Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын комиссия төрағасы Сұлтан Көшенов жүргізді.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Нұржан Әшіров, Жаңабай Ағабеков, Ғабиден Қапалбаев, Сүлеймен Арыстанов,Ербол Ералиев, Төрегелді Қалмұратов, Нұржан Сейітжанов, Еркебұлан Хандиллаев, Талғат Қаржауов, Қанат Нышанов, Гүлшат Мәлікова, Нұрайым Шақимергенқызы қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту, Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту мәселелері талқыланды.
Депутаттар жауапты басқарма басшыларына сауалдарын жолдап, бірқатар мәселелерді бақылауға алуды ұсынды.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына Алмас Салимов төрағалық етті. Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Талғат Қозбеков, Бейсен Тәжібаев, Ертай Алтаев, тұрақты комиссия мүшелері Ғалымжан Елшібай, Жанар Темірбекова, Қайрат Салыбек, Бахыт Басымбек, Қалыйма Жантөреева, Бегімбет Байғараев, Мырзахан Манапов, Уалихан Рахиев, Талғат Садуов, Байммахан Сүлейменов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі, Түркістан облысының туризм басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн, оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау мәселелері талқыланды. Одан бөлек, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасына тәртіптік жаза қолдану туралы қаралды.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылышешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатындатұрғындармен кездесу өтті.
Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралыққұқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, сондай-ақ Арыс қалалықмәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы Арысқалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі идеялармен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерінортаға салды.
Алғашқы сөзді Ермек Бекбосынов алып, Жолдаудың маңыздылығы мен оның қоғамөміріне әсері туралы жан-жақты баяндады. Одан кейін Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс және Арыс қалалық татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Расиль Байков ойларын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Президент Жолдауының еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Президент айқындаған жаңаша тәсілде жұмыс жасаудың маңызды 7 міндетіне тоқталды.Нұралы Әбішов инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистиканы және туризмді жаңаша дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті цифрлық дамыту, адам капиталын дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталып, облыста және қалада атқарылып жатқан жұмыстарды тарқата айтты.
Сондай-ақ, Жолдаудағы әрбір тапсырманың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, азаматтарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оны іске асыруда бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.
Халықты баспанамен қамту маңызды мәселе. Түркістан облысында осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында облыс орталығында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 отбасыға демеушілердің қолдауымен жаңа баспананың кілті табысталды. Соның ішінде 4 отбасының баспанасына халық қалаулылары атсалысты. Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Мағауия Тұрысбеков пен Жомарт Абдибаев өз қаражаттары есебінен 4 мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады.
Үшқоңыр көшесінде орналасқан әсем де жайлы баспаналардың әрқайсысы 68 шаршы метрді құрайды. Үш бөлмелі баспаналар ас үй, жуынатын бөлмемен жабдықталған. Электр желісі, табиғи газ және ауыз сумен қамтылған.
Баспана кілтін табыстау сәтінде тұрғындар өз қуаныштарымен бөлісіп, демеушілерге алғыстарын жеткізді.Айта кетейік, бұл отбасылар облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, баспана мәселесін көтеріп, көмек сұраған болатын. Өтініш қабылданды. Халық қалаулылары халық өтінішіне назар аударып, көмек қолын созды.
– Баспана мәселесі бүгінде өзекті. Үй кезегінде тұрған халық жыл сайын баспаналы болса деп тілеймін. Қолдан келсе мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді азаматтық парыз деп есептеймін. Мереке қарсаңында баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтаймын,-деді депутат М.Тұрысбеков!
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 23 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Жыл басынан бері 400-ден астам пәтер үлестірілді. Жыл соңына дейін тағы 500-ден аса пәтер беріледі деп жоспарлануда.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Конституция күні құтты болсын!
Еліміз өркендеп, даму жолында жарқырап келе жатқаны баршаға аян. Игіліктің ізгі жолында ел азаматтары айтулы істер атқарып келеді. Соның бірі – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов. Халық қалаулысы барша қазақ елін мерекемен құттықтады.
– Құрметті отандастар!
Сіздерді Ата Заңымыз қабылданған күн – Конституция мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – халқымыздың тәуелсіздігінің айғағы, елдігіміздің берік тұғыры. Ол – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі, ынтымағымыздың тірегі. Осындай салтанатты күні баршаңызға амандық, ырыс-береке, табыс тілеймін. Егемен еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріміз жемісті, бастамаларымыз сәтті болсын! – деді депутат М.Манапов!
Қазақ елі алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындығын еңсеріп, биікке көтеріліп келеді. “Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!” – деген халық қалаулысы ел болашағы үшін игі істердің қолдаушысы болып келеді. Өз сайлаушыларына қайырымдылық жасап, жастар мәселесінде белсенділік танытып жүрген депутат ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында еңбек етіп жүр.
Ұлттық бірлігіміздің негізін қалаған 30 тамыз – Конституция күні баршаңызға құтты болсын!
Астана күні құтты болсын!
Баршаңызды 6-шілде Астана күні – мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.
Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.
Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Уалихан Рахиев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты!
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Ж.Ағабеков, С.Арыстанов, Ғ.Қапалбаев, Б.Байғараев, И.Намазбаева, Т.Қаржауов, Т.Садуов, Б.Шойбеков, Е.Хандиллаев, Е.Үсентаев өңірде салынып жатқан бірқатар спорт нысандарының құрылысымен танысты.
Халық қалаулыларына құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрханов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғ.Құдияров спорт нысандарының жай-күйін таныстырды. Атап айтқанда депутаттар есу каналын, атшабар көпфункциялы спорт нысанын және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді.
Жалпы, «Түркістан қаласында спорт кешендері бар ескек есу каналының құрылысы» жобасын іске асыру 3 кезеңнен тұрады. Жобаның құрылысы 2021 жылы басталған.
Есу каналы олимпиадалық стандартқа сәйкес жабдықталған. Су спорты түрлерінен оқу-жаттығу жиындары, Әлем және Азия біріншіліктері мен ірі халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған.
Мұнда академиялық есу, триатлон, каноэде және байдаркада есу, желкенді спорт және жүзу спорт түрлері дамытылады.
Есу каналында 1000 орындық трибуна, эллинг, төреші мұнарасы, жағажай аймағы, көпір қарастырылған.
Ал, атшабар көпфункциялы спорт нысанның құрылысы 2 кезеңнен тұрады.Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Алдағы уақытта мұнда жүйелі түрде ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәйгелер ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдерге арналған жарыстар өткізілмек.
Сонымен қатар, депутаттар Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешені оқу-жаттығу жиындарымен республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған.
Мұнда бокс, дзюдо, еркін күресі, грек-рим күресі, баскетбол, волейбол, таэквондо, каратэ, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, самбо және үстел теннисі спорт түрлері дамытылады.
Спорт кешенінде жиналмалы 320 орындықты әмбебап спорт залы, бокс залы, күрес залы, таэквондо залы, ауыр атлетика және жаттығу залы, дәрігер кабинеті, 72 орындық конференц-зал, 48 орындық буфет, футбол және баскетбол алаңшалары бар.
Сондай-ақ, спорт кешені заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бір мезетте 200 спортшы жаттығу өткізе алады.
Халық қалаулылары спорт нысандарын аралап болған соң, Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде аралауды қорытындылап, жиын өткізді.
Мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және депутаттар спорт нысандарының салынуы сыртқы және ішкі туризмді дамутуға үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде орналасқан залдағы орындықтар санын көбейтуді ұсынды.
Жалпы, депутаттар атқарылған жұмыстарды оң бағалап өтті.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Жәнібек Сүлейменов, Уалихан Рахиев және Қайрат Салыбек Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев және облыс мәслихатының депутаты Басымбек Бахыт, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында облыс мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов Сарыағаш ауданына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде Сарыағаш қаласы аумағынан кезектегі азаматтарға жер учаскесін беру мәселесі, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекені
аумағындағы ауыз су тапшылығын шешу бойынша талап-тілектер айтылды.
Жер телімдерін беру бойынша қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, жер инспекциясына ұсыныс беру арқылы 120 га жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Депутаттар тарапынан мәселе бақылауға алынатын болды.
Ал ауыз су тапшылығы бойынша Су және ирригация министрлігімен кездесіп, мәселе айтылған. Ауданда жазғы мезгілде ауыз су тапшылығы орын алатыны жасырын емес. Өгемнен келетін су мәселесі шешілгеннен соң, тапшылық жойылатын болады және аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді аудан әкімі.
Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Мырзахан Манапов, Нұржан Сейітжанов Отырар ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов және депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
Жиында облыс мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов ауданға бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Есепте тұрғындар тарапынан елдімекендердегі ішкі жолдарды асфальттау, сапалы ауыз сумен және бірқатар тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамту, мәдениет үйін салу сынды мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, Отырарлықтар орталық емхананың ауласын абаттандыру, ем алушыларға қолайлы демалыс орындарын жасау және ауданға жаңа жедел-жәрдем көліктерін беруді сұрады.
Депутаттар облыстық деңгейдегі бірқатар проблемалардың шешілуіне ықпал ету мақсатында жауапты атқарушы органдарға сауалдар жолданатынын жеткізді.
Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов тұрғындардың өтініштері қараусыз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елдің экономикасын арттыру мен өңірлерге инвестиция тартуды міндеттеп отырғанын атап өтті.
– Инвестиция тарту біздің өңір үшін үлкен мүмкіндіктердің бастамасы. Қазір біздің қоғамға оған деген түсінікті дұрыс жағынан қалыптастыра білу керек. Себебі жаңа кәсіпорындар, жаңа жобалардың есебінен халыққа жұмыс орындары ашылады. Ауыл-аймақтың әлеуеті жақсартады, елді мекендердегі инфрақұрылымдар жаңарады. Бұл бағыттағы бастамаларға бұған дейін Дархан Амангелдіұлы баса назар аударып, инвесторлармен тиімді келіссөздер жүргізе білді. Соның арқасында облыстың дамуына оң серпін беретін жаңа жобалар жүзеге асты. Қазіргі облыс әкімі Нұралхан Көшеров те инвестиция саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Енді ел ағалары, жергілікті тұрғындар да инвестицияның артуына қолдау білдіріп, игі істерді насихаттай білуі керек деп есептеймін!» – деді Нұралы Әлмаханұлы
Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі мен өтініштері бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар берілді және хаттамасы түзілді. Олардың орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Дулат Әбіш пен Ғани Раймбеков Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Депутаттар қойылған сұрақтарға жауап беріп, жергілікті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, мәслихат депутаттары, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, депутаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Ғани Раймбеков Ордабасы ауданына бөлініп жатқан облыстық және республикалық бюджет қаражатының игерілуі, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым мәселелері, су және жол жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына тоқталды.
Тұрғындар өз кезегінде ауыз су мен ағын судың жетіспеушілігі, дренаж жүйелерінің жағдайы, ауылдарды газбен қамту, көшелерді асфальттау және топырақ көшелерге тас төсеу, қаңғыбас иттерді аулау мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, Қараспан ауыл округіндегі қазанарықтан мал суаратын суатпен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібіне қойылды.
Облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әлмаханұлы көтерілген барлық мәселелердің назарға алынатынын, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар облыстық және аудандық деңгейде жалғасын табатынын айтты.
Кездесу соңында тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштері бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар беріліп, арнайы хаттама түзілді. Депутаттар бұл мәселелердің орындалуын өз бақылауына алатынын мәлімдеді.
Жиынға қатысқан тұрғындар билік өкілдерімен ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді жеткізуге мүмкіндік алғандарына ризашылықтарын білдірді. Олар халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын айтып, депутаттарға сәттілік тіледі.