Ағылшын сабағында интеллектті тиімді қолдану маңызды

Кентау қалалық білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеттің 10 күндігі» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект технологияларын оқу процесінде қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар мақсаты: ағылшын сабағында интеллектті тиімді қолдануға әдістемелік көмек беру, кәсіби қолдау көрсету. Семинар ағылшын тілі бірлестігінің әдіскері Г.Нысанбаеваның кіріспе сөзімен басталды. Жасанды интеллектті сабақта қолданудағы тиімді тұстарын атап көрсетті.

 

« — Жасанды интеллект тез дамып келе жатқан сала және оның білім берудегі әлеуетті қолданбалары барған сайын айқын бола түсуде. Жасанды интеллект оқыту мен оқуды жақсарту үшін қолданылуы мүмкін және ол мұғалімдерге оқушылар үшін жекелендірілген оқу тәжірибесін жасауға көмектеседі. Бұл сабақта жасанды интеллекті білім беруде қолдануға болатын әртүрлі әдістер және оның ықтимал артықшылықтары қарастырылады. Жасанды интеллект әртүрлі салаларды, соның ішінде білім беруді жылдам өзгертеді. Білім берудегі жасанды интеллект интеграциясы біздің оқу, оқыту және бағалау әдісін өзгертеді. Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құралдармен қолданбалар білім алушыларға жекелендірілген және бейімделген оқу тәжірибесін ұсынады, мұғалімдерге арналған әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырады және жалпы білім беру нәтижелерін жақсартады. Білім берудегі жасанды инетллектінің маңызды артықшылықтарының бірі, оның оқу тәжірибесінжекелендіру мүмкіндігі болып табылады. Жасанды интеллект алгоритмдері оқушылардың үлгерімін бақылау және оқыту әдістерін олардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл дәстүрлі сыныптағы оқыту әдістерімен күресетін немесе ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін әсіресе пайдалы.»-деді Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаева

Келесі болып №1 мектеп мұғалімі Жасұзақ Саябек пен Қалдарбек Аблайхан «Жасанды интеллект платформалары мен функциялары» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды, қатысушыларға теориясы мен қатар практикада өз ноутбуктеріне, қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған ұялы телефондарына қалай жүктеуден бастап, кұнделікті сабақта, өмірде қолдануға болатынын жеке жек жүктеп, түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріп отырды.

« — Жасанды интеллект нақты уақыт режимінде кері байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.  Бұл оларға оқу стратегияларын сәйкесінше жақсарту және түзету қажет аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект білім беруде қолданылуы мүмкін тағы бір сала интеллектуалды репетиторлық жүйелерді дамыту болып табылады. Бұл жүйелер қолданушыларға жеке репетиторлық қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланады.  Олардың үлгерімі туралы дереу кері байланыс бере алады, олардың жеке оқу мәнерлеріне негізделген қосымша ресурстар мен материалдарды ұсына алады және белгілі бір ұғымдармен күресіп жүрген білім алушыларға қолдау көрсете алады. Жасанды интеллект бағалауды жақсарту үшін де пайдаланылуы мүмкін.Машиналық оқыту алгоритмдері үлгілерді анықтау және орындағаны туралы түсінік беру үшін оқушы деректерін талдай алады. Бұл тәрбиешілерге оқушылар қиналып жатқан аймақтарды анықтауға және олардың оқыту әдістерін соған сәйкес түзетуге көмектеседі. Қорытына айтқанда, жасанды интеллект бағалау және есепке алу сияқты әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеуге және олардың оқуға және оқушыларменқарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Машиналық оқыту алгоритмдерінің көмегімен жасанды интеллект жеке білім алушылардың оқу қажеттіліктері мен қалауларын талдай алады және теңшелген оқу материалдары мен жаттығуларды ұсына алады. Білім берудегі бұл тәсіл оқушыларға өз қарқынымен оқуға мүмкіндік береді, бұл оқунәтижелерін жақсартуға және белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект бағалау процесін автоматтандыру үшін де пайдаланылады. Бұл мұғалімдердің көп уақытымен күшін үнемдеуге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған бағалау жүйелері оқушы жұмысын бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланады.»-дейді ұстаздар.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Курбанова Салима Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Collaborative Learning Environments: Artificial Intelligence as a Partner in Education» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда алған мәліметімен бөлісті.

« — Астана қаласында өткен жиын барысында «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар», «Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрландырудың заманауи трендтері», «Ауыл мектеп­терінде оқыту үдерісін цифрлан­дыру», «Цифрлық мектеп – цифр­­лық мұғалім», «Мұғалімдердің цифр­лық құзыреттілігін дамыту», «Цифр­ландыру жағдайындағы инклюзив­ті білім беру», «Балалардың құқықта­рын қорғау саласындағы цифрландыру», «Біртұтас тәрбие және қосымша білім синергиясы», «Цифрландыру жағдайындағы білім беру мазмұнына тұрақты даму компонентін интегра­циялау», «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің бала­лар­ға әсері» тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтіп, біз қазіргі қоғамға қажетті ақпараттармен және тың идея, жаңалықтармен танысып қайтқан болатынбыз. Ол жиында мамандар жасанды интеллектіні мұғалім оқушыдан да артық меңгеруге тиіс екендігі айтылды. Негізі болашақта оқу бағдарламасын жасанды зердеге негіздеп оқытатынымыз анық. Еліміздің астанасында өткен басқосуда да  үздік педагогтер пен шетелдік ғалымдар жасанды интеллектінің игі­лігін көрудегі тәжірибелерін бөлі­сты. Сол жиында «Бір мұғалім алты сы­ныпқа сабақ беретін болса, олардың әрқай­сысында отыз баладан болса, балалардың жұмыстарын аз уақытта тексеру мұғалімге үлкен күш екені» айтылды. Педагог олардың бәріне кері байланыс бере алады, бірақ 45 минут аздық етеді деді мамандар. Ал егер ұстаздар сабақ жоспарын жасаған кезде, емтихан жұмыстарын тексергенде жасанды зердені қолданса, жұмыстары едәуір жеңілдейді. Осылайша, мұғалім өзінің уақыты мен энергиясын үнемдейді әрі қазіргі заманауи оқушылардың талғамына сай болады. Оқушы­лар мұны сапалы қолданатыны рас, сол себепті мұғалім олардың шынайы білі­мін анықтай алмауы мүмкін. Сон­дықтан педагог заманауи тәсілдерді, жаңа әдістерді оқушылардан да жақсы меңгеріп алғаны абзал. Сондай-ақ  оқушыға жасанды ин­теллект орындай алмайтын, жеке­лей тапсырма беріп отырса, білім сапасын едәуір арттыра түсуге болады», — деді Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Курбанова Салима

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері тәжірибе алмасып, жасанды интеллектті ағылшын тілі сабағында қолданудағы тиімді тұстарын атап өтіп, ой бөлісті. Ғылыми әдебиеттерді талдау әдісі жасанды интеллект бағдарламаларын тілді оқытуда қолдануға арналған ғылыми мақалаларға, кітаптарға, журнал басылымдарына және басқа дереккөздерге шолуды қамтиды. Жасанды интеллект тақырыбына сәйкес әдебиеттерді талдау осы саладағы бар тенденцияларды, аталмыш бағдарламаларды қолдану кезінде туындайтын мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект негізінде жасалған бағдарламалардың тиімділігін терең зерттеуді, жаңа технологиялар мен құралдарды әзірлеуді, сондай-ақ білім беруде жасанды интеллектті қолданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдауды талап етеді, — деді ұстаздар қауымы.

Жалпы осындай семинарларда өзекті әдебиеттерді шолу және жасанды интеллект бағдарламаларын қолдану мысалдарын талдау негізінде жасанды интеллект технологияларын білім беру тәжірибесіне біріктірудің маңыздылығын және осы салада одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар бағдарламаларды және оқу процесінде тиімді пайдалану үшін ұсыныстар ұсынады және олардың қазіргі білім берудегі маңыздылығы көрсетіледі.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recipe Rating




Рейтинг*