Кентау қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде математика, физика бірлестік жетекшілерінің тамыз отырысы өтті. «Жасанды интеллект және білім беру: жасанды интеллектті мектептердегі оқу процесіне ендіру жолдары» тақырыбымен ұйымдастырылған басқосуда алдағы жоспарлар пысықталды.
Бірлестік отырысында сөз алған Кентау қалалық білім бөлімінің әдіскері Х. Жайықбаева өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерді талдай отырып, жаңа оқу жылына пән мұғалімдеріне жаңа міндеттемелер қойды. 2024-2025 оқу жылында ҚР-ның жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталды. Жаңашыл мұғалім қоғамның негізгі қозғаушы күші екендігін, ұлттық мүддені жаңғырту арқылы сананы ояту қажеттігін айтып өтті. Жасанды интеллект және білім берудегі инновациялық технологиялардың білім беру процесіндегі өзектілігіне тоқталды.
Математика, физика сабақтарында жасанды интелектіні тиімді пайдалану жайында мұғалімдер практикада қолданып жүрген тиімді тәсілдерімен бөлісті. Жасанды интеллект-информатика, биология, психология, лингвистика, математика, Машина жасау сияқты пәндерге негізделген ғылым мен технология. Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарының бірі-адамның ақыл-ойымен байланысты компьютерлік функцияларды дамуы. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Х. Жайықбаева «Тамыз педагогикалық оқуының тақырыбы мен мақсатын, бағдарламасымен» таныстырып өтті.
«Қазіргінің болашағы: жасанды интеллект-ChatGPT» М. Горький атындағы N8 ШЖЖББМ-нің физика пәні мұғалімі А. Батырбеков, Ә.Молдағұлова атындағы №19 м –л-нің математика пәні мұғалімі Ж. Кенжебекова «LS зерттеулері-білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі»,
Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі А. Анламасова «Жасанды интелект және креативті ойлау» , Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Н. Атабекова «Современные тенденции в преподавании математики», Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің матеатика пәні мұғалімі Ж. Кенәлі «Математика сабағына оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану», Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гмназиясының математика пәні мұғалімі А. Атажанова «Цифрлық білім беру ресурстарын математика сабағында тиімді қолдану», Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гмназиясының математика пәні мұғалімі Ә. Серікбаева «Математика сабақтарында кері байланыс жасаудың заманауи тәсілдері» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Тамыз оқуына қаысқан мұғалімдер кері байланыс беріп, түрлі сұрақтарға жауаптар алды.
Жиын соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Х. Жайықбаева жаңа оқу жылында шығармашылық топтардың жұмысын жандандыра отырып, тәлімгерлікті ұйымдастыру, үлгілік оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларын; жоба қызметін дамыту, пәндік олимпиадаға дайындықты жүргізуді қолға алу ұсынылды. 2024-2025 оқу жылында оқушы мен мұғалім жетістігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру әрбір пән мұғаліміне міндет екендігін айтып өтті.