2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі4,8% құрады — Олжас Бектенов

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың негізгінәтижелері туралы баяндады.

Атап айтқанда, экономика 4,8%-ға өсті. Ауылшаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қолжеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға дейінартты.  

Аграрлық сектор мен өңдеуші салады соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлыдақыл жиналды. 4 млн тонна астық экспортқажөнелтілді.


Өңірлерге шаққанда өткен жыл қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім СолтүстікҚазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары және Астана мен Шымкент қалаларында тіркелді.