БАБАЙҚОРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТАҚЫРЫПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған тағылымды кездесу өтті. Тұрғындармен өткен жиынға Нұрлан Байжігітұлы қатысып, қазіргі қоғам үшін маңызды бірқатар мәселелер бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, жастар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әлеуметтік мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту.

Жиын барысында қоғам өміріндегі өзекті тақырыптардың барлығы өзара сабақтастықта қарастырылды. Атап айтқанда, зайырлылық қағидаттары, заң мен тәртіпті сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, лудоманияның зардаптары, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау, ақпараттық гигиена және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы туралы жан-жақты сөз болды.

Кездесуде зайырлы мемлекет қағидатының мәніне ерекше назар аударылды. Зайырлылық – дінге қарсы ұғым емес, керісінше мемлекет пен дін саласының өзара заңмен реттелуін қамтамасыз ететін маңызды қағидат екені түсіндірілді. Қоғамда әр азаматтың діни сеніміне құрметпен қарауымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамаларын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен бірге заң мен тәртіп қағидатының қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі айтылды. Құқықтық мемлекетте әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндеті мен жауапкершілігін де түсінуі қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың басты шарттарының бірі. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесіне де баса мән берілді. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың кең таралуына байланысты түрлі діни мазмұндағы ақпараттар әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында еркін таралуда. Осындай жағдайда азаматтардың ақпаратты талдап, оның қаншалықты сенімді екенін ажырата білуі маңызды.

Нұрлан Байжігітұлы діни сауаттылықтың маңызын атап өтіп, жастардың күмәнді діни ағымдар мен деструктивті идеялардың ықпалына түспеуі үшін дұрыс білім мен сенімді ақпарат көздеріне сүйенуі қажеттігін айтты. Әсіресе жасөспірімдер мен жастардың интернет кеңістігіндегі қауіптерден сақтануы, белгісіз адамдардың үгіт-насихатына ермеуі және кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарауы керектігі түсіндірілді.

Кездесуде соңғы жылдары қоғам үшін маңызды мәселелердің біріне айналған лудомания тақырыбы да кеңінен қозғалды. Құмар ойынға тәуелділіктің адамның жеке өміріне ғана емес, оның отбасына, әлеуметтік ортасына және жалпы қоғамға кері әсер ететіні айтылды. Ойынға қызығушылықтың уақыт өте келе тәуелділікке айналып, адамның қаржылық жағдайына, психологиялық ахуалына және жақындарымен қарым-қатынасына зиян келтіруі мүмкін екені түсіндірілді.

Осы ретте отбасы тәрбиесінің маңызы ерекше екені атап өтілді. Бала мен жасөспірімнің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа, білімге, шығармашылыққа және пайдалы қоғамдық жұмыстарға бағыттау – түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Жастардың дұрыс орта қалыптастыруы мен өз болашағына жауапкершілікпен қарауы да маңызды.

Тағылымды кездесудің тағы бір маңызды бағыты – ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие, еңбекқорлық, отансүйгіштік, бірлік пен татулық секілді құндылықтар ұрпақ тәрбиесінің негізі екені айтылды. Ұлттық құндылықтарды сақтау тек өткенді құрметтеу емес, оны қазіргі заман талабына сай келесі ұрпаққа жеткізу екенін түсінудің маңызы зор. Әсіресе жастардың өз тарихын, мәдениетін, тілін және дәстүрін білуі олардың азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді.

Кездесуде ақпараттық гигиена мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ақпараттың таралу жылдамдығы артқан. Алайда ақпараттың көп болуы оның барлығы шынайы дегенді білдірмейді. Жалған ақпарат, арандатушылық сипаттағы жазбалар, тексерілмеген мәліметтер қоғам арасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарға ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеру, ресми ақпаратқа басымдық беру, күмәнді сілтемелер мен белгісіз парақшалар тарататын мәліметтерге сақтықпен қарау қажеттігі айтылды. Ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлау қазіргі қоғам мүшесі үшін маңызды дағды екені атап өтілді.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы жөнінде де сөз қозғалды. Қоршаған ортаның тазалығы – тек мемлекеттік органдардың немесе коммуналдық қызметтердің міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Аула, көше, елді мекен тазалығын сақтау, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру қоғамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші екені айтылды. Тазалықты сақтау мәселесі тек санитарлық талаптарды орындаумен шектелмейді. Ол азаматтардың туған жеріне деген құрметінен, қоғамдық ортаға жауапкершілікпен қарауынан және кейінгі ұрпаққа таза әрі қолайлы орта қалдыру ниетінен көрінеді. Осы бағытта тұрғындардың белсенділігі мен ортақ іске атсалысуы маңызды.

Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау әр азаматтың күнделікті іс-әрекетінен басталатыны атап өтілді. Заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастарға дұрыс бағыт көрсету, жалған ақпаратқа ермеу және қоршаған ортаны қорғау – барлығы қауіпсіз әрі орнықты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Нұрлан Байжігітұлы өз сөзінде жастардың білім алуы мен өзін-өзі дамытуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтып, оларды саналы өмір салтын ұстануға, уақытты тиімді пайдалануға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге шақырды. Жастардың белсенді әрі білімді болуы елдің болашағына тікелей әсер ететіні айтылды.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көтерілген тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасты. Қатысушылар үшін қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, қажетті түсініктемелер алу маңызды болғанын атап өтті.

Мұндай кездесулердің басты мәні – тұрғындарға ақпарат жеткізумен ғана шектелмей, қоғамдағы жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе жастар арасында құқықтық, діни және ақпараттық сауаттылықты арттыру, ұлттық тәрбиені күшейту, әлеуметтік қауіптердің алдын алу бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі маңызды. Бабайқорған ауылдық округіндегі кездесу осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарының бір көрінісі болды. Қоғамдық қауіпсіздік, заң мен тәртіп, рухани тәрбие, ұлттық құндылықтар және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бір-бірімен тығыз байланысты екені тағы бір мәрте айқындалды.

Зайырлылық қағидаттарын сақтау, заңға құрметпен қарау, діни сауаттылықты арттыру, лудомания сияқты әлеуметтік мәселелердің алдын алу, ұлттық тәрбиеге мән беру, ақпаратты дұрыс саралау және тазалыққа жауапкершілікпен қарау – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды негіздері. Осындай мазмұнды кездесулердің жүйелі түрде өткізілуі тұрғындардың қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Ал қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік әр адамның ортақ іске қосқан үлесінен басталады.

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

Түркістан облысы тарихын, табиғатын жәнеөңір энергиясын заманауи туристік өнімдергеқалай айналдырып жатыр?

 

«Open Turkistan» туристік ақпараттықорталығы» ЖШС бас директоры Асқар Абубакировпен сұхбат

 

Бүгінде Түркістан – тек ежелгі руханиятастанасы әрі зиярат ету орны ғана емес. Бұлзаманауи бағыттар, цифрлық сервистер, халықаралық әріптестік, жаңа демалыс нысандарыжәне өңірдің өзіндік бірегей болмысынқалыптастыру арқылы Орталық Азиядағы еңтанымал туристік орталықтардың біріне айналуғаұмтылып отырған аймақ.

 

2025 жылы облыста ресми статистика бойыншашамамен 304 мың турист орналастырылған. Ал біркүндік келушілер мен зияратшыларды қосаесептегендегі ішкі бағалаулар нақты туристікағынның бұдан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді.

 

2026 жылдың қаңтармамыр айлары аралығындаөңірге 143 мыңнан астам турист келген. Бұл өткенжылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен15,6 пайызға көп. Туристердің басым бөлігінқазақстандықтар құрайды. Сонымен қатар шетелдікқонақтардың саны да артып келеді. Олардыңқатарында Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Еуропа елдері, Жапония жәнеОңтүстік Корея азаматтары бар.

 

«Біздің міндетімізТүркістан туралы жай ғанаақпарат тарату емес. Адам өңірге келмей тұрып-ақ саяхатты ыңғайлы, түсінікті, әсерлі әріқолжетімді етуіміз керек».

 

Статистикадан жаңа туристік шынайылыққа

 

Асқар, 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқыайларындағы нәтижелердің қайсысын еңмаңызды деп санайсыз?

Бір ғана көрсеткішке емес, жалпы динамикағақарау маңызды. Ресми статистика бойынша, 2025 жылы Түркістан облысының орналастыруорындарында шамамен 304 мың турист тоқтаған. Сонымен қатар біз нақты туристік ағынның бұданәлдеқайда жоғары екенін түсінеміз. Себебі біркүндік келушілер, зияратшылар, транзиттіктуристер, ұлттық парктер мен табиғи нысандарғабаратын адамдар, туыстарына келіп, өз бетіншесаяхаттайтын азаматтар да бар. 2026 жылдыңалғашқы бес айында туристік ағын 143 мыңадамнан асып, өсім шамамен 15,6 пайызды құрады. Бұл біз үшін жақсы белгі. Өңірге дегенқызығушылықтың тұрақты түрде артып кележатқанын және Түркістанның туристік бағытретінде танымалдығы өсіп жатқанын көрсетеді.

Әсіресе Түркістан облысының тек ішкі туристерүшін ғана емес, шетелдік қонақтар үшін де қызықты болуы маңызды. 2026 жылдың алғашқыайларында шетелдік туристер арасында Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей және Қырғызстан азаматтарыбасым болды. Сонымен қатар Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Кореяданкелген қонақтар да бар. Бұл өңірдің шын мәніндехалықаралық туристік әлеуетке ие екенін көрсетеді. Алайда цифрлардың өзі бізді тоқмейілсітпеуі керек. Туристік ағынның өсуі бізден қызмет көрсетусапасын, ақпараттық жүйені, көлікті, навигацияныжәне жаңа туристік өнімдерді одан әрі жетілдірудіталап етеді.

Неліктен бүгінгі таңда туризмді тек демалыссаласы деп қарауға болмайды деп ойлайсыз?

Өйткені туризм ұзақ экономикалық тізбектіқалыптастырады. Турист билетке, трансферге, қонақүйге, тамақтануға, экскурсияға, кәдесыйға, гид қызметіне, мұражайға немесе табиғи аумаққабаруға ақша жұмсайды. Ал оның сапарыныңартында кәсіпкерлер, қолөнершілер, дизайнерлер, фермерлер, тасымалдаушылар, маркетологтар, фотографтар, IT-мамандар және басқа да ондағанмамандық иелері тұр. Түркістан облысы үшінтуризмнің маңызы ерекше. Бізде жасанды түрдежасау мүмкін емес дүниелер бар: мыңдағанжылдық тарих, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ежелгіқалашықтар, киелі нысандар, таулар, шатқалдар, қорықтар, далалар, ұлттық тағамдар, қолөнердәстүрлері және өңірге тән ерекше энергия. Біздіңміндетіміз – осы мұраны заманауи басқару мен сервисті ұштастыру. Сонда туризм жай ғана«көрікті сала» емес, шағын бизнестің, жұмыспенқамтудың және инвестициялық тартымдылықтыңнақты драйверіне айналады.

 

Жарнама жасау емес, экожүйе қалыптастыру

 

Сіз «экожүйе» сөзін жиі қолданасыз. Open Turkistan қызметіне қатысты бұл ұғым ненібілдіреді?

Бұған дейін өңірді ілгерілету көбіне жекебейнероликтер, көрмелер немесе жарияланымдарарқылы жүзеге асатын. Біз басқа жолды таңдадық. Туристке бір ғана жарнамалық жазба емес, саяхаттың тұтас логикасы қажет: ақпаратты қайданалады, қалай жетеді, нені көреді, қайда тоқтайды, не жейді, нені сатып алады, гидті қайдан табадыжәне демалыс күндері қайда бара алады. Сондықтан біз бір-бірімен байланысты жобалардыбіріктіріп, біртіндеп туристік экожүйеқалыптастырып келеміз.

Бірінші бағытTurkistan Travel Guide: цифрлықгид, маршруттар, туристік нысандар және қажеттіақпарат базасы. Екіншісітуристердіңпрактикалық сұрақтарына жедел жауап беруге тиісTelegram-бот. ҮшіншісіTurkistan Weekend. Бұлқала сыртындағы қонақүйлер, демалыс базалары, глэмпингтер, кемпингтер, қонақ үйлері мен экологиялық нысандардың базасы. Алғашқыкезеңде біз 174 нысан туралы ақпарат жинадық. Төртінші блок – Turkistan Brand. Бұл жергіліктішеберлерді, дизайнерлерді, өндірушілерді, шығармашылық адамдар мен кәсіпкерлердібіріктіретін қозғалыс.

Сонымен қатар Amazing Turkistan, гастрономиялықмаршруттар, турагенттер базасы, Turkistan Vibeқолөнер бағыты, AuylTourism ауыл туризміжобалары, ақпараттық стендтер, QR-навигация, көптілді каталогтар және контент бағыттары дамыпкеледі. Әр жоба жеке міндетті шешеді, ал барлығыбірге өңірді турист үшін түсінікті әрі қолайлы етеді.

 

Turkistan Weekend жобасы қалай пайдаболды?

Біз қарапайым, бірақ маңызды сұраныстыбайқадық. Адамдар демалыс күндерін отбасымен, достарымен, әріптестерімен немесе қонақтарыменбірге өткізгісі келеді. Бірақ облыста қандайдемалыс базалары, глэмпингтер, қонақ үйлері, қаласыртындағы және экологиялық қонақүйлер бар екенін, олардың бағасы қанша екенін және оғанқалай жетуге болатынын біле бермейді. Ақпарат әржерде шашыраңқы болды.

Біз бірыңғай база жинай бастадық: фотосуреттер, байланыс деректері, геолокация, орналасушарттары, бассейн, тамақтану, инфрақұрылымжәне жол жүру бағыты. Алғашқы кезеңде 174 нысанды қамтыдық. Бұл жай ғана каталог емес. Бұл туристік ағынды облыстың аудандарыарасында қайта бөлуге мүмкіндік беретін жәнешағын бизнеске қосымша танымалдық беретінқұрал. Алдағы уақытта базаны чат-ботпен, картамен және ақпаратты тұрақты жаңартып отыружүйесімен байланыстыруды жоспарлап отырмыз. Сонда турист қажетті ақпаратты бірнеше минуттыңішінде ала алады.

 

Turkistan Brand жобасы өңірге не береді?

Мықты туристік өңірді өзіндік өнімдер мен өзіндік визуалды тілсіз қалыптастыру мүмкін емес. Турист кездейсоқ кәдесый емес, өзі барған жердіңтарихы мен болмысының бір бөлігін алып қайтуыкерек.                                   Turkistan Brand – жергілікті шеберлер, қолөнершілер, дизайнерлер, экологиялық таза өнімдер, гастрономия жәнешығармашылық бастамалар төңірегіндегі қозғалыс.


Біз
жергілікті брендтің заманауи мәдениетінқалыптастырғымыз келеді: сапалы қаптама, өнімнің түсінікті тарихы, заманауи дизайн, әлеуметтік желілердегі ілгерілету және тұрақтысату алаңдары. Тұжырымдама аясында TurkistanBrand, Handmade Turkistan, Eco Turkistan, GiftCenter және Show Room аймақтарын қарастырыпотырмыз. Бұл шығармашылық адамдарға туристікнарыққа шығуға, ал өңірге өзіндік танымал стилінқалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Цифрландыру, жасанды интеллект және жаңабуын маркетингі

 

Сіз жасанды интеллект туралы белсендіайтып жүрсіз. Оны туризм саласында қайбағыттарда қолдануға болады?

Іс жүзінде туристпен байланысатын барлықнүктеде қолдануға болады. Жасанды интеллект контент жасауға және аударуға, жеке туристікмаршруттар құруға, сұраныстарды өңдеуге, пікірлерді талдауға, аудиторияны сегменттеуге, жауаптарды автоматтандыруға және маркетингтіжетілдіруге көмектеседі. Бірақ біз үшін AI – сәндісөз емес. Бұл шағын команданың жылдам жұмысістеп, көбірек бағытты қамтуына мүмкіндік беретінқұрал.

Біз қазір бірнеше тілде материалдар әзірлеп, цифрлық форматтарды сынап, чат-боттар, электронды деректер базасы және визуалдынавигациялық шешімдер бойынша идеялардыжүзеге асырып жатырмыз. Болашақта адам өзініңқанша уақыты бар екенін, кіммен саяхаттайтынынжәне оған не қызық екенін көрсетеді. Ал жүйе оғандайын маршрут ұсынады: киелі орындарға, табиғинысандарға, гастрономияға, отбасылық немесешытырман оқиғалы бағыттарға арналған маршрут.

Тағы бір маңызды бағыт – Open AI Skills Tourism. Біздің ойымызша, сала қызметкерлері, гидтер, қонақүй менеджерлері, туроператорлар және ауданөкілдері AI құралдарын ілгерілету мен сервис үшінқалай қолдану керектігін түсінуі қажет. Технологияқонақжайлылықты алмастырмайды, бірақ онызаманауи әрі тиімді етуге көмектеседі.

 

Заманауи туристік өңірдің маркетингі қандайболуы керек?

Ол тұрақты, эмоциялық және өлшенетін болуыкерек. Турист шешімді бір ғана ресми роликтікөргеннен кейін қабылдамайды. Ол ондаған қысқабейнеролик, пікір, карта, топтама, ұсыныс жәнеадамдардың шынайы оқиғаларын көреді.Сондықтан біз тұрақты коммуникация жүйесінқалыптастырып жатырмыз.

Әлеуметтік желілерде өзара байланысты сегіз жобадамып келеді: Turkistan Travel Guide, гидтерчатботы, Turkistan Brand, Turkistan Weekend, гастротурлар, турагенттер базасы, Turkistan Vibe және Amazing Turkistan.            Әр жобаға өзініңайдары, аудиториясы және ілгерілету воронкасықажет. Біз қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытайтілдерінде контент жасап, тек танымал көріктіжерлерді ғана емес, жаңа нысандарды, адамдарды, қолөнерді, ұлттық тағамдарды, табиғатты жәнеқысқа саяхаттарға арналған идеяларды көрсетеміз.

Біздің философиямыз қарапайым: туристке тек «небар екенін» емес, «ол жерде не сезінетінін» декөрсету қажет. Сондықтан коммуникацияда далаэнергиясы, таулардың ұлылығы, ежелгі тарих, ұлттық тағамның дәмі, қонақжайлық және жаңалықашу сезімі маңызды. Өңірдің өзіндік үні болуыкерек.

 

Шектеулі ресурстар жағдайында нәтижегеқалай қол жеткізесіздер?

Басымдықтарды дұрыс белгілеу, жылдамдықжәне жобалық тәсіл арқылы. Біз бірден бәрінжасауға тырыспаймыз. Практикалық нәтижеберетін міндетті таңдаймыз, қажетті ең азкоманданы құрамыз, пилоттық жобаны іскеқосамыз, кері байланыс аламыз және өнімдіжетілдіреміз.

Екінші қағидатәріптестік. Туризмді бір ғанаұйымның күшімен дамыту мүмкін емес. Ол үшінаудандар, бизнес өкілдері, қонақүйлер, демалысбазалары, қолөнершілер, әуе компаниялары, туроператорлар, БАҚ, блогерлер, университеттержәне халықаралық серіктестер қажет. Үшіншіқағидатжаңа шешімдерге ашық болу. Кейдешағын Telegram-бот немесе дұрыс құрылымдалғандеректер базасы туристке қымбат әрі бір реттікжарнамалық науқаннан да көп пайда әкелуі мүмкін.

Әрине, команда да маңызды. Мен әріптестерімеүнемі айтамын: бүгінгі күні стандарттан тыс ойлайалатын, тез үйренетін және нәтиже үшінжауапкершілік ала білетін адамдар жеңіске жетеді.

 

Түркістан халықаралық картаға шығып келеді

 

Бүгінде қандай халықаралық бағыттарбасымдыққа ие?

Бірінші кезектеӨзбекстан, Қытай, Түркия, Орталық Азия елдері және қазірдің өзінде туристерағыны қалыптасқан негізгі нарықтар. Өзбекстанбіздің ең жақын көршіміз әрі шетелдік туристердіңең ірі көзі. 2025 және 2026 жылдары бірлескенмаршруттар, көлік қолжетімділігі және ілгерілетумәселелері белсенді талқыланды. Түркістаноблысының делегациялары Ташкент, Самарқанд, Үргеніш және Хиуа қалаларында жұмыс істеп, үкімет, туристік ұйымдар және өңірлер өкілдеріменкездесулер өткізді.

Біз үшін көрші қалалармен бәсекелесу емес, Орталық Азияның ортақ туристік маршрутын құрумаңызды. Самарқандқа немесе Ташкентке келгентурист Түркістанға да оңай әрі ыңғайлы түрдесаяхатын жалғастыра алуы керек. Керісінше, Түркістаннан келген турист те көрші елдердіңтуристік нысандарына жол тарта алуы қажет. Бұлүшін жаңа әуе, теміржол және автобус бағыттары, бірлескен жарнама және түсінікті трансшекаралықтуристік өнімдер қажет.

 

Қытаймен ынтымақтастыққа да үлкен көңілбөлінуде. Қандай мүмкіндіктерді көріпотырсыз?

Қытайорасан зор туристік әрі инвестициялықнарық. Түркістан облысының әкімі бастағанделегацияның Хубэй провинциясының Уханьқаласына сапары барысында бизнес пен ұйымдарөкілдерімен нақты байланыстар орнатылды. Қазірбіз оның практикалық жалғасын пысықтапжатырмыз: Түркістан облысына бизнестурларұйымдастыру, маршруттар әзірлеу, инвестициялықұсыныстар дайындау, кәсіпкерлермен кездесулержәне ықтимал бірлескен жобалар.

Ухань және Shilian Group компаниясыныңсеріктестерімен байланыс жүргізіп, туризм, заманауи ауыл шаруашылығы, энергетика жәнебасқа да салалардағы бағыттарды талқылапжатырмыз. Туристік ақпараттық орталық ретіндебіздің рөлімізөңірді тек саяхат бағыты ретіндеғана емес, іскерлік ісшаралар, инвестициялар жәнеөңіраралық ынтымақтастық алаңы ретінде декөрсету.

Халықаралық сапардың фотосурет пен хаттамағағана айналып қалмағаны өте маңызды. Әр сапарданкейін нақты ісқимыл жоспары: байланыстұлғалары, мерзімдер, маршруттар, бизнесбағдарлама және жауапты тараптарқалыптасуы тиіс. Дипломатия осылайшаэкономикалық нәтижеге айналады.

 

Тағы қандай халықаралық байланыстардыатап өтер едіңіз?

Өзбекстанның туроператорларымен байланыстыдамытып жатырмыз, әуе компанияларыменынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде бортжурналдары мен QR-сервистер арқылымаршруттарды ілгерілетуді талқылаудамыз. Австрия, түркиялық қонақүй бизнесініңөкілдерімен, халықаралық компаниялармен жәнедипломатиялық миссиялармен кездесулер өтті.

Сонымен қатар Euronews журналистерінің сапарынерекше атап өткім келеді. Олар СайрамӨгем менАқсуЖабағылымен қоса, Түркістан облысыныңтабиғи аумақтарын түсірді. Бұл маңызды белгі. Себебі халықаралық көрерменге тек Ясауи кесенесі ғана емес, өңірдің экотуризмі де қызықты. Мұндай материалдар туристік бағытқа деген сенімді қалыптастырып, Түркістанды жан-жақты өңір ретінде көрсетеді.

Әр халықаралық байланысты біз контентке, маршрутқа, келісімге, жаңа туристік ағынға немесе инвестициялық диалогқа айналдыруға тырысамыз.

 

Табиғат, аудандар және ауыл туризмі

 

— Ұзақ уақыт бойы Түркістан ең алдымен тарихи қала ретінде қабылданды. Облыстың барлық алуантүрлілігін қалай көрсетуге болады?

— Бұл – біздің басты міндеттеріміздің бірі.Түркістан облысы бір ғана локациядан тұрмайды. Мұнда Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем ұлттық паркі, таулы шатқалдар, каньондар, дала маршруттары, ежелгі қалалар, киелі орындар, ауылдық аумақтар және гастрономиялық дәстүрлер бар.

Біз туристің өңірде ұзағырақ қалып, бірнеше ауданға барғанын қалаймыз. Ол үшін бір, екі, үш және бес күнге арналған дайын маршруттар қажет. Мысалы: Түркістан – Отырар – Арыстанбаб; Түркістан – Кентау – Қаратау; Түркістан – Сайрам-Өгем; Түлкібас және Төле би аудандарының табиғи маршруттары; гастрономиялық және қолөнер бағытындағы сапарлар.

Ауыл туризмінің әлеуеті ерекше жоғары.AuylTourism жобасы ауыл тұрғындарына қонақ үйлер, шағын этнонысандар, фермерлік турлар, шеберлік сабақтары, жергілікті тағамдар мен қолөнер кеңістіктерін құруға көмектесуі тиіс. Бұл үшін әрдайым ірі инвестициялар қажет емес. Стандарттар, оқыту, өнімді дұрыс ұсыну, жарнама және цифрлық платформаға қолжетімділік қажет.Егер ондаған ауыл отбасы туристерді қабылдай бастаса, бұл жаңа табыс көзіне айналып, дәстүрлердің сақталуына ықпал етеді.

 

— Аудандардағы туризмнің өсуіне бүгінде не кедергі?

Негізгі мәселелер белгілі: көлік қолжетімділігі, жекелеген нысандарға апаратын жолдар, санитарлық орындар, навигация, қызмет көрсетусапасы, толық ақпарат пен статистиканың болмауыжәне маусымдылық. Мысалы, барлық орналастыру және демалыс нысандары өз деректерін тұрақты түрде ұсына бермейді. Соның салдарынан ресми статистикалық көрініс толық болмайды және өңірге инфрақұрылымды жоспарлау қиындай түседі.

Біз бірыңғай тәсілдер қалыптастыруымыз керек: ақпараттың ең төменгі стандарттары, өзекті байланыс деректері, геолокация, фотосуреттер, қызмет сипаттамасы және ақпаратты тұрақты жаңарту. Сонымен қатар кәсіпкерлерді пікірлермен жұмыс істеуге, брондау жүйелеріне, онлайн сатылымдарға және көптілді контентке үйрету қажет. Кейде нысан өте әдемі болады, бірақ турист ол туралы білмейді. Маркетинг – сервистің бір бөлігіне айналып отыр.

 

Сервис ақпараттан басталады

 

— Қала мен облыста туристерге қолайлы жағдай жасау үшін қандай шешімдер ұсынып отырсыздар?

— Ақпарат туристі әуежайда, вокзалда, қонақүйде, автожолда және көрікті жерлерде қарсы алуы керек.Сондықтан біз мобильді ақпараттық стендтер, карталар, каталогтар және QR-навигация форматтарын әзірлеп жатырмыз. Қонақүйлердегі стендте облыстың картасы, дайын маршруттар және ақпараттық материалдарға арналған арнайы орын болуы мүмкін. Ал әуежайлар мен көлік тораптарында Түркістанның бейнесін бірден қалыптастыратын ірі визуалды конструкциялар қажет.

Сонымен қатар Coworking Guide Center – гидтер, туристер, туроператорлар және жас мамандар ақпарат алып, жұмыс істеп, жаңа өнімдер жасай алатын кеңістік құруды ұсынып отырмыз. Turkistan Official Travel Guide ресми көптілді каталогы да маңызды. Онда қалай жетуге болады, нені көруге болады, қайда тұруға, қайда тамақтануға, нені сатып алуға болады, көлік, қауіпсіздік және QR-сілтемелер туралы ақпарат болуы тиіс.

Сервис – қызметкердің күлімсіреуі ғана емес. Сервис дегеніміз – адамның артық қоңыраулар шалмай-ақ қажетті ақпаратты тауып, маршрутын түсініп, өз сапарына сенімді болуы.

 

— Гидтердің рөлін қалай бағалайсыз?

— Гид – өңірдің дауысы. Оның біліміне, сөйлеу мәдениетіне, қонаққа деген қарым-қатынасына және әңгімелей білу қабілетіне туристің алған әсері тікелей байланысты. Сондықтан бізге кәсіби гидтер қауымдастығы, мамандар базасы, оқыту жүйесі, шет тілдері, цифрлық дағдылар және бірыңғай стандарттар қажет.

2026 жылдың 1 тамызынан бастап гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушыларының қызметіне қатысты жаңартылған ережелер күшіне енеді. Бұл нарықтағы жұмысты жүйелеуге қосымша мүмкіндік береді. Біз мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат беріп қана қоймай, олардың кәсіби дамуына да көмектескіміз келеді: профильдер, маршруттар, бейневизиткалар жасау және цифрлық сервистер арқылы туристерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

 

Туризм – жастар мен кәсіпкерлер үшін мүмкіндік

 

— Туристік салаға кімдерді тартқыңыз келеді?

— Құндылық жасай алатын адамдардың барлығын.Туризмге гидтер, аудармашылар, дизайнерлер, фотографтар, видеографтар, сәулетшілер, IT-әзірлеушілер, маркетологтар, аналитиктер, аспаздар, аниматорлар, қолөнершілер және кәсіпкерлер қажет. Тіпті өз ауылының тарихын немесе отбасылық тағам дайындау дәстүрін жақсы білетін адам да туристік өнімнің бір бөлігіне айнала алады.

Әсіресе жастарға айтқым келеді: біреудің мінсіз жағдай жасап беруін күтудің қажеті жоқ. Белгісіз бір нысан туралы сапалы бейнеролик түсіруден, маршрут әзірлеуден, шеберлік сабағын өткізуден, заманауи кәдесый жасаудан, қонақүйдің әлеуметтік желілерін жүргізуге көмектесуден немесе шағын цифрлық сервисті іске қосудан бастауға болады. Туризм талантты кәсіпке, ал туған жерге деген сүйіспеншілікті сұранысқа ие өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.

 

— Сіз үшін қандай басқару қағидаты негізгі?

— Нәтиже көзге көрінетін әрі пайдалы болуы керек. Маған жобалық менеджмент қағидаты жақын: әр бағыттың міндеті, мерзімі, жауапты адамы және түсінікті нәтижесі болуы тиіс. Егер біз деректер базасын жасасақ, ол туристке көмектесуі керек. Егер көрмеге қатыссақ, одан кейін нақты байланыстар мен сатылымдар пайда болуы қажет. Егер басқа елге барсақ, сапардың жалғасы бойынша нақты жоспар болуы керек. Егер бренд іске қосылса, кәсіпкерлер жаңа аудиторияға шығуы тиіс.

Екінші қағидат – батылдық. Туризм креативтілікті талап етеді. Кейде идея алғашында тым ерекше болып көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осындай шешімдер өңірді ерекшелендіреді. Халықаралық нарықта ескірген форматтарды көшіріп, бәсекеге түсуге болмайды. Италия, Түркия, БАӘ, Қытай, Өзбекстан және басқа елдердің үздік тәжірибелерін зерттеу керек. Бірақ Түркістанның мәдениетіне негізделген өзіндік стилімізді қалыптастыруымыз қажет.

 

Түркістан ертең қандай болады?

 

— Бірнеше жылдан кейін Түркістан облысын қалай елестетесіз?

— Мен туристер бірнеше сағатқа ғана емес, бірнеше күнге келетін өңірді елестетемін. Таңертең турист ежелгі Түркістанның тарихымен танысады, күндіз тауға немесе қорыққа барады, кешке жергілікті тағамнан дәм татып, заманауи кәдесый сатып алады және келесі сапарын жоспарлап отырады. Ол көлік, маршрут, гид пен қонақүйді бірыңғай цифрлық сервис арқылы оңай таба алады.

Мен іскерлік іс-шаралардың, халықаралық форумдардың, ақпараттық турлардың және кәсіби көрмелердің мықты күнтізбесі бар өңірді көремін.Жаңа әуе бағыттары, Өзбекстанмен, Қытаймен, Түркиямен және басқа нарықтармен белсенді ынтымақтастық дамиды. Ондаған ауылдық қонақүйлер, әр ауданда туристік жобалар және әлемдік деңгейдегі контент жасайтын жас командалар пайда болады.

Бізде ең бастысы бар – бірегей тарих, табиғат, мәдениет және қонақжай халық. Енді оған сервис, технология, жүйелі маркетинг және заманауи басқаруды қосу қажет. Алғашқы нәтижелер бар. Бірақ бұл – тек бастамасы.

 

— «Южанка» оқырмандарына айтар басты ойыңыз қандай?

— Туризмшынымен де өте керемет сала. Ол экономиканы, мәдениетті, технологияны, білімді және адамдар арасындағы қарым-қатынасты біріктіреді. Бұл – бизнес, өзін-өзі дамыту және аумақтарды өркендету үшін орасан зор мүмкіндік.

Түркістан облысы Орталық Азиядағы ең танымал туристік өңірлердің біріне айнала алады. Бірақ мұндай нәтижеге бір ұйым немесе бір маусым ішінде қол жеткізу мүмкін емес. Ол жүздеген бастаманың нәтижесінде қалыптасады: қонақүйдегі сапалы қызмет, маршруттағы тазалық, гидтің кәсіби жұмысы, сапалы фотосурет, жаңа рейс, ауыл тұрғынының қонақжайлығы және жас кәсіпкердің батыл идеясы.

Біз осы бағытта қозғала бастадық және алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Ең маңыздысы – тоқтап қалмау. Түркістан таңғалдыруы, шабыттандыруы және адамға ұлы тарихпен қауышқанын, сонымен қатар болашақтың энергиясын сезінгенін ұқтыруы керек.

 

OPEN TURKISTAN: ТАРИХ • ТАБИҒАТ • СЕРВИС • ТЕХНОЛОГИЯ • БОЛАШАҚ

 

Анықтама: Open Turkistan-ның негізгібастамалары

* Turkistan Travel Guide — маршруттар мен пайдалы ақпараттың цифрлық базасы.

* Туристер мен гидтерге арналған Telegram-бот.

* Turkistan Weekend — алғашқы кезеңде 174 демалыс және орналастыру нысанын қамтитынбаза.

* Turkistan Brand — қолөнершілерді, дизайнерлердіжәне жергілікті өнімдерді ілгерілету.

* Amazing Turkistanөңірді эмоциялық жәнехалықаралық деңгейде ілгерілету.

* AuylTourismқонақ үйлерді, ауылдықмаршруттарды және жергілікті ерекшеліктердідамыту.

* Гастрономиялық маршруттар және турагенттербазасы.

* Turkistan Vibe және қолөнер орталығын дамыту.

* Ақпараттық стендтер, карталар, каталогтар жәнеQR-навигация.

* Open AI Skills Tourism — туризм саласындажасанды интеллект пен цифрлық дағдылардықолдану.

 

Статистикалық көрсеткіштер 2025 жыл және2026 жылдың қаңтармамыр айлары бойыншақолда бар ресми және жұмыс деректеріненегізделген және қорытынды статистика жарияланғаннан кейін нақтылануы мүмкін.