Жәмила Сүлейменова: Мәслихаттың депутаттары өте белсенді жұмыс жасап жатыр

Қазақстан Республикасының президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы «барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» №105 жарлығына сәйкес, осы жылдың 19 наурыз күні сайлау өтті. Сол сайлаудың нәтижесінде сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына 18 депутат сайланып, 30 наурыз күні бірінші сессиясы өтіп, сол сессияда Түркістан қалалық мәслихаты құрылды. Мәслихат төрағасы сайланды және мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылып, депутаттық фракция тіркелді. Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына барлығы 18 депутат сайланса, оның 17 депутаты «Amanat» партиясынан. Айта кетерлігі, Түркістан қалалық мәслихатында бір ғана әйел депутат бар. Ол — Сүлейменова Жәмила Төреханқызы. Бүгінде, «Бюджет,  экономикалық  және  әлеуметтік даму, өнеркәсіп, кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы қызметін де атқарады.

 

 

«AMANAT» партиясының бастамасымен  барлық деңгейдегі депутаттар халықпен кездесуден бөлек, БАҚ өкілдеріне атқарылған және атқарылатын жұмыстар жөнінде баспасөз мәжілісін өткізуде. Кезекті брифингке Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Сүлейменова Жәмила мен Данияр Аюпов қатысып, БАҚ өкілдеріне нақты іс-шараларды баяндап берді.

— «Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары қаламыздың экономикасының өркендеуіне, қала халқының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына қала әкімдігімен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылуына ықпал етуде. Қаламыздың тыныс тіршілігінің жақсаруы мақсатында қаланы аббаттандыру, көгалдандыру, көшелерді асфальттау, жарықтандыру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру тағы да басқа да өзекті мәселелерді қаржыландыру бойынша тұрақты комиссиялардың отырысында жан-жақты талқыланып, олардың шешілуі жөнінде нақты ұсыныстар айтылып, сессияларда шешімдер қабылданды және сол шешімдердің орындалу барысы үнемі басты назарда болып келеді», дейді Жәмила Төреханқызы

 

 

Депутаттардың айтуынша, жыл басынан бері Түркістан қалалық мәслихатында 4 сессия өткізілген. Сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылап, тиісті шешім қабылдау мақсатында 8 тұрақты комиссия отырысы болған. Жалпы 24 мәселе қаралып, барлығына нақты шешімдер қабылданған. Ал, бюджетке қатысты қабылданған шешімдер саны — 2.

Түркістан қаласының  2022 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің  орындалуы 132 миллиард 37 миллион 418 мың теңге болса, ал шығысының  атқарылуы 131 миллиард 929 миллион 618 мың теңге болып  бекітіліпті. Сондай-ақ, назарларыңызға  Түркістан қаласының 2023 жылға арналған бюджеті туралы мәліметті ұсынамыз.

 

Мазмұны Бекітілген бюджет Нақтыланған бюджет Айырмасы %
Жалпы кірістер 73 983 568,00 106 411 891,00 32 428 323,00 143,8
Өзіндік кірістер 32 889 427,00 45 736 858,00 12 847 431,00 139,1
Жалпы шығыстар 73 983 568,00 106 411 891,00 32 428 323,00 143,8

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес, депутаттық өкілеттілігіне байланысты, тұрғындардың өтініштері негізінде және қоғамдық қабылдаудың нәтижесі бойынша атқарушы орган өкілдеріне депутаттық сауалдар мен жолданым хаттар жолданған. Оның ішінде депутат Сүлейменова Жәмила Төреханқызы төмендегі мәселелерді көтерген:

— М.Әбенова мектебі аумағындағы келеңсіздіктер туралы;

— Балалар ойын алаңшаларының қоршауының жарамсыздығы;

— Егілген көшеттердің қурап кету жағдайы;

— Аумақтың санитарлық жағдайының төмендігі;

— Иригациялық суландыру жүйесінің сапасы туралы;

— Гауһар ана көшесіндегі сарқынды су жүйесінің сапасы туралы;

— Мәдениет. Ш.Қалдаяқов көшелеріне тас төсеу жұмыстарын жүргізу;

— Көше қиылыстарына көше атаулары жазылған маңдайшалар орнату;

— Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі асфальт төселмей қалған 500 метрге    жуық жерге асфальт төсеу;

— Қ.Рысқұлбеков көшесімен Гауһар ана бұрылыс көшесі аумағындағы кәріз жүйесі жүргізілмей қалған 15 үйге кәріз жүйесін жүргізу;

— Жаңа қала аумағына тікелей қоғамдық көлік бағытын ашу;

— Дулыға көшесіне кәріз құдықтарын орнату;

— Сүйіліш батыр көшесіндегі электр бағандарының сапасы;

— Өсиет және Сыбаға көшелеріне ауыз су жүйесін жүргізу;

—  Меркі және 23 көшелерге тас төсеу жұмыстарының сапасы туралы;

 

 

 

Мұнымен қоса,  Жәмила Төреханқызы тұрғындармен кездесу барысында айтылған өтініштерінің негізінде, халықпен жұмысты оңтайландыру және тиімділігін арттыру мақсатында Отырар тұрғындар алабын екіге бөліп, жаңадан тұрғындар алабын ашу мәселесін көтерген.

— «2023 жылы, яғни жыл басынан бері 8 қоғамдық қабылдау өткіздім. Жеке қабылдауға келгендердің саны 37 азаматты құрап отыр. Тұрғындардың басым көпшілігі жол, қоғамдық көлік, ауыз су, жалпы әлеуметтік мәселелерді жеткізеді. Кейде, жеке отбасылық жағдайын айтатындары да бар. Бірақ, кез-келген өтініш пен ұсыныс айтушының сөзіне бей-жай қарамаймыз. Мен, бұған дейін де бірнеше шақырылымның депутаты болғанмын. Сондықтан, Түркістандағы өзекті мәселелерді де білемін. Мәслихаттың депутаттары да өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар да аз емес. Оның барлығы кезең кезеңімен шешімін тауып жатыр,» дейді «Бюджет,  экономикалық  және  әлеуметтік даму, өнеркәсіп, кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы Жәмила Сүлейменова.

 

 

 

«AMANAT» партиясының Түркістан қаласы бойынша 2023 жылға арналған жол картасының  бүгінгі күнге дейінгі орындалуы бойынша барлығы 35 индикатор болса, оның ішінде 9 индикатор орындалыпты. Ал 26 индикатор орындалу барысында дейді Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары.

 

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*