Архив за месяц: Май 2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 102 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ МАЙДАНГЕР АРДАҚТАЛДЫ
Түркістан облысы: «Торғайлар көмекке келді» (Видео)
Түркістан облысының тұрғындары шіркейлер мен шегірткелерге қарсы «торғайлар көмекке келгенін» айтады, деп хабарлайды ТAQ.KZ тілшісі
Түркістан облысында биыл шіркейлер мен шегірткелердің саны көбейіп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне өз залалын тигізді. Бүгінде, мамандар қос қанатты қансорғыштар мен марокко және азия шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда. Алайда, әлеуметтік желіде ауыл тұрғындарының шіркейлерге таланып жатқаны, үй жануарлары мен құстардың балапандары өліп қалып жатқандары туралы видеолар тарап жатыр. Ал, кезекті облыс тұрғындарының түсірген видосы керсінше сол жәндіктерге қарсы торғайлардың көптеп келуі жайында.
Ауыл тұрғындары бұл «Жаратқанның жібергені» деп есептейді. Видода расымен де аталған құстардың топталып ұшқанын және жерге қонып жатқандарын көруге болады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖЕТІСПЕЙДІ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің I — тоқсандық есебінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қоғамдық кеңес төрағасы Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы ашып, жүргізді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын сапалық тұрғыдан нығайтып, толықтыру және қоғамдық кеңес мүшелерін 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекіту, Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша мәселелер қаралды.
Кеңесте сөз алған баяндамашы Облыстық мәдениет және туризм басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы, бүгінгі күні облыс көлеміндегі мәдениет ошақтарының жоқтығын айтты. Рухани астана атанған Түркістан қаласының өзінде, жаңадан құрылған Сауран ауданында да мәдени шаралар ұйымдастыратын мәдениет үйі жоқ екендігі жөнінде айтып, Облыс мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбек өз ұсынысын білдірді.Бұдан өзге жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту мәселесінде қозғады. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова, бала тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жұмыстарын барынша күшейту керектігін айтып, ақсап тұрған білім ошақтарының мәселесін кеңес мүшелерінің арасында талқыға салды. Сонымен қатар, өңірде көрнекті тұлғаларды жерлейтін арнайы пантеон салыну керектігі де ұмыт қалмады бұл жиында. Бүгінгі таңда сызбасы жасалып, жоспары жасалу үстінде.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев өңірде спортты дамыту үшін барлық аудандардағы спорт мектептерінің құрал-жабдықтармен толық қамту қажеттілігі бар екендігін айтып өз ұсынысын білдірді.
Айта кетейік, жиын соңынад Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп, құрамы жаңа азаматтармен толықты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі
Бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілген, ал аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылған
Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялаған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
“Осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан «Русафа» операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілді. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер – оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түсті”, — деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ ресми өкіл түрмедегі әйелдердің негізгі талабы өз елдеріне тезірек экстрадициялану.
Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, 2021 жылғы 19 наурыздағы мәлімет бойынша, «Русафа» түрмесінде шетелдік 494 әйел отыр. Олар Иракқа 18 елден келген.
Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 000 гектарды құрайды
Түркістан облысында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары 8 сәуір күні басталды. Бүгінгі таңда, жоспарланған 705 000 гектар алқаптың 570 000 гектарында зерттеу, анықтау жұмыстары жүргізілді. Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 000 гектарды құрайды. Оның 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталып, 41000 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлім етті. Спикердің сөзінше, өңірде шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр.
Бұл ретте, бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 26 жерүсті бүріккіш техникасы мен 1 АН-2 жеңіл ұшағы жұмылдырылған.
Биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялық іс-шаралар 10 ауданның 53 ауыл округінде жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша марокко шегірткесі көп тараған аймақтар белгіленіп, Сарыағаш ауданында 24 000 гектар, Арыс қаласында 11 000 гектар өңделген.
Өңірдегі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын толықтай аяқтауға әлі 10 күндей уақыт бар. Бұл ретте, шегірткеге қарсы күрес күшейтілген. Алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы барлығы 67 290 га алқапта, оның ішінде 59 050 га жерүсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция тарапынан аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында 40 мемлекеттік инспектор мен 19 қызметтік автокөлік жұмылдырылған. Болжам орталығынан 98 анықтаушы, оның ішінде 64 штат бойынша, 34 уақытша алынған анықтаушылар анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тұрғыннан трамадол дәрісі тәркіленді
«Қайтарымсыз несие алып беремін». Алаяқ әйел 1 200 000 теңге жымқырған
Стартовал семинар по финансовой грамотности «Общество без долгов».
Сегодня, 2 мая, в Сауранском районе Туркестанской области партия «AMANAT» совместно с Народным банком начали обучающий семинар «Общество без долгов» по повышению финансовой грамотности.
Обучающий семинар в рамках пилотного проекта прошел в Орангайском сельском округе Сауранского района. В проекте приняли участие около 100 жителей села.Цель: Повысить финансовую грамотность, научиться эффективно распоряжаться собственными средствами, узнать причины возникновений финансовых проблем и как выявлять мошеннические действия.
В обучающем семинаре приняли участие заместитель председателя Туркестанского областного отделения партии «AMANAT», депутат областного маслихата Калима Жанторекызы, эксперт проекта Жандос Азимбай, председатель областного отделения партии Сагынбек Жаксыбекулы и ряд представителей СМИ.
Бесплатный курс по повышению уровня финансовой грамотности провел эксперт проекта Жандос Азимбай.
— На сегодняшний день около 6,3 млн казахстанцев имеют непогашенные банковские кредиты. Кроме того, 1,2 млн получили кредиты от казахстанских микрофинансовых организаций. Это сказывается на социальном благосостоянии граждан. Доступные кредиты, высокие процентные ставки финансовых учреждений, а главное, низкая финансовая грамотность – с каждым годом увеличивается рост государственного долга.
Проблема долговой нагрузки населения требует системного решения. В настоящее время более 1 млн человек имеют просрочку хотя бы по одному кредиту.
Основной целью учебного курса является создание системы финансового образования, направленной на повышение уровня финансовой грамотности населения, молодого поколения, которые в будущем будут формировать экономику страны, — сказал Жандос Азимбай.
Жители села, изъявившие желание участвовать в курсе, были полностью ознакомлены с проблемными вопросами и получили полную информацию о том, как потратить средства.
Следует отметить, что обучение продолжится до конца года. Кроме того, в 8 регионах страны организованы бесплатные обучающие курсы. Обучение участников продолжится в течение 5 дней путем разделения их на 3 группы.
Пресс-служба Туркестанского областного отделения партии «AMANAT»
“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары басталды
2 мамыр күні, Түркістан облысы Сауран ауданында «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары басталды.Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде өтті. Жобаға 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты.
Мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Оқу семинарына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалима Жантөреқызы, жоба сарапшысы Жандос Әзімбай, аудандық партия филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты.
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жоба сарапшысы Жандос Әзімбай жүргізді.
— Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, — деді Жандос Әзімбай.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Айта кетейік 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін жалғасын табатын болады, Сонымен қатар, еліміздің 8 өңірінде тегін курс оқулары ұйымдастырылған. Тұрғындарды оқыту 3 топқа бөлу арқылы, 5 күн бойында жалғасады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі