ТҮРКІСТАННАН «БІРЛІК КЕРУЕНІ» ЕЛОРДАҒА АТТАНДЫ

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, торсықты теңге ілуден ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, Әлем чемпионы, ҚР чемпионатының 10 дүркін, Ересектер арасында ҚР чемпионатының 15 дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі Ғалымжан Изжановқа тапсырды. Қатысушыларға жеңіс тіледі.

– Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өту бағыты спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, маңызды шараның өтуіне өңір спортшылары ғана емес, мәдениет және ғылым өкілдері де атсалысатын болады. Бұл жобада әр облыстың белігілі спортшылары бастаған керуен жергілікті жердегі қасиетті бұлақтар мен құдықтардан су алып, арнайы торсықпен Астана қаласына жеткізетін болады.

Осыған орай, су алу рәсімін өткізуде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықханабұлақ көзі таңдалып отыр.Қазір ғана біздің спортшыларымыз бастаған арнайы топ құдықхана ішінен су алып, алдарыңызға келді.

Мен осы орайда, көшпенділер ойындары өтетін негізгі алаңға облыстың ыстық сәлемін, қасиетті суды жеткізетін керуенге сәттілік тілеймін! Бұл додада ел намысын қорғайтын облыс спортшылары қуантарлық нәтиже көрсетеді деп сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрі бойынша өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ. Оның ішінде спорттың 13 түрі бойынша Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІ ІРІКТЕЛДІ

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде республикалық өңірлік кадрлық резевтерге іріктеу басталған болатын. Республика бойынша 11 мыңнан астам адам кандидат болу үшін өтініш тапсырған. Ал Түркістан облысынан іріктеуге қатысу үшін 634 адам құжат тапсырған. Қазіргі таңда 30 адам өңірлік кадр резервіне қабылданды. Бұл туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агентігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Дархан Суртеков мәлімдеді.

«Жобаның негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді өңірлік комиссия мүшелері жүргізеді. Ал қатысушыларға қойылар негізгі талаптар — 35 жастан аспаған,жоғары білімді және
3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Үміткерлер индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру бағыттары бойынша таңдалатын болады. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар арнайы тестілеуден және сұхбаттасудан өтеді. Өңірлік резервтерге іріктелген азаматтардың тізімі Түркістан облысы әкімі аппаратының және Агенттіктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланды. Өңірлік резервте болу мерзімі — 2 жыл», — деді спикер.

АТА ЗАҢДЫ ТҮСІНІП ТЕРЕҢ ҰҒЫНУ  ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Кез-келген елдің  халқына кепілдік беретін Конституциясы бар. Қазақ қазақ атанғалы далы заңы үстемдік құрған. «Жеті жарғымыз» әділдікті арқау еткен. Кеңес дәуірінен соң елімізде 1993 жылы  28 қаңтарда Жоғарғы кеңес Қазақстан республикасының Конституциясына дауыс берді. Алайда, кеңестік психологияның кейбір элементтерінен арыла алмаған бұл құжат ел талабына жауап бере алмады. Осыдан барып 1995 жылдың  сәуірінде Әділет министрі Нағашыбай Шайкенов бастаған арнайы жұмысшы тобы құрылып, жаңа Конституцияның жобасы  арнайы құрылған консультативтік кеңеске заңдық баға беру үшін ұсынылды. Ал сол жылы 30 маусымда бүкілхалықтық талқылауға шығарылып,  мәтінге 1100 түзету енгізілді.1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум өтіп дауыс берген азаматтардың 89,1%-ы Жаңа Конституцияны қолдады. Алғашқы  Тәуелсіз Қазақстанның 1995 жылғы қабылданған Конституциясы мемлекеттік биліктің тиімділігін  арттыруға, кеңестік саясаттан ажырауға бағытталып, президенттік басқару нысанына өтудің заңды құжаты болды. Содан бері Конституциямызға 5 рет түзетулер мен өзгерістер енгізіліпті. Бұл заңдылық. Заман өзгереді, заң өзгереді деген аталы сөздің түйіні,  ел жұрт сұранысына жауабы. Оның үстіне  біздің мемлекетіміз басқа батыс, шығыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым жас мемлекет.

1998 жылы 19 бапқа  өзгеріс енгізіліп, аралас сайлау жүйесі пайда болып, Мәжіліс депутаттарының саны пропорционалды партиялық тізімдер бойынша  сайлауда жеңіп шыққан саяси партияларға берілетін 10 мандатқа ұлғайтылды. 2007 жылғы өзгертулер 40 бапқа тиесілі болып. өлім жазасын қолдану шектері шектелді, қамауға алуға және қамауда ұстауға тек соттың санкция беруі белгіленді.

Парламенттің өкілеттігі кеңейтілді, депутаттарының саны ұлғайтылды, оларды сайлау тәртібі мен олардың мандатын тоқтату негіздері жетілдірілді. Премьер-Министрді парламенттік көпшілік дауыспен бекіту туралы норманы және Үкімет басшысын тағайындау кезінде Президенттің партия фракцияларымен консультациялар рәсімін енгізу арқылы Парламент мәртебесі нығайтылды.

Пропорционалды сайлау жүйесіне көшу бекітілді. Президенттік өкілеттік мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқарды.

Конституцияда «Тұңғыш Президент» деген  ұғым пайда  болып, президенттікке кандидаттар үшін соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрақты тұруы , Қазақстан халқы Ассамблеясы  өз өкілдерін Мәжіліс пен Сенатқа жіберу құқығын алды.

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің конституциялық негіздерін белгілеуге бағытталған түзетулер  2011 жылы енгізілді.

Пропорционалды сайлау жүйесіне көшу бекітілді. Президенттік өкілеттік мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқарды.

Сондай-ақ президенттікке кандидаттар үшін соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрақты тұруға қатысты жаңа талап жазылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты өзгеріске келсек, Ассамблея өз өкілдерін Мәжіліс пен Сенатқа жіберу құқығына ие  болды.

2011 жыл

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің конституциялық негіздерін белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді.

2017 жылы 25 бапқа өзгеріс енгізіліп, Президенттің жекелеген өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру, Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының Төрағаларымен консультациялардан кейін кез келген мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату құқығына ие болды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау тәртібі өзгерді. Бұл мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру Президенттің ұсынуы бойынша мәслихаттардың келісімімен жүзеге асырылатын болды.

Астана шегінде қаржы саласында ерекше құқық режимі орнатылды.

2019 жылғы Конституцияға өзгеріс енгізу астана атауының «Астанадан»
«Нұр-Сұлтанға» өзгеруіне байланысты болды.

Мемлекет Басшысы  Республикалық  Референдум туралы заңның  18  бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа 2022 жылы қол қойды. Республикалық референдум туралы заң  IV-тараудан,37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар  стратегиялық  болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет екені түсінікті.Референдум дауыс берудің  ең демократиялық  түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді,ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы.  Заңның барша жұртқа тиімді қызмет етуінің жаңа дәуірі әділеттік дәуірі басталды.

Референдум арқылы өзгертілген Конституциямызда  ешқандай бір тармақта, не бапта  Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген,қайта Суперпрезиденттік  басқарудан біртіндеп көшіп  ықпалды Парламент мәртебесін көтеру, және Президенттің  өкілеттігі  жөнініде әділдік сипат бар,қайта  43 бапқа 2 тармақ қосылды  Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партияға мүше бола алмайды,Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлардың басшысы бола алмайды  деген толықтыру халықтың көңілінен шыққан,  билік пен халықтың арасындағы алшақтықты азайтуға жасалған нақты қадам екенін дүйім жұрт түсінеді.

Әділ өзгеріс, бүкіл азаматтық қоғам институттарына  бірдей әділ  көзқарас.  Әділ көзқарас болған жерде тепе-теңдік сақталып, әділдік принциптері жұмыс жасайды. Сонда ғана ел сеніп көшбасшы соңынан  халық ереді.Ой қозғай отырып  саяси жүйе жаңғырады,заңдар  тиімді жұмыс жасай бастағанда ғана   алға қойған нәтижеге жетеміз.

Партияларды тіркеу  үрдісіндегі  тіркеу шегін 20 мыңнан  5 мың мүшеге дейін төмендетуі көппартиялық мүмкіндікті жоғарылатты,оған дәлел биылғы Мәжілістің көппартиялық құрамы,  Мәжіліске  6 партия өкілдерінің енуі.Осының бәрі азаматтық әділ қоғам орнатудағы жасалған  теңсіздікті  жоюдағы нақты әрекеттер ғана емес, бәсекелестіктің жоғарғы сатысына алып баратын баспалдақтар. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттарда аралас сайлау жүйесін      (мажориталық-пропорциональдық 50/50) және бірмандандаттықты   енгізу, ал аудандық,қалалық мәслихаттарда  толығымен мажоритарлық жүйені енгізу   жұртшылықтан қолдау таптқанын ел ішін аралап күнделікті тұрғындармен кездескенде көріп жүрміз.                                                                                                   2021 жылдары  облыстық мәслихаты болып сайланған кезімде көптеген партияда жоқ белсенді азаматтардың депутат болғысы келетінін өз құлағыммен естіген  болатынмын. Жаңа саяси жүйе осы сұраныстың жауабы болды. Азаматтық қоғам арасында  Сайлау жұйесіндегі оң өзгерістер әсіресе партияда мүше емес азаматтар үшін  тиімді, бұл тұста барлық азаматтардың   құқықтары сақталып әділетті  саяси жүйе қалыптасады.

Расында да бұл сайлау процесін жаңғыртудағы жұртшылықтың ойында жүрген, бойын мазалаған ойлар болатын. Сайлау жұйесінде аралас жүйенің қайтадан  жаңғыруы ел арасында  үлкен ризашылық тудырды.

Саяси жүйе дұрыс жұмыс жасағанда  экономикалық,әлеуметтік даму  процестері өз арнасымен  жұмыс жасап. халықтың әл аухаты жақсаратын болады. Бұрын экономика экономика деп саяси жүйеге аса мән берілмеді деген ойлардың қоғамда болғаны жасырын емес. Барлық реформалар елдің дамуы үшін, халықтың қамы үшін  жасалуы тиіс. Ой жақсармай күй жақсармайды. Қазақстанда  адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси  жүйе де жаңғыруда, мінберден шындықты ту етіп  өзекті мәселелерді көтеретін жаңа белсенді азаматтар легі  пайда болды. Бұл д оңды құбылыс  Конституцияның тиімділігін көрсетуде.

VII бөлімде Конституциялық сот   құрылымы туралы  толықтыру бар. Қоғамда сотқа сенімсіз күмәнмен  қарау орын алғаны ешкімге жасырын емес. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы  жөніндегі уәкіл ие болуы,. сондай-ақ, 83 бапта  Адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі конституциялық заңмен айқындалуы қуантады..

Жұртшылықты қызықтырған  бір  мәселе -Жер мәселесі. Конституцияның 6-шы бабы 3–тармағында «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса, ұсынылатын нұсқада  «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет  халық  атынан  меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген.

Жер мәселесі демекші «AMANAT » партиясының «Жер аманаты» жобасы аясында  игерілмей жатқан жайылымдық жерлердің мемлекетке қайтарылып, шаруаларға бөлініп берілуі, заңсыз иемденген жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылуы да заң аясында атқарылып жатқан , осы Конституцияның тиімділігін көрсететін айғақтар.    Ата заңның   барлық  тармақтары азаматтардың қоғамда еркін өмір сүруіне, мемлекетті нығайтуына, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған. Конституцияны  тек қана  судыратып оқып  қана қоймай  терең түсініп байыппен ұғып   Ата заңымыздың  адам құқығын, бостандығын  қорғайтын негізгі заң екендігі  екенін   ел ішінде  таратуымыз керек.

Ата заңның  тиімділігі де, өміршеңдігі де   халық сұранысына жауап беруінде жатыр.

 

Жантөреева Қалыйма — «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының

орынбасары, блыстық маслихат депутаты 

ТҮРКІСТАНДА ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістанда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңірдің жетістіктері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар тұрғындарды мерекемен құттықтады.
– Сіздерді еліміздің маңызды мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – дербестігіміз бен даралығымыздың айғағы, елдігіміз бен ерлігіміздің байрағы. Мемлекеттігіміздің кешегісі мен келешегінің кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Осы маңызды істерді атқаруға үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады және ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағытымыздың бірі. Еліміз бұдан әрі дамуы үшін әрбір азамат Ата заңымыздың ұстанымын қатаң сақтай отырып, еңбек ете білуі тиіс. Бұл ретте, «Еңбек адамы» бейнесін насихаттау болашақ ұрпақ үшін таптырмас үлгі болары хақ. Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! – деді облыс әкімі.
«Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен іс-шарада өңір басшысы бірқатар азаматтарды марапаттады. «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі сынды мемлекеттік наградаларын табыстады. Сонымен қатар облыстың Құрметті азаматы атағын тапсырды. Оның ішінде қоғам қайраткері, Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш төрағасы, құрметті муфти Рәтбек қажы және мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбек сіңірген, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар бар.
Салтанатты жиын әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Онда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, эстрада жұлдызы Айдар Тұрғамбек, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Тәженова, «Turan Boys» тобы, Руслан Ахымбеков, Айзада Асылхан, Махмуд Уримбаев, Сұлтан Бекмырза, Сәндібек Аманов, Гүлзина Жақсылық,«Фараб» және «Бисұлтан» би ансамблі, «Jana lep!» өнер ұжымы, «АКА» балалар шығармашылық орталығы өнер көрсетті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Түркістан облысында ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар барысында көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтар, скверлер, аллеялар және автожолдар қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, арам шөптер шабылып, қураған ағаштар бұталды. Одан бөлек, көше бойындағы арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді. Нәтижесінде өңірдегі тазалық шараларына 11 мыңнан астам азамат пен 174 техника жұмылдырылып, 600 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Тарқата айтсақ, тазалық шаралары кезінде Кентау қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартты. Оған қала кәсіпкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, қалалық емхана және аурухана қызметкерлері, білім бөліміне қарасты мекемелер, барлық қала әкімдігіне қарасты сала қызметкерлерінен құралған 2000- ға жуық адам жұмылдырылған.
Одан бөлек, мереке қарсаңында Жетісайда мемлекеттік қызметкерлер мен ерікті жастардың және жергілікті тұрғындардың қатысуымен тазалық шаралары өтті. Атқарылған жұмыстарға аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінен 800-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған.
Бұдан бөлек, Отырар ауданы аумағындағы елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында жалпыхалықтық сенбіліктер өтуде. Тазалық шаралары аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде ұйымдастырылуда. Сенбілік жұмыстарына «Отырар – 2050» көгалдандыру мекемесінің арнайы техникаларымен қатар жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен қоқыс шығаратын көліктер тартылған.

ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

Құрметті ағайын, бүгінгі Конституция күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Көк байрағымыз көгімізде желбіреп, аспанымыз ашық жұртымыз аман болғай!

Ата заң — еліміздің барлық жетістіктердің бастауы десек, халқымыз үшін жөні бөлек осынау мереке қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының атынан арнайы марапат табыстадық. Бұл бейбіт күннің батырларын дәріптеу, сала мамандарын ынталандыру мақсатындағы «Алтын медаль» төсбелгісі. Міне, осы марапатқа өңіріміздегі бірнеше сала қызметкерлері арасында патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәулет Сағынбаев лайық деп табылды.


Айтулы мереке қарсаңында Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысы Мұрат Талапұлының қатысуымен өткен мерекелік шарада аталған марапатымызды өз иесіне салтанатты түрде табыстадық.

Кейіпкеріміз қандай ерлік көрсетті десеңіз оқиға қысқаша былай өрбіген: «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер, күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды. Мән-жайды анықтай келе Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Д.Сағынбаев суға секіріп, әріптесі Н.Сапархан екеуі батып бара жатқан ер адамды жағаға алып шығады. Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны суға кеткен малын құтқарамын деп өзі шыға алмай қалған.


Өз өмірін қатерге тігіп, қызметіне адалдық танытатын мұндай азаматтар қашан да құрметке лайық. Бұл ретте Қазақстан Журналистер одағының бейбіт күннің батырларына арнап тағайындаған «Алтын медаль» жыл сайын еліміздің әр өңірінде ерлік танытқан бір азаматқа тапсырылатын болады.

Ендеше Мұрат Қабденов ағамыз бастаған түркістандық полицейлерге абырой биігінен көріне беріңіздер дейміз.

Айта кетерлігі, сол жиында өңіріміздегі бас полицей әріптестерін құттықтап, қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерінің жақындарына ерекше ілтипатпен құрмет көрсетті.


Мәлік Дәулетов — Қазақстан Журналистер одағы, Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, «Түркістан» газетінің директоры.