Түркістан облысында шегіртке мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тұрақты бақылауында. Қазіргі таңда өңірдегі866,7 гектар жер зерттеліп, оның 359,8 мың гектары өңделген.
Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау және өзекті мәселелерді талқылау мақсатында облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Келес ауданындағы Бірлік ауылдық округіне арнайы барды. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев пен жауапты мамандар аймақтағы қазіргі ахуалды баяндап берді.
Шегірткеге қарсы күрес бойынша Келес ауданында 17 сектор белгіленіп, 85 бүрку техникасы бөлінген. Жұмысшы топтар 123 аспалы бүріккішпен қамтылып, 447 анықтаушы залалсыздандыру шарасына жұмылдырылған. Аймақтарда орналасқан шаруа қожалық иелері де бұл науқанға өз үлестерін қосып жатыр.
Мамандардың мәлімдеуінше зиянкестермен күреске Арыс қаласы бойынша Қожатоғай, Ақдала, Монтайтас, Дермене ауыл округтеріне 22 жұмысшы топ, Сарыағаш ауданы бойынша Әлімтау, Дарбаза, Жылға, Тегісшіл, Қызылжар, Дербісек, Жібек жолы, Ақжар ауыл округтеріне 15 жұмысшы топ, Келес ауданы бойынша Бірлік, Жамбыл, Бозай, Ошақты, Ақтөбе, Біртілек, Қошқарата ауыл аймақтарына 17 жұмысшы топ жұмылдырылуда.
Соңғы мәліметтер бойынша дернәсілдер анықталған аймақтар бойынша Арыста – 46, Келесте – 26, Сарыағашта 13 техника алқаптарды дәрілеуге қатысуда. Жауаптылар зиянкестерге қарсы дәрі мен су және жанар-жағармай тасымалы жеткілікті екенін мәлімдеді.
Түркістан облысы, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы, «Байтемір» спорт кешенінде, 2025ж мамыр айының 09-11 күндері аралығында, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Ұлы жеңіс! Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» және «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен еркін күрестен 2008-2009, 2010-2012, 2013-2014 жылдардағы жасөспірімдер арасында “Байтемір” спорт кешенінің облыстық ашық біріншілігі өтті.
Дүбірлі сайысқа облыс көлеміндегі Жетісай, Келес, Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарынан сонымен қатар, көршілес Жамбыл облысынан, барлығы 500-ден астам жасөспірім палуандары қатысты.
Өте тартысты өткен палуандар сайысына қатысқан, Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, жақсы нәтижелерге жетті. Атап айтқанда олар: Каширин Ахан 29 кг – І орын, Сатаев Мухаммед 32 кг – І орын, Құрақбек Алинұр 38 кг – І орын, Байдәулет Мейрамбек 32 кг – І орын, Мырзакерім Аңсар 38 кг – І орын, Валиев Зеитхан 52 кг – І орын. Сонымен қатар, Валиев Мавлюд 41 кг – ІІ орын,Мырзакерім Қайсар 32 кг – ІІ орын,Каримбай Айдос 38 кг – ІІ орын иегері атанса, Сатаев Бахтияр 38 кг – III орын, Әмірбек Дәулет 35 кг – ІІІ орын, Талапбек Ерқанат кг – ІІІ орын, Асанбай Айдос 50 кг – ІІІ орын, Мықтыбай Рақымжан 50 кг – ІІІ орын, Ержан Дінислам 50 кг – ІІІ орын, Әзімхан Мағжан 32 кг – ІІІ орынға ие болып, спорт мектебінің шәкіртері жүлделі қоржынға 6-алтын, 3-күміс, 7-қола медаль салып, арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, өз салмақ дәрежесі бойынша бірінші орын алған жас спортшылар чемпиондық белбеуге ие болды.
«Біздің спортшылардың бойындағы басты қуантатын қасиет – өте еңбекқорлығы. Қазір еліміз спортшыларға үлкен қолдаулар танытып отыр. Мемлекеттен қолдаудың көп болғандығы себепті жеңіске деген құштарлық жоғары және жарысқа шығуға мүмкіндіктер ашылып жатыр. Осы орайда күрес жайында айта кететін болсам, күрес – қазақтың оң жамбасына келетін спорттың түрі. Әр күрес түрінің өзіндік ерекшелігі болады. Дегенмен, еркін күрес – күрестің ең қиын түрі деп ойлаймын. Өйткені мұнда бүкіл дене күреседі. Мысалы, грек-рим күресінде тек белден жоғары ұстап, түрегеп жүріп күрессең, ал еркін күресте барлық жерден ұстап күресуге рұқсат. Қарсыласың аяғыңды да, қолыңды да аңдып жүреді. Бұл барлық дене мүшелеріңнің ширақ болуын қажет етеді. Сондықтан бұл спорт түріне көп дайындық қерек. Дайындықтан бөлек әр спортшының бойында шынайы патриоттық сезім болуы керек деп ойлаймын. Жалпы, патриотизм – әр спортшының бойында болуға тиісті қасиет. Жарысқа шығар алдында үнемі елдің намысын арқалап бара жатқанын сезіну үлкен жауапкершілік. Халық үміт артып отырғанын сезіну керек. Сондықтан біздің, спортшылардың алдында бір ғана мақсат – көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатсақ деген арман тұрады. Мен өз шәкірттеріме ең бірінші мінезді болуды айтамын. Алға қойған мақсатынан қайтпайтын қайсар мінез болу қажет. Сосын тынымсыз еңбек керек. Жеңістің бәрі оңай келмейді, еңбекпен келеді. Спорт мектебінің шәкірттері қазір биік белестерді бағындырып жатыр. Жаттықтырушылардың да еңбегі орасан деп айта аламын. Ал еркін күреске келер болсақ, бұл спорт – олимпиадалық спорт түрі, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын жекпе-жек өнері, мысалы, лақтыру, тартып алу, серпілу, тағы басқа да әдістері бар. Жалпы бұл спорт түрінің мақсаты қарсыласты иыққа жығу. Аталған жарыста қарсыласын иыққа жығып, жеңіске жеткен біздің спортшыларға ризашылығымды білдіргім келеді.» – деді «Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ордабаев Ғани Оңғарұлы.
Өте тартысты өткен облыстық ашық турнирде, жатықтырушылардың орасан еңбегінің арқасында Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары командалық есепте ІІ орынды иеленді. Енді, жас спортшылар алдағы уақытта өтетін облыстық чемпионатқа жан-жақты дайындықпен барып, биіктен көрінуді мақсат етеді. Бұл күні турнирді жоғарғы деңгейде ұйымдастырған “Байтемір” спорт кешенінің ұжымына спортшылар өз алғыстарын да білдірді.