Cайлаудың алдында халыққа берген уәделердің орындалуына мониторинг басталды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалдында халыққа берген уәделерінің орындалуына мониторингті бастады

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңес төрағасы Қосмамбетов Ержан Төлебекұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиынға кеңес мүшелері, депутаттар, облыстық бақарма басшылары мен қоғамдық бірлестік өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық фииалы жанындағы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңес облыстық партия филиалы жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады. Кеңестің негізгі мақсаты партияның Түркістан облысы бойынша 2023 — 2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау», «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Қолжетімді сапалы медицина» бағыттары бойынша іске асырылуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара әрекет етіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1) «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекіту туралы және «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының «Қолжетімді сапалы медицина» және «Ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау» бағытында айқындалған міндеттердің орындалуы туралы.
Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына сайлауалды берген уәделердің орындалуы және медицина саласындағы құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасына мін беруді ұсынды. Айта кетсек, Түркістан облысында 95229 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр. Республика бойынша бұл көрсеткіш 14 пайызды құрайды. Оның 83 173 ересектер болса, 12 056 мүгедектігі бар балалар.
Бүгінгі күні, облыс бойынша аудан, қалаларда қоқанда жалпы 43 инватакси мен 50 әлеуметтік таксилер қызмет көрсетуде. Облыс бойынша 2023 жылға әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 776 нысанды бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңға соның 581 нысаны бейімдеу шараларымен қамтылды. Сонымен қатар, жалпы сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін 28 жаңа денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланса, оның 10 нысаны 2024 берілмек.

 

Сонымен қатар, балалардың жазғы демалыс уақытысын жазғы сауықтыру лагерлерінде сапалы әрі тиісті дәрежеде демалуына қатаң бақылау қажеттілігі туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсынылды. Жиын барысында аталған мәселелер толық талқыланып, біршама қатысушылар ойларын ортаға салды, пікірлерін айтты. Барлық тақырыптардың өзектілігі ашылып, жан-жақты талқыланды. Жиналыс барысында айтылған ұсыныс-тілектердің барлығы хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта кеңес мүшелері тарапынан қосымша жолданатын болады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*