Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтаймын!

Бұл – елдіктің тұғырын, мемлекеттіліктің өзегін айқындаған Ата заңның мәнін сараптап, құндылықтарын дәріптейтін бірегей мереке.

Биыл осынау басты құжаттың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Онда халқымыздың сан ғасырлық елдік дәстүрі мен арман-аңсары, заманауи әлемдік озық құқықтық нормалар нақты көрініс тапқан.

Осы жылдар ішінде Конституция Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесінің негізін қалап, институционалдық құрылымын орнықтырып, халқымыз бен берекелі қоғамның нық ұстанар негізгі қағидаттары мен қастерлі құндылықтарын белгіледі.

Соның арқасында еліміз іргелі мемлекетке айналып, жаһанда өзіндік елеулі орны бар орта державалардың қатарынан берік орын алды.

Конституция мемлекетіміздің игілігіне қызмет етіп, еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз ете берсін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен, Түркістан облыстық туризм басқарма басшысы Нұрдәулет МЕДЕУОВ!

Конституция күні құтты болсын!

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Конституция күні құтты болсын!
Еліміз өркендеп, даму жолында жарқырап келе жатқаны баршаға аян. Игіліктің ізгі жолында ел азаматтары айтулы істер атқарып келеді. Соның бірі – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов. Халық қалаулысы барша қазақ елін мерекемен құттықтады.

– Құрметті отандастар!
Сіздерді Ата Заңымыз қабылданған күн – Конституция мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – халқымыздың тәуелсіздігінің айғағы, елдігіміздің берік тұғыры. Ол – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі, ынтымағымыздың тірегі. Осындай салтанатты күні баршаңызға амандық, ырыс-береке, табыс тілеймін. Егемен еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріміз жемісті, бастамаларымыз сәтті болсын! – деді депутат М.Манапов!

Қазақ елі алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындығын еңсеріп, биікке көтеріліп келеді. “Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!” – деген халық қалаулысы ел болашағы үшін игі істердің қолдаушысы болып келеді. Өз сайлаушыларына қайырымдылық жасап, жастар мәселесінде белсенділік танытып жүрген депутат ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында еңбек етіп жүр.

Ұлттық бірлігіміздің негізін қалаған 30 тамыз – Конституция күні баршаңызға құтты болсын!

Конституция күні құтты болсын!

Еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күні құтты болсын!

Көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстанымыз дамудың даңғыл жолымен жарқырап келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, ел дамуының тірегі – еңбек адамдары. Осы ретте әр сала мамандары ел үшін тер төгіп, өз еңбегімен жарқын бейнені қалыптастыруда. Солардың бірі – Түркістан облысының бас сушысы, “Қазсушар” РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев Қошқарбекұлы.

Ол барша оңтүстік жұртын мерекемен құттықтады:

– Құрметті көпшілік!
Сіздерді Республикамыздың әрбір азаматы үшін қастерлі күн – Конституция мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің орны ерек, себебі Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұғыры, халқымыздың еркіндігі мен бірлігінің кепілі. Әрбір азамат оның маңыздылығын ұмытпай, құрметтеп, қорғауға тиіс. Баршаңызға амандық, бақ-береке, мол игілік тілеймін, – деді Қазыбек Бедебаев.

Мереке құтты болсын! Еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік.