Құрметті қазақ елі! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тарихи құжаттың мәні мен маңызы орасан. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Біз халық сенімін арқалаған депутат ретінде, жыл сайын осы маңызды шараның куәсі болып, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, құрметтеуге атсалысамыз. Еліміздің даму жолында, елдігімізді айшықтайтын мағыналы мерекеде оның қадір-қасиетін барынша насихаттауға жұмыла жұмыс жасаймыз.

Өйткені біздің ел, Әділетті Қазақстанды құруға кірісті. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар!  Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.
Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.

Құрметті қауым!

Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын! Көк туымыз көкте самғасын.

Құрметпен, Сауран аудандық мәслихат депутаты, Нұржол Данаханұлы!

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*