— Мемлекетіміздің қалыптасу жолында еселі еңбегімен танылған аға буын өкілеріне алғыс айтамыз. Сіздердің ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлестеріңіз ерек. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,- деді аудан әкімі.
Архив за месяц: Сентябрь 2023
Н.ӘБІШОВ: Шардара ауданында құны 30 млрд теңге болатын зауыт салынуда
Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының ықпал етуімен Шардара ауданында құны 30 млрд және қуаттылығы 150 тонна болатын зауыт салынуда. Бұл туралы, Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Н.Әбішов Шардара ауданындағы Достық , Ақалтын ауылында өткен мақта мәселесі бойынша шаруалармен кездесуінде айтты.
Жиынға Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары қатысты. Басқосуда мақта жиын-теріміне қатысты мақташылардың мәселесі айтылды.
Аудан басшысынан бастап тиісті басқарма, мекеме басшылары ауылшаруашылық саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді. Шаруаларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат берілді.
Мақташылардың мәселесі бойынша алдарыңызға арнайы келіп отырмыз. Қазіргі уақытта, Шардара ауданынан жүгері зауыт салынуда. Алдағы уақытта өңірде жеңіл өнеркәсіп дамып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады. Жұмысшы топтың мақсаты, биылғы мақта терімі бойынша өздеріңізбен жүздесіп, қандай да бір мәселелеріңіз болса тыңдауға дайынбыз,- деді облыстық мәслихат төрағасы.
Жалпы Достық ауылында екі мақта қабылдау пункт бар. Шаруа қожалықтарының саны — 305. Ауылда егістік жер көлемі- 5406 гектарды болса, оның ішінде 576 гектар жерге мақта егілген. Ал, Ақалтын ауылында шаруа егістік жер көлемі 7мың гектардан аса, оның 1000 гектарына ғана мақта егілген. Айта кетейік, аудан бойынша мақта қабылдау пунктеріндегі 38 таразы 19 лаборатория тексеруден толықтай өтті.
Жиынға қатысқан шаруалар облыстық штаб мүшелеріне өз ойларын айтып, мақта жөнінде сұрақтарын қойды. Мәселен, мақта қабылдау кезінде пунктеріндегі таразы мен лабораторияны жіті бақылауға алу керектігін айтты. Мақта бағасы мен жеңілдетілген несие, субсидия мәселесі де сөз болды.
Барлық сұрақтарға Нұралы Әлмаханұлы тиісті жауаптарын беріп, мақта жиын-терімі аяқталғанша шаруалардың мәселесін бақылауға алатынын айтты. Кездесуден кейін, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Ауыл халқы жылдар бойы шешімін таппаған жер, канал мәселесі туралы шағым білдірді. Барлық ұсыныс-тілектер назарға алынып, орындалуы бойынша тиісті мерзім бекітілді
Төлеби ауданында оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Түлкібас: Жастар жұмыссыз қалмайды
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты және мақсатты болуы керек. Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтау қажет» – деген болатын.
Перзиденттің дәл осы тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қамтиды. Олар: өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орнын құру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындарының кірісін арттыру, табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау шаралары, бюджет қаражаты есебінен жалақыны көтеру бойынша міндеттемелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.
Бүгінде статистикаға сүйенсек, елімізде жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Ал 40 пайызға жуығы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек таппай жүріп қалады. Осы орайда жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан астам адамды, оның ішінде 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар бар. Аталған бағдарламалар жастарды жұмысқа орналастырудың тетігін іске асыруды қамтиды. ЖОО бітірген жас маманға бірден жұмыс табылуы қиын. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибесі жоқ маманды көп мекеме жұмысқа алғысы келмейді. Осы орайда мемлекет жастарға тығырықтан шығудың тиімді жолын ұсынады. Ол – «Жастар практикасы» бағдарламасы мен “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасы. Биыл да өз жалғасын тапқан мемлекеттік жобаға жұмыс берушілердің өзі аса қызығушылық танытып келеді.
Айта кетейік, “Алғашқы жұмыс орнына“ — еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға ниетті Түлкібас ауданының жастары мен оқу орынын бітірген түлектер Мансап орталығына жүгіне алады.
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің көшпелі отырысы өтті
ТӨЛЕБИ: ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҢЫЗДЫ
Төлеби: Ұлттық мәдени орталықтары Президент жолдауын қолдайды
Президент өз жолдауында азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Осылайша, үш жыл ішінде еңбекақының ең төменгі мөлшері екі есе ұлғайды. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізіп отыр. Енді еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Мемлекет басшысының жолдауы жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыруға маңыз беріп отыр. Яғни оның толық орындалуы мен жүзеге асуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты, деп пікір білдірді жиынға қатысушылар.
Мемлекет басшысы атап өткендей, реформалардың іске асырылуына негізінен атқарушы билік жауап береді.
«Біріншіден, нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершілік толығымен министрлерге жүктеледі. Өйткені олар өзінің бұйрығымен жедел шешім қабылдап отыруға тиіс. Бұл – әкімдерге де қатысты мәселе.
Екіншіден, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді. Бюрократияға және сөзбұйдаға салынбай, Президент Әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс.
Үшіншіден, Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады.
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарауымыз керек. Бұл – жұртшылықтың сұранысы. Басқаша айтқанда, қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады.
Қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды. Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн.
Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз» — деді Президент
Жалпы Түркістан облысы еліміздегі ауыл шаруашлығы дамыған өңірлердің бірі болып саналады. Бұл тұрғыда Төлеби ауданының көрсеткіші де жыл санап артып отыр. Жиында түрлі этнос өкілдерінің пікірі де бір арнаға тоғысып, тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, жалпы Президент жүктеген жаңа міндеттерді бірлесе атқаруға бағытталды. Мемлекет басшысы атап өткендей, ел азаматтарының алдында тағы бір өте маңызды міндет тұр. Ол — агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Сондықтан қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану қажет.
«Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет.
Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек.
Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн.
Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек.
Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек.
Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.
Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн.
Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді.
Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.
Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз.
Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн.
Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек.
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс», — деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуетін арттыра отырып, жаңа бастамаларға белсене кірісуге үндеді.
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ
— Келес ауданының аумағынан бірнеше қыш ыдыстар мен садақ жебесі табылды. 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән беріліп отыр. Бұл қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдер туралы білуге мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сол маңнан Күлтөбе қалашығының орнын таптық, — дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жетекші ғылыми қызметкері, phd докторы Музаффар Гурсой.
45 АУДАН МЕН ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ
«Биыл аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы алғаш рет пилоттық режимде өтеді. Заңнамаға сәйкес, пилоттық өңірлердің тізбесін және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды өткізу күнін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер мәслихаттарға бекітілген. Сонымен 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Оның ішінде — 3 қала және 42 аудан. Сондай-ақ сайлау өткізу күнін белгілеп шықты. Мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді», — деді Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.