
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДІ


Түркістан облысының 30-дан астам табиғи монополия субьектілерінің 250-ден астам қызметін біріктіретін «I-Qala» цифрлық коммуникация сервисі құрылды. Сервис арқылы жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Түркістан облысының жеке кәсіпкерлері дербес шот ашуға, анықтама, техникалық шарт, су, электр, жылумен жабдықтау және су бұру секілді қызметтерге шарт жасауға өтінім бере алады.
Тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңба немесе СМС арқылы өтінім беріп, қажетті қызмет түрін таңдап, мәліметтерді толтыру және өтінімді жіберу жеткілікті. Аталған жүйе қолданушыларға үйден шықпай қызмет алумен қатар, өз өтінішінің орындалуын онлайн режимде бақылай алады.
Осылайша аталған жоба кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет алудың ыңғайлы және жылдам тәсілін ұсына отырып, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді жою арқылы бизнесті жүргізу мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Барлық қызмет түрлерін https://iturkistan.kz/ сайты арқылы біле аласыздар!
Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Келес ауданының “Құрметті азаматы” Асқар Мамырбаев елімізде боқтағандарға емес, керісінше тілі мен дәстүрін ұмытқандарға айыппұл салу керек деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парашасында мәлімдеген.
“Боқтауға тиым салу- қазақты тағы бір дәстүрінен айыру! Оңтүстікте, жалпы қазақта інілерін жөнге салу үшін, жеңгелерге қарата зілсіз боқтау салты бар еді. Оған да айыппұл салынады ма?Салт, дәстүрлерімізді біртіндеп жою жүріп жатқан жоқ па? Одан да тілі мен дәстүрін ұмытқандарға салыңдар айыппұлды! Анық қазынаның жыртығын жамауға қаражат қажет болып жатса!” -деп жазба қалдырған Асқар Мамырбаев.
Бұл пікірді әлеуметтік желіде талқылап, қолдау білдіріп жатқандар да аз емес. Алайда белгілі сәулетшінің сөзін құп көрмегендер де кездеседі. Олардың қатарында бұған дейін облыстың құрылыс, сәулет басқармасында басшы қызметтерін атқарған Құттыбек Жамашевта бар.
Құттыбек Жамашев керісінше “Салттың тозғанын” ұмытсақ, ештеңе жоғалмайтынын жазған. Осылайша, “боқтауға” келгенде белгілі сәулетшілердің пікірі екіге бөлініп отыр. Айта кетейік, елімізде былапыт сөзге – 69 мың теңге айыппұл салу мәселесі қаралуда.
Суреттер Асқар Мамырбайдың фейсбук парақшасынан алынды…
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері екі тәсілмен көбейтілді:
– біріншісі, алып жүрген зейнетақылары 10,5%-ға көбейтілсе;
– екінші тәсіл бойынша, зейнеткерлердің орташа айлық табыстарына байланысты көбейтілді, яғни орташа айлық табыстары жоғары болса олардың зейнетақылары да көбірек болады.
Ал, жәрдемақылар жалпы 8,5%-ға өсті.
Бүгінгі таңда, балалы отбасыларды қолдаудың негізгілерінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап 5 жыл көлемінде әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жас деңгейінде тоқтатыла тұрады. Яғни осы жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жас.
Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды. Келесі 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды.
Бұл жүйенің негізгі мақсаты отбасының қандайда бір жәрдемақыға құқығы болған жағдайда СМС-хабарлама жіберіп, олардың келісімі алынғаннан кейін әлеуметтік төлемдерді тағайындауды автоматты түрде жүзеге асыру болып табылады.
Осы енгізілген өзгерістерге орай 2022 жылдың 20-30 желтоқсан аралығында облысымыздың барлық аудан, қалаларында «2023 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, әлеуметтік төлемдерді арттырулар мен отбасының цифрлық картасы бойынша» ақпараттық-насихаттау жұмыстар жүргізілді.
Түркістан облысы Шардара ауданында жеке тұрғын үйде жарылыс болды – деп хабарлайды “Хабар24” телеарнасы. Төтенше жағдай Министрлігінің мәліметінше оқыс оғиғадан әйел адам қаза тапқан. Мамандар марқұмның денесін қиранды астынан алып шыққан. Алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылып, үйдің шатыры опырылып түскен. Құтқарушылар келгенге дейін, көршілері қиранды астынан екі баланы алып шыққан. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД мамандары арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр.
Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне сол кездегі қолданыстағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының» талаптарына сәйкес 2022 жылы 365 білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынып, оның ішінде 218 балабақша (59 мемелекеттік, 159 жекеменшік), 139 мектеп (137 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 8 колледж (2 мемелекеттік, 6 жекеменшік) білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау жүргізілген болатын.
Мемлекеттік аттестаттау барысында 54 білім беру ұйымы (14,7%), оның ішінде 32 балабақша (14,6%), 22 мектеп (15,8%) мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Ал, 311 білім беру ұйымы (85,3%), оның ішінде 186 балабақша (85,3%), 117 мектеп (84,2%), 8 колледж (100,0%) бірінші ретте мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.
Қайта мемлекеттік аттестаттау барысында кемшіліктер толық жойылған 233 білім беру ұйымының есебі бойынша кемшіліктер жойылып, МЖМБС-ның талаптарына сәйкес деп танылып, қайта аттестатталды. Қосымша айта кететін болсақ, МЖМБС-ның талаптарына сәйкес келмеген, кемшіліктер толық жойылмаған 2 балабақша (Сарыағаш ауданы, «Нұр Эшан», «Нұр- Мамыр» бөбекжай-балабақшасы) аттестатталмады, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-бабы 8-4-тармағы бойынша хабарламалар тізілімінен алынды.
Бүгінгі күнде, 2022 жылғы тізбеде бекітілген 366 білім беру ұйымының 365 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп («Болашақ»колледжі Шымкент қаласына ауысып кетуіне байланысты жүргізілмеді), жоспар 98,3 пайыз орындалды.