Инвестиция тарту – Түркістан облысының экономикалық өркендеуіне оң ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды. Президент инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті.

“Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін “дәл осы жерде және дәл қазір” қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты. Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс “, – деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу қажетін атап өтті. Әсіресе, халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларға баса назар аудару керектігін тапсырған болатын. Яғни, инвестиция тарту – өңірлердің әлеуметтік, экономикалық өркендеуіне оң ықпал етері сөзсіз.  Бұл бағытта, Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын жүзеге асыруды Түркістан облысының әкімдігі басты назарға алып, инвесторлармен жүйелі жоспарлар мен жобаларды іске асыруда. Яғни Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация шет елдік компаниялармен маңызыды келіссөздер жасауда.

Кезеті Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы бірқатар ірі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу кәсіпорындарымен де келіссөздер жүргізді. Сапар мақсаты – Президент тапсырмасына сәйкес шетелдік тікелей инвестицияларды тарту, ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды іске асыру және облыстың экспорттық әлеуетін арттыру. Делегация Циндао қаласында орналасқан «Wanlin Group» тобының құрамындағы компанияның өндіріс алаңында болды. Кәсіпорын мұздатылған сарымсақ, пияз, сәбіз секілді көкөніс түрлерін өндіруге маманданған және жылына 8000 тоннадан астам өнім шығарады. Халықаралық нарықта атақты KFC, Nestlé сияқты алпауыт брендтерге өнім жеткізіп, АҚШ-қа жыл сайын 50 млн доллар көлемінде экспорт жасайды.

Сондай-ақ өңір басшысы «Qingdao Jincheng Agricultural Technology» компаниясының өкілдерімен кездесті. Ауыл шаруашылығы қызметтерін көрсету және дәнді дақылдар саудасымен айналысатын бұл кәсіпорын жыл сайын 50 миллион келі астық өндіреді. Компания «компания + фермер» және «фьючерстер + тапсырыстар» модельдері арқылы шаруалардың табысын арттырып, тәуекелділікті төмендетуге жәрдемдеседі. Бастысы – экологиялық таза өнім өндірісіне басымдық берілген. Сапар аясында «Qingdao Dequan Food Co., Ltd.» компаниясының қызметімен танысу да жоспарланған болатын. Компания жылына 20 мың тоннадан астам өнім өндіріп, әлемдік нарыққа шығарады. 2024 жылы компания «Жоғары технологиялық кәсіпорын» және «Мамандандырылған инновациялық ШОБ» мәртебелерін иеленді.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің экономикалық өрлеуі үшін шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде нақты міндет қойған болатын. Қытай еліне жұмыс сапарымыз – сол тапсырманы іске асыру жолындағы маңызды қадам. Шаньдун провинциясының агроөнеркәсіптік әлеуеті зор, біз оны Түркістан облысының нақты жобаларымен ұштастыра отырып, өңір экономикасына серпін беретін ынтымақтастық құра аламыз, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Қытайлық серіктестер Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалап, өңірде өндіріс орындарын ашуға және бірлескен агроөндірістік жобаларды іске асыруға ниет білдірді. Аталған кәсіпорындармен алдын ала келісімдерге қол жеткізіліп, алдағы уақытта нақты жобалар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл сапар – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне шетелдік технология мен инвестиция тарту жолындағы маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Сапар барысында инвесторлармен қонақүй, медициналық кешен құрылысы талқыланды. Қытай еліндегі осы жобаларды Түркістан өңірінде іске асыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Делегация «Wanlin» тобының құрамындағы денсаулық сақтау орталығында болды. Бұл медициналық қызмет көрсету, күтім және оңалтуды біріктіретін көпфункционалды кешен. Шаньдун провинциясы мен Циндао қаласының негізгі әлеуметтік жобаларының бірі болып. Нысан 5 жұлдызды стандартына сәйкес салынған және 2000 стандартты төсек-орынмен қамтамасыз етілген.

Төлебиде ”Интернет-алаяқтық: сақтан, сенбе, қорған!” ақпараттық форумы өтті

Төлеби аудандық Жастар орталығы ғимаратында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Интернет-алаяқтық: сақтан, сенбе, қорған» атты ауқымды ақпараттық форум өтті. Форум — заманауи цифрлық кеңістіктегі қылмыстардың алдын алуға, тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокурорының орынбасары Ермек Шүнеев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, IT-сарапшылары мен қаржы секторы мамандары қатысты. Олар нақты деректер келтіріп, әр салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

« – Қазіргі уақытта ғаламтор күнделікті өмірдің, бизнестің, саясаттың, ғылым мен білімнің ажырамас бөлігіне айналды. Интернетті үйде және оқу орындарында пайдалану оқудың тиімділігін арттыруға, сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдерді ғана емес, студенттерді, соның ішінде мектеп оқушыларын да қызықтыратын саладағы соңғы жаңалықтарды алуға мүмкіндік береді. Ғаламтордың қарқынды дамуы айтарлықтай қиындықтар да тудырады. Заманауи ғылыми-білім беру ақпараттық ортасы құрылымдалмаған, сонымен қатар әрқашан сенімді ақпараты жоқ білім беру ресурстары көп. Мұндай ресурстардың көлемі жарықтың жылдамдығындай өсуде. Осылайша, ақпараттық ғылыми және білім беру ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрақты түрде артып келеді. Сонымен қатар, пайдалы және қажетті ақпаратпен қатар пайдаланушылар әдепсіз және агрессивті мазмұнды қамтитын ресурстарғада кез болады. Есірткі, ұлтшылдық экстремизм, маргиналдық секталар, этикаға жатпайтын жарнама және тағы басқалар балалар мен жасөспірімдер кезігіп қалуы мүмкін контенттер. Теріс мазмұнды ақпарттың ұшырасуы жастарды оқыту мен тәрбиелеуде кері әсерін тигізуде. Ақпараттық технологиялардың артықшылықтарынан бас тартудың мәні жоқ, бірақ балалардың ғаламторға бақылаусыз кіруі кибер тәуелділік, файлдарды жүктеп алу кезінде вирустың жұғуы, баланың қалыпты дамуының бұзылуы, моральдық құндылықтардың дұрыс қалыптаспауы, теріс ниетті адамдармен кездесуіне алып келуі мүмкін», – деді, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев

 

Сонымен қатар шараға Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы м.а. Е.Шәкім қатысып, қазіргі заманғы интернет-қылмыстың түрлері мен алдын алу механизмдерін егжей-тегжейлі баяндады. Ол онлайн шоттарды бұзу, фишингтік шабуылдар, жалған инвестиция платформалары туралы нақты мысалдар келтірді.

« – Электрондық қауіпсіздікпен байланысты тәуекелдер әртүрлі кибер әрекеттерге жатады, олар: жеке ақпаратты ашу, қауіпсіздік деңгейі төмен үй компьютерінен желіге кіру, онлайн алаяқтық және спам. Зиянды бағдарламалар – бұл компьютердің жұмысына теріс әсер ететін бағдарламалар. Оларға вирустар, шпиондық бағдарламалар, қажетсіз жарнамалық бағдарламалар және зиянды кодтың әртүрлі формалары жатады. Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі- қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, аның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады. Сонымен, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретіндетаныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды.» – деді Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы м.а. Е.Шәкім

Өз кезегінде IT саласының өкілі, “Digital Road” қауымдастығының басшысы С.Кеңесбай қатысушыларға интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері мен қаржылық/құқықтық сауаттылық бойынша кеңестер берді.  Ал “Қазақстан Халық банкі” АҚ облыстық филиал директорының орынбасары С.Бекбашов банк карталарын пайдалану кезіндегі алаяқтық схемаларын, әлеуметтік инженерия тәсілдерін, онлайн аударымдардағы басты қауіптерді нақтылап көрсетті.

Іс-шараның ерекше бөлімі – форум барысында көрсетілген бейнероликтер болды. Онда алаяқтардың әрекет ету әдістері мен шынайы оқиғалар негізінде түсірілген сахналар тұрғындардың үлкен қызығушылығын тудырды.Бұл көрнекі материалдар форумның әсерлі өтуіне ықпал етті. Заманауи цифрлық кеңістіктегі қылмыстардың алдын алуға, тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Интернет-алаяқтық: сақтан, сенбе, қорған» атты ауқымды ақпараттық форумының жергілікті тұрғындарға берері мол болды. Себебі, бүгінгі қоғамда әрбір азаматтың интернеттегі қауіпсіздігін арттыру – басты мақсаттардың бірі. Сондықтан ақпараттық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Өмірлерді өзгертетін финал! Түркістан облысының ауыл оқушылары Алматыға IQanat Олимпиадасына аттанды

Қазақстан өңірлерінің бәрінен 1000 ауыл оқушысы Алматыға – еліміздегі ең ауқымды білім шараларының бірінің қорытынды кезеңі – 13-20 маусымда өтетін IQanat республикалық Олимпиадасының финалына қатысу үшін аттанады!

Бұл мың бала бұған дейінгі 50 мың бала қатысқан іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан 8-сынып оқушылары. Ақтық сын – жай ғана финал емес, тағдырларды өзгертетін апта болмақ! Финалға өткен 1000 үздік баланың ішіндегі 256 бала Түркістандық өрендер.

Басты жүлде – еліміздің ең үздік оқу орындарының бірі IQanat High School of Burabay мектебінде білім алуға арналған гранттар. Финалистердің бір бөлігі мектеп-пансионатта тегін оқуға мүмкіндік алатын болса, екінші бөлігі олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына қатысады. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалады, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, кәсіпкерлік негіздері мен өзге бағыттарды меңгереді. Олардың ынтасы мен жетістіктері үнемі бақылауда болады.

Финалдың бағдарламасы тестілеуден бөлек, білім беру бағытындағы мәдени шараларды қамтиды: soft skills дамыту бойынша тренингтер, қала мен университеттерге экскурсиялар, сондай-ақ бірегей peer-to-peer бағдарламасы. Оның аясында IQanat  мектебінің түлектері мен жоғары сынып оқушылары жасы кіші балалардың білім алуына көмектеседі.

 

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды.
Оған қатысу үшін кандидаттың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес сертификатының болуы қажет (ұсынылатын құжаттар: 3х4 нұсқада фотосурет, білімін, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат).
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады (кандидаттардың құжаттарын қабылдау; мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; ситуациялық тапсырмаларды шешу; құзыреттерді бағалау; Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу; Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау) және осы жылдың маусым-қазан айлары аралығында өткізіледі. Оған қатысатын кандидаттардың құжаттарын қабылдау осы жылдың 1-30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн жүзеге асады.
Бұл ретте, іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар салалары бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде осы салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
​Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі мәртебесіне ие болады.
​Резервшілерді мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша Резервке алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
​Кандидаттың резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы, анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну, кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкес болмауы іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі болып табылады.
Осы орайда, жастарымыздың бойындағы күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру үшін, мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет.
Сондықтан, елге адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамын.

​​​​​​​Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
​​​​​​​​агенттігінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Assystem разработала для Казахстана методику отбора лидера международного консорциума для АЭС

Assystem, одна из ведущих мировых независимых компаний в области ядерного инжиниринга, получила роль технического консультанта ТОО «Казахстанские атомные электрические станции» (КАЭС) в целях поддержки Республики Казахстан в реализации её атомно-энергетической программы.

Assystem будет выступать в качестве технического консультанта КАЭС в комплексном предоставлении и надзоре за инжинирингом, управлением проектом и строительными работами для реализации проекта АЭС. Assystem привнесет непревзойденный опыт в области международной ядерной энергетики, сотрудничая с большинством стран, только начинающих развивать атомную энергетику, включая недавние проекты в ОАЭ, Саудовской Аравии и Турции. Кроме того, Assystem занимает ведущие позиции в национальных атомных программах Франции и Великобритании.

Развитие атомной энергетики в Казахстане является частью Стратегии «Казахстан-2050», целью которой является достижение 50% выработки электроэнергии из источников, не связанных с углем и нефтью, на которые сегодня приходится около 70% производства электроэнергии. С начала 2025 года Assystem вносит вклад на основе передового международного опыта и поддерживает совершенствование методологии КАЭС для выбора технологий в соответствии с рекомендациями МАГАТЭ (NP-T-1.10).

Стефан Обарбье, Заместитель Генерального директора Assystem Group, сказал: «Мы рады сотрудничать с Казахстаном в рамках его новой атомной энергетической программы. Команда Assystem рада работать над этой важной программой, и мы сосредоточены на ее безопасной и эффективной реализации, соответствующей требованиям МАГАТЭ и КАЭС».

Справочно:

Assystem — одна из ведущих в мире независимых инжиниринговых компаний в области ядерной энергетики, стремится ускорить переход к устойчивой энергетике. Обладая более чем 55-летним опытом работы в высокорегулируемых отраслях с жесткими требованиями к безопасности и охране, Группа предоставляет услуги в сфере инжиниринга и управления проектами, а также цифровые решения для оптимизации эксплуатации сложной инфраструктуры на всех этапах её жизненного цикла.

В 12 странах своего присутствия 8 000 экспертов Assystem содействуют реализации энергетического перехода. Для достижения доступного и низкоуглеродного энергоснабжения компания активно развивает направления низкоуглеродной генерации (атомная и возобновляемая энергетика, электросети), а также чистого водорода.

Группа также способствует внедрению низкоуглеродной электроэнергии в промышленные отрасли, такие как транспорт. В настоящее время Assystem входит в тройку крупнейших инжиниринговых компаний в мире в сфере ядерной энергетики.

Қазақстанда АЭС салуға халықаралық консорциум көшбасшысын іріктеу әдістемесі француздық Assystem-нің қатысуымен әзірленді

Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды.

Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағы жақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек, Assystem халықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибе алып келеді. Сонымен қатар, Assystem Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту «Қазақстан-2050» Стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты электр энергиясының қазіргі уақытта шамамен 70 %-ын құрайтын көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, баламалы көздерден электр энергиясын өндіру үлесін 50 %-ға дейін жеткізу. 2025 жылдың басынан бастап Assystem озық халықаралық тәжірибе негізінде үлес қосып, АЭХА ұсынымдарына (NP-T-1.10) сәйкес технологияларды таңдау үшін ҚАЭС әдіснамасын жетілдіруді қолдайды.

Assystem Group Бас директорының орынбасары Стефан Обарбье: «Біз Қазақстанмен оның жаңа атом энергетикалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқанына қуаныштымыз. Assystem командасы осындай маңызды бағдарламаға қатысуға қуанышты және оның АЭХА және ҚАЭС талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз әрі тиімді жүзеге асырылуына ерекше назар аударады».

Анықтама үшін:

Assystem – атом энергетикасы саласындағы әлемдегі жетекші тәуелсіз инжинирингтік компаниялардың бірі, тұрақты энергетикаға көшуді жеделдетуге ұмтылады. Қауіпсіздік пен қорғанысқа қатаң талаптары бар жоғары реттелетін салаларда 55 жылдан астам тәжірибесі бар, күрделі инфрақұрылымдарды өмірлік циклының барлық кезеңдерінде пайдалану тиімділігін арттыру үшін инжиниринг, жобаларды басқару және цифрлық шешімдер ұсынумен айналысады.

Assystem компаниясының 12 елдегі 8 000 сарапшысы энергетикалық ауысымды іске асыруға атсалысуда. Қолжетімді әрі төмен көміртекті энергиямен қамтамасыз ету мақсатында компания төмен көміртекті генерацияны (атомдық және жаңартылатын энергетика, электр желілері) және таза сутекті дамыту бағыттарын белсенді ілгерілетіп жатыр.

Сонымен қатар, топ төмен көміртекті электр энергиясын өнеркәсіптік салаларға енгізуге ықпал етуде. Бүгінде Assystem ядролық энергетика саласындағы әлемдегі үш ірі инжинирингтік компанияның қатарына кіреді.

 

ТҮРКІСТАНДА «БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өтті. Форумға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, құқық қорғау және бақылаушы мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың 40-тан астам мекеме өкілдері және 100-ге жуық кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты.
Шараның мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, өңірдегі бизнеске кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді анықтап, уәкілетті органдармен бірлесіп шешу жолдарын табу.
 «- Бүгін өтіп жатқан «Бизнесті және инвестицияны қорғау» форумы – кәсіпкерлік саласындағы реформаларды түсіндіру мен бизнес мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң. Мемлекет басшысы әділ және бәсекелі экономика құру, инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту мен бизнесті қолдауды басты міндет етіп қойды. Осы бағытта біз де Өңірлік кеңес аясында 2023–2024 жылдары 58 мәселенің жартысына жуығын шешуге ықпал еттік, қалғанын бақылауға алдық. Биыл жеке қабылдау форматында аудандарды аралап, кәсіпкерлердің инфрақұрылым, құжат айналымы, қысым көрсетуге қатысты мәселелерін тыңдадық. Бұл сұрақтардың бәрі бақылауда. Президент атап өткендей, жазалау емес, қолдау арқылы бизнесті дамыту – басты мақсат. Біз алдағы уақытта да барлық аудандарға барып, кәсіпкерлердің мәселелерін жеке қарап, шешу жолында жұмыс істей береміз деп сенемін», – деп атап өтті, облыстық мәслихаттың төрағасы, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Нұралы Әлмаханұлы
Айта кетейік, Түркістан облысының прокуратурасы 2025 жылы «Инвест-Караван 2025» іс-шарасы акция шеңберінде 3 көшпелі кездесу өткізіліп, 26 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілді. Сондай-ақ 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғанын анықтап, оларға қатысты тіркелген әкімшілік істердің күштері жойылды, 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулері тоқтатылды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында 216 жеке кәсіпкердің және 6 инвестордың құқықтары қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді.
 Ал, 2024–2025 жылдың 5 айында Кәсіпкерлік палатасына 262 өтініш түсіп, 4,7 млрд теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды. Сотта 57 іске қатысып, 26-сы кәсіпкер пайдасына шешілді. Кеңесте қаралған 34 мәселе бойынша 191 ұсыныстың 78%-ы орындалды. «Бизнеске жол» жобасы аясында 30 отырыста 55 мәселе талқыланып, 19-ы оң шешімін тапқан.
Форум қорытындысы бойынша кәсіпкерлер көтерген мәселелер бақылауға алынып, әрбір мәселе бойынша нақты уәкілетті орган жауапты болып бекітілді.
Бұл бастама кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы сенімді арттыруға бағытталған.