қоғамдық жұмысқа басым бағыт мамандығы жоқ жұмыссыздар болып табылады. Қоғамдық жұмысқа жеке секторлар да жұмысшы алуға болады. Жалақы мөлшері 70 000 теңге.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Ал, қысқа мерзімдік курсқа жұмыс берушілдердің тапсырысы негізінде жұмыссыз адамдар оқытылып, сол мамандықтары бойынша тұрақта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан жұмыссызға ай сайын 21 787 теңге шәкірт ақы, медасмотрден өтуге 2 АЕК (6900 тг), жол шығынына (ары-бергі шет жақ ауылдар үшін ) 4 АЕК(13 800тг), алыс елді мекендерден келіп оқитындар үшін жатақхана шығынына ай сайын 10 АЕК (34 500 тг) төленеді.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
- Денсаулығы бойынша медициналық анықтамасы.
Әлеуметтік жұмыс орны – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны. Жалақының субсидияланатын мөлшері 35%-ды құрайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды. Мерзімі 12 айға дейін.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Жастар практикасы меңгерген мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды. Жалақысы 30 АЕК (103500 тг. қолдарына 79811 тг).
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмыс берушілерге жіберілетін 29 жасқа дейінгі орта білімі бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Мемлекет тарапынан ай сайын жұмысшыға 30 АЕК (103500 тг.қолдарына 79811 тг) субсидия мақсатында жалақы төленеді. Қатысу мерзімі бойынша 18 айдан аспайды және қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін келісім шарт бойынша жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Күміс жас жобасына 50 жастан асқан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз адамдар 3 жыл мерзімге қатыса алады.Мемлекет тарапынан 1 жылы жалақының 70%-ы 30 АЕК-ке дейін (103500тг), 2 жылы 65%-ы 30 АЕК-ке дейін, 3 жылы 60%-ы 30 АЕК-ке дейін субсидияланады. Жұмыс беруші келісімшарт аяқталғаннан кейін қатысушыны зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдауы тиіс.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Ұрпақтар келісімшарты жобасына соңғы 2 жыл ішінде орта және жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 29 жасқа дейінгі жастар мамандығына сәйкес қатыса алады. Мерзімі 6 айға дейін, жалақы 30 АЕК (103500тг. қолдарына 79811 тг). Жұмыс беруші 6 ай мерзімге зейнеткерлікке шығатын адамды тәлімгер ретінде тағайындайды. Тәлімгер зейнеткерлікке шыққан кезде қатысушы тұрақты жұмысқа қабылдануы тиіс.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
«ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН-СӨРЕГЕ»
Түлкібас: Павлодар облысынан жұмысшы топ келді
БАСТЫ МАҚСАТ – КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ
Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында меморандум түзілген. Екі жақты келісім бойынша қос тарап көпбалалы мұқтаж отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ-не арнайы барып, кәсіпкерлермен жүздесті. Жанұя орталығының директоры Жібек Әшірхантегі Асылан Сейілбекұлын мекемеде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Кездесу барысында палатының жанынан ашылған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен тығыз жұмыс жүргізу жөнінде сөз болды.
«Аз қамтылған, мүгедектігі бар жандарды тәрбиелеп отырған және көпбалалы толық емес отбасылардың мұқтаждықтарын анықтау, кеңес беру, отбасы мүшелерін тұрмыстық депресиядан шығару үшін психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу шараларына қатыстыру, оқу курстарын ұйымдастыру, құқықтық кеңес беру, демеушілер есебінен қолдау көрсету бағытында қызмет көрсетудеміз. Бүгінде 240 азаматша оқу курстарын аяқтап, 8-і мемлекеттік грант иегері атанды. Ал 20 ана қаладағы мейрамхана мен сұлулық салондарына жұмысқа орналасты. Аспаздық курсын бітірген 12 анамыз үйден жартылай фабрикат жасап, тігін курсын бітірген 17 ана тойбастар жасап, үйінде табыс тауып отыр»,- деді Жібек Маштайқызы.
Аталған орталықта тегін оқу курстарына қатысып жүрген азаматшаларға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының мамандары «Шағын және орта кәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары» және кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің, сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасына тіркелуге көмектесіп, мемлекеттік гранттар мен төмен пайыздық жеңілдетілген несиелер алу бойынша тегін консультация берілуде.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ