Бала өмірге келген сәттен бастап, ата-анасы оның өмірдегі алғашқы тәрбиешілері болып табылады. Отбасындағы тәрбие баланың мінез-құлқының, дүниетанымының және болашақтағы өмірлік бағытының қалыптасуына тікелей әсер етеді.Осыған орай Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін талқылау, жауапкершілігін арттыру және ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Тақырыпты ашу мақсатында әлеуметтік педагог Г.Байдүйсенова «Баланың психологиялық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына ата-ананың ықпалы» тақырыбында баяндама оқып, ата-ананың балаға үлгі болуы, қарым-қатынас мәдениеті,эмоционалды қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
Балалар жастайынан ата-аналарын бақылап, оларға еліктейді. Бұл модельдеу деп аталатын процесс бала дамуының негізі. Ата-ана бала назарының орталығы бола отырып, әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін, эмоцияларға әсер етуін және басқалармен қарым-қатынасты қалай орнату керегінің ақпарат көзі болады. Ата-аналардың қарым-қатынас стилі, сенім деңгейі және ынтымақтастыққа дайындығы бала үшін өзінің әлеуметтік қарым-қатынастырының құруында бағдар болады. Ата-анасының басқа адамдарға мейірімділік пен құрмет көрсеткенін көрген бала олардан үлгі алады. Бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, жанжалдарды шешуге және жалпы салауатты қарым-қатынастарды құруға көмектеседі, дейді мамандар.
« — Ата-аналар эмоцияналды интеллектті қалыптастырудағы алғашқы ұстаздар. Балалар әке-шешесін бақылай отырып, өз эмоцияларын тануға және оларды басқаруға үйренеді. Олардың күйзеліспен күресу, қуаныш немесе ашулануды білдіру тәсілдері баланың эмоциялық дамуына әсер етеді. Сезімдерді ашық талқылау немесе релаксация техникасын пайдалану сияқты эмоцияларды басқарудың салауатты тәсілдерін көрсеткенде, балалар да сондай дағдыларды қабылдайды. Керісінше, егер ата-ана өздерінің эмоцияларын басып тастаса немесе күйзеліске деструктивті түрде жауап берсе, бала да тиімсіз әдістерге үйренеді. Осы кезде «эмоция сұрыптау» ұғымын атап өткен жөн. Бұл ата-ананың балаға өз эмоцияларын тануға, түсінуге және реттеуге көмектесетін процесс. Ол баланың эмоциялық дамуында және оның өмірлік қиындықтарымен күресу қабілетін қалыптастыруында негізгі рөл атқарады. Ерте жаста бала өз эмоцияларын басқару дағдыларына әлі дайын емес және оларды өз бетінше атай алмайды. Ата-ана осы жолдағы пайда болатын бала уайымдарын тануға көмектесуі тиіс. Ата-ана баланың қоршаған әлемді қабылдауы мен өзара әрекеттесуіне әсер ететін бірінші және ең маңызды үлгі ретінде қызмет етеді.
Бала өз ата-анасының мінез-құлқын және эмоциялық реакциясын игере отырып, бақылау және еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан кез келген ата-анаға берілетін ең жақсы кеңес — өзгерістерді өзіңізден бастаңыз. Баланың өзін-өзі бағалауы көбінесе ата-анасының оны қалай бағалайтынына тәуелді. Өз кезегінде, ата-ананың өзін-өзі оң бағалауы және олардың өз қабілеттеріне деген сенімі балаға әсер етеді. Ата-ана баласын қолдап, жігерлендірсе, бұл оның өзінің қабілеттеріне деген сенімділігін және мақсаттарына жетуіне деген ұмтылысын дамытады. Керісінше, сын мен салыстыру өзін-өзі бағалауды төмендетіп, сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Біздің эмоционалдық және психологиялық дамуымызға ата-аналар мен отбасылық орта айтарлықтай әсер етеді, бірақ біздің барлық проблемаларымыз тек ата-анамен балалық қарым-қатынастан туындайды деп ойлау дұрыс емес.» — деді әлеуметтік педагог Г.Байдүйсенова
Мекеме медбикесі Ұ.Оралбай «Тазалық- денсаулық кепілі» атты тақырыпта баяндама жасаса, педагог-психолог А.Дарменбаева ата-аналармен түрлі тренингтер өткізіп, ситуациялық сұрақтар қойылып, ата-аналардың жауаптары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар балаларына қалай тәрбие беріп жатқандарын айтып, өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі қаншалықты маңызды екені талқыланды.