САРЫАҒАШ: АУДАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МОБИЛЬДІ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауы ауданға қарасты Жарты төбе ауылдық округінде және Сарыағаш қаласында өтті.

Аудан тұрғындарының базынасын тыңдауға, реті келсе олардың оң шешімдерінің табуына жәрдем көрсетуге партияның өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов, Ж.Сүлейменов, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысты.

Қабылдауға облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының жауапты өкілдері, облыс әкімдігіне қарасты басқармалардың қызметкерлері, халықпен жұмыс жүргізуге жауапты орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің лауазымды азаматтары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметкерлері, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, аудандық прокуратура, аудандық полиция басқармасы мен аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары келген тұрғындардың мәселелерін тыңдап, олардың заң талаптары шеңберінде шешім табу тетіктерін қарастырды, құқықтық тұрғыдағы кеңестерін берді.

Тұрғындардың сұраныстарын қабылдау өткізген барлық мемлекеттік органдардың өкілдері тиісті тәртіппен тіркеуге алды және айтылған әрбір өтініш-шағымдар бойынша ресми түрде жауап берілетін болады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*