Кентауда мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру мақсатында семинар өтті

Түркістан облысы, Кентау қаласы «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында» Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының және Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Аралас мектептердегі мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндіктің іс-жоспарына сай «Алаш ардақтыларының ұлттық идеялары және педагогикалық шығармаларының қайта жаңғыруы» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы, №5,№6,№17,№23 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті.

Тәжірибелік семинарда №23 Ә.Бөкейханов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар «Алаш ардақтыларының педагогикалық шығармалары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада алаш ардақтыларының педагогикалық шығармалары жайлы ақпарат беріліп, бірнеше әдіс арқылы олардың туындыларының қайта жаңғыруы жайлы ақпарат берілді.

« — Алаш арыстарының тарихта алатын орны ерекше. Олар: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы,Мұстафа Шоқай  және тағы да басқа ұлы тұлғалар. Аты аталған зиялылар  өркениетті елдердің  өмірдегі тәжірибелерін ескере отырып, келешек ұрпақ, қазақ халқы білім алып, дамып, басқа өркениетті  елдермен  теңестіруді қалады және қол жеткізді деп айтуға болады. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті.Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Қозғалыс көшбасшысы А.Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек!Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді. Ал, Алаш алыптарының бірі М.Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х.Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» деген екен. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш идеясында  қазақ тілі мәселесі ерекше болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектері сан  алуан. Олар: Біріншіден, тілтану ғылымының іргетасын қалады. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Т.Шонанұлының, Е.Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» — деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,Ғ.Қараш,М.Дулатов, С.Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Сонымен қатар, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын. Міне алашордашылардың ең басты ұлттық идеяларын осылай  жіктеп, зерделеуге болады.

Мағжан-ұлтын тереңнен сүйген ақын. М.Жұмабаев:

 «Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!» – деп келетін өз позициясын адам жанының, психологиялық әлемінің құпия құбылыстарын суреттеу арқылы жеке адам мен ұлт тағдырын бірлікте қарастырып, түсіндіреді. Ендеше сол кезеңдегі ұлты үшін жан қиған ақынның ұраны халқын жетелеп, күш беріп, арманы, тілегі бүгінгі күнмен сабақтастықта жүзеге асып, ұлттық тұлғасы, оның тілдік шығармалары арқылы сомдалып, ұлттық тілдік тұлғаға айналды деп айтуға болады.  Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай  күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанды.Шабыттана жырлайды.Мен жастарға сенемін! деп асқақтай сөйледі.Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз,заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқандай жастарды тәрбиелеуде сөздің құдіретті күшін пайдаланудың маңызы зор екендігін сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлайды. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі — Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Кешегі Алаш идеясы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуына сол кезеңдердегі Алаш зиялыларының да еңбегі зор.» — деді №23 Ә.Бөкейханов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар.

 

 

№5 Абай атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Акимбекова Г. Туребекова А. «Алаш арысы — Әлихан Бөкейханов» тақырыбында сахналық қойылым ұйымдастырды. Оқушылардың орындауында көрсетілген қойылым барысында ұлт мүддесі үшін қызмет еткен тұлғалардың керемет кездесуі көретілді. №6 А.С.Пушкин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ибраева Перизат, Утжанова Қарлығаш келген ұстаздармен шебер сынып ұйымдастырды. Ұстаздар бірнеше әдістерімен бөлісті. Жасанды интелектпен жұмыс түрлерін тәжірибеде көрсетті.

Ал, №17 А.Науаи атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Шынтемірова «А.Байтұрсынұлының көзқарастары мен педагогикалық идеяларының ұстанымдары» тақырыбындағы баяндамасында А.Байтұрсыновтың шығармашылығын оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсіл үлгілерімен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.

« — Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық идеялары бүгінгі күні өзекті болып табылады, өйткені Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Ахмет Байтұрсынов өз халқының шынайы ұлы бола отырып, еуропалық халықтардың мәдени құндылықтарына қосылуға, олардан үлгі алуға — білім, ғылым, кітап шығаруға шақырды. «Ғылым мен практикалық білімнің негізін сіңірген халық ақылды, бай және күшті болады» қазір бүкіл әлемдегі елдердің орта білім беру жүйелері «ХХІ ғасырда табысты болу үшін балаларға не үйрену керек?»Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында тұжырымдалған білім берудің негізгі құндылықтары мен мақсаттары мектеп түлектерінің жалпы білім деңгейін арттыруға, инновациялар мен көшбасшылықты іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мектепте білім беру мазмұны тұрғысынан ұлттық бірегейлікті дамыту. Aхмeт Бaйтұpcынұлы қaзaқ әлiппeci жәнe қaзaқ тiлiнe бaйлaныcты оқулықтapды жaзуды 1910 жылдaн бacтaп қолғa aлғaн болaтын. Cонымeн бipгe қaзaқ тiлiнiң гpaфикacын дa жacaуғa ұмтылды. Қaзaқ гpaфикacынa нeгiз peтiндe қaзaқ мәдeниeтiнe дe өзгe туыcтac хaлықтapдың дүниeciнe дe жaқын apaб тiлi тaңбaлapын пaйaлaнa отыpып, оны қaзaқ фонeтикacынa икeмдeп, қaзaқ дыбыcтapы жоқ тaңбaны aлфaвиттeн шығapып, apaб тaңбaлapы жоқ дыбыcтapғa тaңбa қоcып, қaзaқ тiлiндeгi жуaнды әpi жiңiшкeлi үндecтiк зaңынa caй eтiп жaзуғa ыңғaйлы дәйeкшi бeлглepiн жacaйды. Cолaй, 24 тaңбaдaн құpaлғaн жaзуды «қaзaқ жaзуы» дeп aтaп, өзгeлep «Бaйтұpcынов жaзуы» дeп aтaп кeткeн қaзaқтың тұңғыш ұлттық гpaфикacын жacaп шығapaды. Одaн cоң оcы жaзуды үйpeтeтiн әлiппe құpacтыpып шығapaды. 1911-1912 жылдapы оcы eңбeгi Уфa мeн Оpынбоp қaлaлapындa бacылып шыққaн әлiппeci «Оқу құpaлы» дeгeн aтпeн 1912-1925 жылдapдың apacындa жeтi peт қaйтaдaн бacылып, оқыту icтepiндe ұзaқ түpдe пaйдaлaнылып кeлдi. 1926 жылдapы ғaлым «Әлiп-бидiң» жaңa түpiн жaзуғa ниeттeндi. Aл оның оcы тaлпыныcы, қaзaқ тiлiн пән тұpғыcында оқытaтын оқулықтap жaзумeн ұлacып, «Тiл – құpaл» aтты үш бөлiмнeн құpaлғaн, шaғын үш кiтaбының жapыққa шығуынa aлып кeлдi.

«Тiл-құpaлы» eңбeгi тeк қaнa мeктeп оқулығы peiндe eмec, қaзaқ тiлiн aнa тiлi peтiндe тaнуынa нeгiз болғaн eңбeк болды дeceк қaтeлecпeймiз. Ахмет Байтұрсыновтың бойынан табылған дарыны оған поэзияда, публицистикада, ғылымда және де мәдениеттің басқа да салаларында өзін шебер екендігін көрсете білді. Ол білім жолында өзінің сара жолын көрсеткен ғалым, қазақ тілін жетілдіру үшін шетел әдебиеттерін аударған аудармашы ретінде де танимыз, этнограф, көптеген оқулықтардың жазып қана қоймай, сонымен қатар жас балаларға, ересектерге арналған көптеген өлеңдердің авторы. Байтұрсынов балалар қатар ересектерге білім бұлағын ашқан үлкен ұстаз болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің шырағы болып қала берді. «Егер халықымыздың басты байлығы-денсаулығы болса, жаны үшін басты байлығы– білім мен өнер, осылардың көмегімен халықымыз дамып, қанатын кеңге жаяды деп үміт еткен. Ұлт ұстазының басты міндетттерінің бірі – жастарға білім беру, қолөнерге үйрету, оларға мамандық беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қазақ даласында барлық ауылдарда қазақ мектептерін ашып, қазақ тілінде сабақ беру керек. Бұл біздің басты мақсатымыз және міндетіміз», — деді Ахмет Байтұрсынов. А.Байтұрсынов-алғашқы қазақ әліппесінің авторы. Ғалым Байтұрсыновтың құрметіне аталған жаңа қазақ әліпбиі кезінде жазу реформасын жүргізу барлық түркітілдес халықтар үшін үлгі тұтарлық болды. Сондай-ақ, автор «Ана тілі бойынша нұсқаулық», «Қазақ тілі курсының экспозициясы», «Грамматиканы оқуға арналған нұсқаулық», «Сөйлеуді дамыту», түрлі хрестоматияларды жазды. Бұл әдістемелік еңбектер әлі күнге дейін қазақ тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың арасында беделді.» — деді №17 А.Науаи атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Шынтемірова

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында» өткен семинарда педагогтар өзара пікір алмасып, аралас мектептердегі мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру бойынша да өз ойларын жеткізді.

 

« — Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гиперактивті балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау – білім саласының басты мақсаты. Қай елдін болсын өсіпөркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мәнмағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керектігін тәжірибеден көрдік. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес,педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курсбағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы, терең білетін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.» — деді №6 А.С.Пушкин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ибраева Перизат

Білім мен құқықтық сананың қалыптасуы-қазіргі адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, қоғамға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану үрдісінде әр халықтың өзіндік бет — бейнесін сақтап қалуы мен ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр. Халықтың рухани құндылықтары ақпараттар ағынымен, жан- жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынында жоғалып кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік, білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін білім мекемелеріндегі оқу — тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді деп қорытындылады семинарды ұйымдастырушылар.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*