Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясында алдын-ала арнайы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 6 Ақпан — Дүниежүзілік сайлау күніне орай, «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара барысында Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев Республикасының сайлау жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар, азаматтардың сайлау процесіндегі құқықтары мен міндеттері, Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясы мен жоспарлары туралы мәліметтер берді.
Қатысушылар өздерінің сайлау процесіне қатысты: сайлаудың ашықтығы, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері ретінде байқаушылардың міндеттері, қаладағы аудан әкімдерін сайлау, жалпы сайлау жүйесі туралы заңнамасында болып жатқан өзгерістер туралы сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Қатысушылар арнайы ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдіріп, комиссия мүшелері мен жалпы сайлаушыларды аталған мерекемен құттықтады.