Әмина апа: Жетім балаларды жинап, қарғыс айтқызамын (Видео)

Шығыс Қазақстан облысына барып, жолдың азабын тартқан Әмина апа балаларды жинап, жауаптыларға қарғыс айтқызбақ, деп хабарлайды Taq.kz ақпараттық агентігінің тілшісі.

Ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға қамқорлық жасап жүрген қажы Әмина апа Шығыс Қазақстандағы жолдардың сапасыздығына ашынып, видео үндеу жасады. Жолдың азабын көріп Өскеменге әрең жеттік деген Әмина апа жауаптылардың «намыссыз, арсыз» екенін айтқан. Сондай-ақ, «жолдың ақысын жеп отырғандар жетімдердің қарғысынан қорқыңдар»- деп, бұл мәселені соңына дейін жеткізетінін мәлім еткен.

Шавкат Мирзияев 66 жаста, енді ол 83 жасқа дейін билікте қалуы мүмкін

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы 1 мамырда Өзбекстан Конституциясы бойынша жексенбілік референдумның соңғы нәтижелерін жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Taq.kz тілшісі

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 90,2%-ы Конституцияны өзгертуге келісті, соның арқасында президент Мирзиеевтің 2040 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндігі бар. Түзетулердің арқасында президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзарады.

Президентке үшінші рет сайлауға түсуге мүмкіндік берілген. Қазір Шавкат Мирзияев 66 жаста, енді ол 83 жасқа дейін билікте қалуына болады.

Мирзиеев билікке Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін келді.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Зайниддин Низамходжаев брифингте анықталған елеулі бұзушылықтарға байланысты Ташкент және Сырдария облыстарында үш учаскеде дауыс беру нәтижелері жойылғанын хабарлады. Осыған байланысты дауыс беру қорытындысына өзгерістер енгізілді.

Референдумға қатысым – 84,5%.

9,35% немесе 1 558 817 адам Мирзиеевтың 2040 жылға дейін билікте болуына қарсы болды.

Заңнамаға сәйкес ОСК референдум өткізілгеннен кейін 10 күннен кешіктірмей, қорытынды бойынша қабылданған шешімді ресми сайтта және ресми дереккөздерде жариялайды. Референдумның орындалуын ұйымдастыру үшін оның қорытындылары ресми жарияланған күні шешім Олий Мәжілісінің палаталарына және президентке жіберіледі.