Түркістан облысы аумағында 2026 жылдың 10 айында жасалған құқықбұзушылықтардың жай-күйіне және қоғамдық орындарда, оның ішінде көшеде жасалған құқықбұзушылықтар зерделенді.
Ағымдағы жылдың 10 айында СДТТБТ 3 848 (4 399) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген, -12,5% төмендеген.
Ең көп құқықбұзушылық Арыс 15,0% (100-ден 115-ке), Мақтаарал 4,1%(147-ден 153-ке) аудандарында тіркелген.
Қылмыстың санаттары бойынша ауырлығы орташа -24,3% (1149-дан 870-ке) төмендеу онша ауыр емес -9,5% (954-тен 835-ке), ауыр қылмыстар -7,9% (1378-ден 1269-ға) төмендесе.
Ал, аса ауыр қылмыстардың саны 50,0% (56-дан 84-ке), жоғарылаған, Сауран 400% (2-ден 10-ға), Мақтаарал 300% (1-ден 4-ке), Кентау 200% (3-тен 9-ға), Қазығұрт 150% (2-ден 5-ке), Арыс 100% (0-ден 3-ке), Отырар 100% (0-ден 2-ге), Сарыағаш, Түлкібас 75% (4-тен 7-ге), Сайрам 60% (5-тен 8-ге), Келес 50% (4-тен 6-ға), Төлеби 33,3% (6-дан 8-ге),қала/аудандарда жәйіттері орын алған
Қылмыстың баптары бойынша:
– ұрлық -16,1% (361–ден 303-ке) төмендегінімен, ал Бәйдібек 350% (2-ден 9-ға), Келес 44,4% (9-дан 13-ке), Сарыағаш 8,1% (37-ден 40-қа) аудандарында жоғарлаған.
Адам өлтіру қылмыстары 12,5% (24-тен 27-ге), адам өлтіруге оқталу 18,2% (11-ден 13-ке) денсаулыққа ауыр зиян келтіру 7,1% (42-ден 45-ке) жоғарлаған.
Бұзақылық – 21,4% (117-ден 92-ге) төмендеген, Сауран 800% (1-ден 9-ға), Арыс 100% (0-ден 2-ге), Отырар 100% (0-ден 1-ге), Түлкібас 75,0% (4-тен 7-ге) жоғарлаған.
Интернет-алаяқтық қылмыстары – 43,4% (671-ден 380-ге), есірткі қылмыстарының жалпы деңгейі – 14,1% (410-нан 352-ге) төмендеген.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны – 16,5% (802-ден 670-ке) төмендеген, Мақтаарал 33,3% (21-ден 28-ге), Ордабасы 25,0% (24-тен 30-ға), Отырар 16,7% (6-дан 7-ге), Түркістан 13,4% (142-ден 161-ге), Шардара 13,0% (23-тен 26-ға) аудандарында жоғарлау байқалады.
Көшеде жасалған қылмыстар саны – 16,7% (575-тен 479-ға) төмендеген, Отырар 66,7% (3-тен 5-ке), Мақтаарал 57,1% (14-тен 22-ге), Шардара 50% (12-ден 18-ге), Ордабасы 29,4% (17-ден 22-ге), Түркістан 13,8% (94-тен 107-ге), қала/аудандарда жоғарлаған.
Бұдан басқа, алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалынғанқылмыстар саны 0,6% (359-дан 361-ге), топпен жасалған 51,9% (160-тан 243-ке) өскен, ал отбасылық-тұрмыстық салада жасалынған қылмыстар1,8% (220-дан 224-ке) жоғарлаған.
Жалпы, өңірдегі қылмыстың деңгейі төмендегені байқалады. Дегенмен, қол жеткізілген оң нәтижелерге тоқталмай, қылмыстылықтың төмендеу динамикасын сақтау, оң тәжірибені барлық аудандар мен қалаларға енгізу және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін одан әрі арттыру, қылмыс деңгейі өскен аумақтар бойынша нәтижелі шаралар қабылдау арқылы өңірдегі криминогендік ахуалды тұрақтандыру қажет. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
