ТҮРКІСТАНДА «21 ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық, интернет алаяқтық схемаларына қарсы иммунитет қалыптастыруды тапсырған. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2025 жылғы 25 маусымда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен бір мезетте облысымыздың 3 қала және 14 ауданында «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өткізілді.

Форум аясында қаржы саласындағы қауіптер мен қазіргі заманда жиі кездесетін қаржылық пирамидалар, заңсыз инвестициялық жобалар, дроптар және олардың салдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар Түркістан облысы аумағындағы мектеп жанындағы балалар демалыс жазғы лагерьлеріне «Заң мен тәртіп» қағидасы бойынша қаржылық сауаттылық тақырыбында дәрістер өткізіліп, вейп, қаржылық алаяқтық схемалары бойынша 4000-ға жуық лагерь демалушыларына және 500-ге жуық тәрбиешілерге үгіт-насихат жүргізілді.

Форумға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық прокуратура, полиция департаменті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы да қатысып, қолдау білдірді. Өңір басшысы қоғамда қаржылық сауаттылық мәселесі өзекті болып тұрғанына тоқталды.

– Бәріңізге белгілі 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарынмен кеңейтілген отырыс өткізілді. Президент әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыруды және құқық қорғау жүйесін жетілдіруді тапсырды. Бұл – маңызды міндет. Сондықтан біз «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек. Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Ол – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Заң мен тәртіп басты құндылыққа айналса, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, есірткі саудасы, лудомания сияқты жат көріністер тоқтайды. Облыстың барлық аудан, қалаларында  «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбында қоғамдық қабылдаулар басталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халықпен ашық диалог орнату. Біз қоғамда қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізуіміз қажет. Заң мен тәртіп идиологиясын орнықтыру – ортақ жауапкершілік. Баршаңызды қоғамда заң үстемдігін орнатуға үлестеріңізді қосуға шақырамын, – деді Нұралхан Көшеров.

Сонымен қатар, форум жұмысына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов, Әлем және Азия чемпиондары қатысып, мазмұнды ойлар айтты. Шара барысында кәсіби спикерлер сөз алып, халықтың қаржылық қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылығы және цифрлық ортадағы қауіптер туралы өзекті мәліметтерді бөлісті. Қаржылық мониторинг агенттігінің бейнематериалдары көрсетіліп, нақты фактілер негізінде интерактивті ойын мен театралды қойылым ұсынылды.

“Заң мен тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты. Заңдар тәртіп орнатуға бағытталған, ал тәртіп оның орындалуына кепілдік береді. Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тәртіптің болуы өте маңызды. Тәртіпсіз қоғамда заңдар тиімді жұмыс істей алмайды, себебі адамдар заңды қасақана бұзып, салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, заңсыздық орын алған елдерде қылмыс деңгейі жоғары болады, ал бұл елдерде мемлекеттік органдардың жұмысы әлсіреп, тұрақсыздық туындайды. Сондықтан заңның қабылдануы мен оны орындау арасындағы үйлесім өте маңызды. Заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі зор. Олар адамдардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заң мен тәртіпті сақтау қоғамның тұрақтылығын және халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартады. Қоғамдағы тәртіп бұзылған жағдайда адамдардың өзара сенімдері мен ынтымақтастығы бұзылып, арандатушылықтар мен қақтығыстар туындауы мүмкін. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтаудың маңызы зор. Заңның басты мақсаты — қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның құқықтарын қорғау және әділеттілікті орнату. Алайда, заң тек қағазда ғана жұмыс істемейді, оның тиімділігі тек адамдар оны ұстанған жағдайда ғана көрінеді,” – деп атап өтті мамандар.

Түркістан қаласы Сейтметов атындағы саз-драма театры ұжымы «Армандар күйреуі» атты сахналық көрініс арқылы қаржылық сауатсыздықтың зардабын көркем түрде жеткізді. Форум соңында қатысушылар спикерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз алғыстарын білдірді.

Түркістан облысында 46 мың гектар алқапқа су үнемдеу жүйесі орнатылған

Түркістан облысында ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтілуде. Ағын су – ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Түркістан облысында биылғы вегетациялық маусым жауын-шашынның аздығынан күрделі жағдаймен басталғанымен, әкімдік тарапынан қолға алынған жүйелі шаралар өңірдегі суару жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік беруде. Түркістан облысында егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету маусымы қалыпты жағдайда басталды. Алайда жауын-шашын мөлшерінің аздығы, ауа температурасының жоғары болуы су тапшылығы қаупін күшейтуде. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен сөз болды.

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдары биыл 890 мың гектарға егілді, оның 552 мың гектары – суармалы алқаптар. Егістікке қажетті су көлемі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сұранысына сәйкес босатылып отыр. Вегетациялық кезең басталғаннан бастап суды реттеу аудан әкімдіктері мен шаруалар арасындағы келісім негізінде арнайы кестеге сай жүргізілуде. Облысқа жыл сайын 4,8 млрд текше метр су қажет. Алайда биыл ауа райының күрт өзгеруіне байланысты су қорының 30%-ға дейін қысқару қаупі бар. Бұл әсіресе облыстың оңтүстік аймақтарында – Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында сезілуі мүмкін. Су көздерінің басым бөлігі көрші мемлекеттер аумағынан келетінін ескерсек, трансшекаралық тәуелділік жағдайды күрделендіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі мен үнемдеу технологияларын ұлттық басымдық ретінде айқындап, бұл бағыттағы жұмыстарға ерте қамдану қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар – осы тапсырманың нақты жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Жағдайды тұрақтандыруға арналған нақты қадамдар жүзеге асуда. Мәселені оңтайлы шешу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» суқоймалары салынуда. Бұл «Бөген» суқоймасына қосымша 113 млн м³ су жеткізуге мүмкіндік береді. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 27 мың гектарға енгізілмек. Жоспарланған межеден асып, 59 мың гектарға жеткізу көзделуде. Қазірдің өзінде 46 мың гектар алқапқа су үнемдеу жүйесі орнатылған. Машиналық су көтеру каналдары арқылы қосымша 11,3 м³/сек су берілуде. Бұл «Достық» магистралды каналының биылғы төмен көлемін (28,6 м³/сек) ішінара теңгеруге бағытталған.

Сонымен қатар 25 су қоймасы, 1 су реттегіш және 269 канал күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл су жүйелерінің тозу көрсеткішін 76%-дан 50%-ға дейін төмендетуге сеп болады. Нәтижесінде 400 мың гектар суармалы жерге су жеткізу мүмкіндігі артып, жыл сайын 200 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілмек. Ағын суды заңсыз пайдаланушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдануда. «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы облыстағы су нысандарына тұрақты тексеру жүргізіп, осы күнге дейін 20 құқық бұзушыға хаттама толтырып, айыппұл салған. Шардара ауданы прокуратурасымен бірлескен рейд барысында 24 заңсыз су сорғы құрылғысы анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Биылғы маусымдағы күрделі гидрометеорологиялық жағдайға қарамастан, Түркістан облысы ағын суды басқару, сақтау және тиімді пайдалануда жүйелі шаралар атқаруда. Су инфрақұрылымдарын жаңарту, үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және бақылау тетіктерін күшейту арқылы өңірдің агросекторы ағын су тапшылығын еңсеруге қауқарлы болып отыр.

«21 ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДА ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық, интернет алаяқтық схемаларына қарсы иммунитет қалыптастыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде өткен «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форум аясында Жетісай ауданында да ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің үйлестіруімен, Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.

Форумда қаржылық пирамидалар мен олардың түрлері заңсыз инвестициялық жобалар және дроптар және қаржылық қауіпсіздікті сақтау жолдары туралы тақырыптар қамтылып, мамандардың пікір мен кеңестері тыңдалды. Сонымен қатар, заңның үстемдігі мен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік , «Заң және тәртіп», «Қауіпсіз қоғам» жобасы, қоғамды кез келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыру бойынша мәселелер де талқыға түсті. Жалпы басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өткен «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге ала отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру және қаржылық алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бегманов Нұрсұлтан Бақтыбайұлы, Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Пірімбеков Серікбай Қонысбекұлы, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Намазов Ырысбек Беркінұлы, қаржы саласының сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар ұйымдары мен волонтерлер қатысты. Спикерлер нақты мысалдармен бөлісіп, практикалық кеңестер берді.

« – Заң мен тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты. Заңдар тәртіп орнатуға бағытталған, ал тәртіп оның орындалуына кепілдік береді. Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тәртіптің болуы өте маңызды. Тәртіпсіз қоғамда заңдар тиімді жұмыс істей алмайды, себебі адамдар заңды қасақана бұзып, салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, заңсыздық орын алған елдерде қылмыс деңгейі жоғары болады, ал бұл елдерде мемлекеттік органдардың жұмысы әлсіреп, тұрақсыздық туындайды. Сондықтан заңның қабылдануы мен оны орындау арасындағы үйлесім өте маңызды. Заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі зор. Олар адамдардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заң мен тәртіпті сақтау қоғамның тұрақтылығын және халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартады. Қоғамдағы тәртіп бұзылған жағдайда адамдардың өзара сенімдері мен ынтымақтастығы бұзылып, арандатушылықтар мен қақтығыстар туындауы мүмкін. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтаудың маңызы зор. Заңның басты мақсаты — қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның құқықтарын қорғау және әділеттілікті орнату. Алайда, заң тек қағазда ғана жұмыс істемейді, оның тиімділігі тек адамдар оны ұстанған жағдайда ғана көрінеді,» – деп атап өтті Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Намазов Ырысбек Беркінұлы.

Сондай-ақ форумда қаржылық пирамидалар мен алаяқтық, интернет алаяқтық схемаларына қарсы иммунитет қалыптастыру мәселелері тақыланды. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл бағытта тұрғындарды сақтыққа шақырды.

« – Қазіргі қоғамда цифрлық технологияның қарқынды дамуына байланысты интернет желісінде жасалатын қылмыстардың түрі де көбеюде. Әсіресе, интернет алаяқтық деректері күн сайын артып келеді. Осыған орай өңіріміздің полицейлері интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрғындарға ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кездесулер де өткізіп келеді. Айта кетейік, қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену – қылмыстардың ең көп тараған түрі. Аталған қылмыс түрімен күресу елімізде және бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өткен болатын. Бүгінде аймақта интернет алаяқтықтың үш түрі кеңінен таралған. Яғни, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, интернет-дүкендердің атын жамылып алаяқтық жасайды, жалған инвестициялық жобаларға қатыстыру арқылы азаматтарды қаржысынан айырады. Алаяқтар көбіне микроқаржы ұйымдары арқылы несие рәсімдейді. Қала берді, әлеуметтік желілер арқылы заңсыз ұтыс ойнатып, халықты құрығына түсіретіндер де бар. Бүгінгі таңда, әлеуметтік желіде бәрі ашық. Халық жарнама, тауарлар мен қызметтерді көп қарайды. Алаяқтар осы жағдайды ұтымды пайдаланады. Сауатты сөйлеп, адамды шатастырады. Сондықтан, полицейлер белгісіз номер қоңырау шалса құпиясөзді, картаның нөмірін, операцияны растау SMS-ін ешкімге айтпауға шақырады.» – деді Жетісай аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бегманов Нұрсұлтан Бақтыбайұлы

Айта кетейік, бұл форум облыстағы аудан-қалалар бойынша бір мезетте ұйымдастырылған болатын. Өңірдің орталығында өткен маңызды іс-шарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қоғамда қаржылық сауаттылық мәселесі өзекті болып тұрғанына тоқталып, барша тұрғындарды заң мен тәртіпті қалыптасыру жолында белсенділік танытуға шақырған болатын.

«– Бәріңізге белгілі 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарынмен кеңейтілген отырыс өткізілді. Президент әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыруды және құқық қорғау жүйесін жетілдіруді тапсырды. Бұл – маңызды міндет. Сондықтан біз «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек. Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Ол – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Заң мен тәртіп басты құндылыққа айналса, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, есірткі саудасы, лудомания сияқты жат көріністер тоқтайды. Облыстың барлық аудан, қалаларында  «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбында қоғамдық қабылдаулар басталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халықпен ашық диалог орнату. Біз қоғамда қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізуіміз қажет. Заң мен тәртіп идиологиясын орнықтыру – ортақ жауапкершілік. Баршаңызды қоғамда заң үстемдігін орнатуға үлестеріңізді қосуға шақырамын,» – деп атап өтті өңір басшысы Нұралхан Көшеров.

Жетісай ауданында өткен форум нәтижесінде қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті және қоғамда заңсыз қаржылық схемаларға қарсы тиімді ақпараттық иммунитет қалыптастыру қажеттігін білдірді. Сонымен қатар бұл күні Түркістан облысы аумағындағы мектеп жанындағы балалар демалыс жазғы лагерьлеріне «Заң мен тәртіп» қағидасы бойынша қаржылық сауаттылық тақырыбында дәрістер өткізіліп, вейп, қаржылық алаяқтық схемалары бойынша 4000-ға жуық лагерь демалушыларына және 500-ге жуық тәрбиешілерге үгіт-насихат жүргізілді.

КЕНТАУДА МОДУЛЬДІ КАПСУЛАЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл жайында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте мәлімдеді.
«Биыл ашылатын төрт ірі жобамыздың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта орналасқан. Атап айтар болсақ, «KentauRedStar»ЖШС-і – кірпіш өндірісімен айналысады. 2023 жылы құрылысы басталған нысанның жоба құны – 1,5 млрд теңге. Биыл мамыр айында іске қосылған зауытта 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны жылына 45 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, «TURAN SHENHUA» ЖШС-і газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіруді қолға алмақ. 2025 жылдың қараша айында жұмысын бастайды деп жоспарланған өндіріс орнында 120 адамға жұмыс табылмақ. Жоба құны – 2,4 млрд теңге. Сондай-ақ, биыл аяқталуы тиіс жобалар қатарында металл бұйымдарын өндіруге бағытталған «АйдарСтройГрупп» ЖШС-і және «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндірісі цехы бар»- деді спикер.
Жалпы шаһарда 2025 жылдың 5 айында өңірлік өнім көлемі 33,1 млрд теңгені құраса, негізгі капиталға 5,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 23,6 млрд теңгеге жетіп, облыста 4-орынға жайғасты. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 20,1 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, қалаға қарасты аумақтарға туристерді тарту жұмыстары да қарқынды. Жыл басынан бері өңірге келушілер саны 16,6%-ға артқан. Бұл көрсеткішті жақсарта түсу мақсатында Хантағы ауылында 13 га жерге 15 заманауи модульді капсулалармен жабдықталған «KHANTAU» демалыс аймағын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаның құны 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, «Қаратау» қорығы аумағынан визит-орталығын салу көзделуде. Жалпы аумағы 300 шаршы метр аумақты алатын нысан 100 000 келушіні күтуге қауқарлы.
Сонымен қатар, өңірдегі құрылыс саласында да жаңалықтар жетерлік. 2025 жылдың шілде айында 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік-несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, шаһардағы 288 көпқабатты тұрғын үй қазіргі таңда толықтай жаңартылған. Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы бүгінгі таңдағы өңірдің газмен қамтылу көрсеткіші 85%-ға жеткен. Ал, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, қала көшелерінің жарықтандырылуы 98%-ды құраса, өңірдегі қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 87,7%-ға жетіп отыр.