ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен биыл 6-7 ақпан аралығында Республика көлемінде «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Жалпы бұл жиынның негізгі мақсаты – ел аумағындағы көктемгі тасқын судың алдын алу. Оқу-жаттығу жиындары екі кезең бойынша өтеді. 1-кезеңі 6-7 ақпан аралығында Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу облыстарында өткізілсе, ал 2-кезең осы жылдың 6-7 наурыз аралығында Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында өткізіледі» – деді спикер.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында “Қазгидромет” РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Маханбет Жазықбаев өңірімізде алдағы айларда болатын ауа-райының болжамына қатысты баяндама жасады.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалына қарасты облыс аумағында 21 өзенде 30 гидрологиялық бекет орналасқан. Жалпы ақпан айында ауаның орташа айлық температурасы -5,0 және +3,1°С болады деп күтілуде. Ақпан айында жиі циклондардың әсерінен жауын-шашын мен қар жаууы мүмкін. Ал, бірінші онкүндіктің басында және екінші онкүндіктің соңында қар, бұрқасын болады деп болжанып отыр. Ал соңғы үшінші онкүндікте облыс аумағында ауа-райының жылыну күтілуде» – деді спикер.

Сонымен қатар, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Су пайдалану бөлімінің басшысы Мақсат Дарханұлы аймақтағы су жүйелерінің ахуалы туралы мәлімдеме жасады.

«Өңірде 18 суқойма, 11 су тоспалары бар. Сонымен қатар, ұзындығы 1 299,184 шақырымды құрайтын 104 магистральды канал бар. Ал, шаруашылықаралық каналдар саны – 111, олардың жалпы ұзындығы – 837,601 шақырым. Облыстағы жалпы каналдар саны – 1 894, олардың ұзындығы – 5 781,2 шақырым. Одан бөлек, ұзындығы 3 086 шақырым 408 дана қашыртқылар мен 1 208 тік дренажды ұңғымалар бар. Су тасқынына қарсы барлық темір қақпалары, көтеру-түсіру құрылғылары тексеріліп, ақаулары жөнделді. Өзендерден бастау алатын каналдардың бас су құрылымдарын бекітіп, сағаларын нығайту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайдың алдын алу және қауіпсіздікті сақтау іс-шаралары бойынша инертті матералдар мен жанар-жағармай қоры жеткілікті» – деді сала маманы.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН

2024 жылы Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың Құқықтарын қорғау департаментіне жалпы саны 1 624 өтініш келіп түсті. Оның 1 495-і қаңағаттандырылса, қадғаны өзге мемлекеттік органдарға қайта жолданды. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың Құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Әшімханов мәлімдеді.

«2024 жылы Түркістан облысының тұтынушыларына 107 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Мәселен, бір тұтынушы 13 миллион теңгеге сатып алынған сапасыз пәтер үшін қаржысын қайтарып алды. Ал, бір азамат 6 миллион теңге тұратын сапасыз қызмет үшін өтемақы алды. Өтініштерді талдау нәтижесінде 2024 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 497 әкімшілік іс-қозғалған. Түркістан облысында сауда алаңдарын, жұмыс орындарын және тауар айналымын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары өз жалғасын тауып келеді. Атап айтар болсақ, 2024 жылдың 12 айында облысқа сауда саласына 101,4 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды» – деді спикер.

Сондай-ақ, баспасөз жиынында департамент өкілі халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендегенін жеткізді. Атап айтар болсақ күнбағыс майы – 11,5 пайызға, сиыр еті – 2,6 пайызға, сүт – 2,5 пайызға, сәбіз – 10,6 пайызға, қырыққабат – 17,1 пайызға, құмшекер – 6,4 пайызға, қарақұмық – 30 пайызға, ал күріш бағасы 3,8 пайызға арзандаған.

“CONFITURE” КЛУБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысында “CONFITURE” әйелдер клубының алғашқы кездесуі өтті. Бұл – рухани байлық алаңы. Мақсаты: Өз кәсібі мен отбасының берік тұтқасы болған әйелдердің мәдени және кәсіпкерлік саласында жеткен жетістіктері мен олардың қоғамдағы алатын орнын айшықтау. Іскерлік мүмкіндерімен бөлісу. Әйелдердің қабылет-қарымын дамыту. Сонымен қатар, әйелдердің пікір алмастыратын ортақ алаңын құру. Тәжірибе алмасу. Конфитюр клубының құрамы көшбасшы, іскер, шығармашыл, идеяға толы нәзік жандылардан құралған.

 

 

Бұл өз кезегінде бірнеше арулардың ой – қабілетін арттыруға сеп болмақ. Бүгінгі басқосуға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева, ТОО “Барс Құрылыс” директоры М.Ислам, “Согдиана” балабақшасының құрылтайшысы Д.Хабибова, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ж.Турехановна, жеке кәсіпкер Ш.Османова және “Атамеке-Түркістан” МҚҰ-ның директоры С.Шорабековна қатысып, пікір талас алңында белсенділік танытып, идеяларымен бөлісті.

 

Басқосуда кәсіпті тұрақты дамытып, әйелдер кәсіпкерлігін өркендету, шығармашылық әлеуетін көтеріп, тұлғалық мүмкіндігін арттыру, қоғамдағы рөлін нығайту жайы сөз болды. Түрлі ойындар арқылы клуб мүшелерінің өз-өзін бағалау мүмкіндіктері байқалды. Әр кездесу еркін форматта түрлі тақырыптарда жүзеге асатын болады.

 

ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ.

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.

Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін бірқатар шараларды қабылдауда.

Солардың бірі, Президенттің Жарлығымен айқындалған  Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мектеп пен жоғарғы оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын көздейді.

Онда, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл дегеніміз оқушылардың мектепқабырғасында жүрген кезден-ақ олардың қарім-қабілетін, білімі мен біліктілігін дамыту, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, мемлекеттік қызметтің қыр сырын түсіндіру.

Өз кезегінде, Департамент Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарының жоғарғы сынып оқушыларына мемлекеттік қызмет саласында өткізілетін кездесу, форум, «Ашық есік күні»
іс-шараларына қатыстырып,  бірлесе жұмыстар жүргізуде.

Бұдан басқа, Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттерінен құралған Департамент жанындағы «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің тыңдаушыларына бүгінгі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен негізгі жұмыс бағыттары түсіндірілуде.

Бұл – білімді жастардың дағдыларын дамыта отырып, оларды мемлекеттік қызметке тартудың бірден бір тәсілі.

Қазіргі уақытта, осы мектептің 10 тыңдаушысыорталық, облыстық және қалалық, аудандықдеңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда.Яғни, кешегі студенттер бүгінгі мемлекеттік қызметтегі әріптесімізге айналып отыр.

Жалпы, білімге құштарлық әрқашан біздің халқымызға тән қасиет. Бүгінгі білімді жас – ертеңгі кәсіби білікті маман. Сондықтан, мемлекет білімді,  талапты жастарға  үлкен үміт артатыны анық.

Осы тұста, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгізіліп, жастардың мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жеңілдеді.

Соның бірі, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнын жақсы бағамен аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) бір жыл ішінде аудан, ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасуы.

Осы мүмкіндікті пайдаланып республикада – 442,облыста – 35 түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды.

Бұл өз кезегінде білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан,ауылдарға  оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірге келген іссапарында «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек» деп айтқан болатын.

Осы орайда, дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне араластыру мақсатында, Агенттік 2019, 2021, 2023 жылдары Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, 400 адам резервке алынып, бүгінде оның
300-ден астамы мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторларда басшылықлауазымдарда қызмет етуде.

Сол сияқты, білімді жастардың пулын қалыптастыру бойынша 2024 жылы алғаш рет Өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді. Оған облысымызда ниет білдірген 600-ден астам адамдардың арасынан 30 адам резервшілер тізіміне ілікті.

Айта кету қажет, түрлі салаларда еңбек еткенрезервшілерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу немесе мемлекеттік қызметте одан әрі ілгерілеу бойынша заңнамаларда ерекшемүмкіндіктер берілген.

Осы мүмкіндікті пайдаланған 9 резервші облыстық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда еңбек етуде.

Жалпы, кадр резервіне іріктеудің мақсаты – талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.

Қорыта келе, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылатындықтан, олар жаңа идеялармен, белсенділікпен ерекшеленеді және өздерінің күш-жігерін қоғамның дамуына арнауы тиіс. Сондықтан, жастардың әлеуетін дұрыс пайдалану арқылы қоғамды жақсартуға, болашаққа деген сенімді арттыруға болады.

Осы орайда, елдің дамуына әрбір жастың өзүлесін қосуы үшін,
жастарды мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырамын.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,   Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЫҚПАЛЫМЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

Осы орайда, Қазығұрт ауданының тұрғындарының арызы негізінде, аталған шағымдарды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Анықталғандай, қызмет алушылармен трактор жүргізу құқығына куәлік және тракторға арналған мемлекеттік нөмірлік белгі алу туралы өтінішьер жолданып, тиесілі бөліммен «Құжаттар толық емес»деген негізбен қызмет көрсетуден бас тартылған.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» қағидасымен реттеледі
(ҚР АШМ 30.03.2015ж. № 4-3/270 бұйрық).

Бұл ретте, Қағиданың 1-қосымшасының 9-тармағында бас тартудың негіздері нақты көрсетілген.

Дегенмен, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес емес негізсіз бас тартылған.

Өз кезегінде, тексеру барысында Департаменттің ықпалымен
бөлім тарапынан қызмет алушыларға трактор жүргізу құқығына куәлік және тракторға арналған мемлекеттік нөмірлік белгі ұсынылды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

Дархан Аширханұлы СУРТЕКОВ

Цифровые привычки XXI века

Айгуль Забирова, главный научный сотрудник КИСИ при Президенте РК, доктор социологических наук, профессор

Источники информации о событиях в Казахстане. В эпоху цифрового капитализма происходит не просто усложнение конфигурации медиа- и сетевого пространства, сетевое пространство активно вытесняет пространство массовых медиа. В такие времена важно научиться различать надежность информации в бесконечном потоке её источников. Действительно, многие из нас в получении новостей пользуются не только традиционными, институциональными каналами (телевидение, радио и печатная пресса) коммуникации – потребление таких неинституциональных источников новостей, как новостные сайты, социальные сети, мессенджеры, платформы подобные YouTube возрастает как снежный ком. И это кардинально новая привычка, привычка XXI века в отборе источников новостей.

Как население страны усваивает новости о событиях в Казахстане? Результаты опроса, проведенного по заказу КИСИ весной 2024 г. (выборка – 8000 респондентов), проливают некоторый свет на эту проблему. Больше всего в получении новостей казахстанцы используют Интернет (новостные, аналитические и официальные сайты) – 54,3% респондентов, второй источник по востребованности – социальные сети (Facebook, ВКонтакте, Instagram, Одноклассники) – 48,2%, и только третьим источником новостей идут телеканалы (43,8%). Популярными источниками выступают платформа YouTube (20,1%), 15,1% респондентов прибегают к таким мессенджерам, как WhatsApp, Telegram. Таким образом, подавляющее большинство казахстанцев получает новости с цифровых устройств, со смартфонов, планшетов или компьютеров.

Обращение к институциональным источникам новостей – телевидению (43,8% респондентов) и особенно к радио (4,1%) и печатной прессе (4,1%) – в стране значительно ниже в сравнении с цифровыми. Очевиден закат эры печатных новостей, закат «печатного капитализма» (Б. Андерсен), чьим источником дохода являлось книгопечатание, а позже и издание прессы на родных языках сообществ, посредством которых небольшие группы людей стали трансформироваться в нации с начала XIX века. Таким образом, печать на протяжении двух веков стала пространством коммуникации, где совершенно незнакомые люди могли понимать других через чтение печати, что давало им ощущение присутствия миллионов других людей в их особом языковом поле.

Демографические профили потребителей новостной информации. В целом в использовании обоих каналов коммуникации женщины, в незначительной степени, но все же активнее мужчин. Так, интернет-источниками пользуется 53,1% мужчин и 55,3% женщин; социальные сети выступают источником новостей для 44,7% мужчин и 51,1% женщин; печатные газеты и журналы читают 3,6% мужчин и 4,5% женщин, но радио слушают чаще мужчины – 5,3%, женщины – 3,2%.

Горожане, в сравнении с жителями сел, активнее в использовании интернета, социальных сетей, мессенджеров, YouTube. Сельчане (47,0%), в сравнении с горожанами (41,7%), чаще используют телевидение и печатную прессу. Самые активные потребители телевидения – население в возрасте 61 год и старше, они же чаще остальных возрастных групп используют печатную прессу. Чем выше уровень образования, тем чаще использование интернет-источников, нежели телевидения, социальные сети наиболее популярны для людей с высшим образованием. Свободные, не имеющие семей, респонденты чаще других используют социальные сети. Занятые, в отличие от незанятых (куда помимо безработных входят пенсионеры, студенты и домохозяйки), активнее как в использовании интернета (56,9% versus 47,7%), так и в использовании социальных сетей (51,2 versus 41,0% респондентов). По социально-экономическому статусу (самооценка покупательной способности), чем выше статус респондента, тем больше обращения к интернет-источникам и социальным сетям, но связей между статусом и использованием мессенджеров, потреблению YouTube и радио не наблюдается. По языкам заполнения анкеты, русскоязычные чаще используют интернет-источники (55,7%) нежели казахоязычные (52,2%), однако социальными сетями казахоязычные пользуются чаще чем русскоязычные (52,9% versus 45,0%).

В контексте доверия печатным и цифровым источникам информации отметим, что для печатной прессы характерны многолетняя традиция следования журналистской этике и репутации, редакции следуют профессиональным стандартам на предмет достоверности, прозрачности и ответственности. Тогда как в активе цифровых источников находятся скорость, актуальность, доступность, мультимедийность и поисковые возможности. Тем не менее важность критического отношения к информации подразумевает, что даже печатные источники требуют анализа.

Итак, сегодня мы наблюдаем появление нового способа коммуникации и формирование нового вида капитала – коммуникативного капитала (Дж. Дин), где еговласть над вниманием интернет-пользователей усиливается. Подобно тому как «печатный капитализм» имел своей обязательной целью получение прибыли за счет массовой реализации книгопечатной продукции на местных языках, так и коммуникативный капитализм посредством монетизации, капитализации сетевых инструментов создал возможности к появлению новых акторов, новых лиц в публичном пространстве. Всё это привело к формированию нового типа для Казахстана властных вертикалей – сетевых иерархий, где продюсеры сетевого контента (блогеры, журналисты) становятся новым элементом иерархий, усложняя и без того непростую конфигурацию властных ресурсов, капиталов и взаимодействий.

XXI ғасырдағы цифрлық әдеттер

Айгүл Забирова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстандағы оқиғалар туралы ақпараткөздері. Цифрлық капитализм дәуірінде медиа мен желілік кеңістіктің конфигурациясы күрделене түсуде, сонымен қатар желілік кеңістік дәстүрлі ақпарат құралдарын ығыстыруда. Осындай кездерде ағыл-тегіл ақпараттың сенімділігін анықтауды үйрену маңызды. Шынында да, көпшілігіміз жаңалықтарды алу үшін дәстүрлі, институционалдық байланыс арналарын (теледидар, радио және баспасөз) ғана емес, сонымен қатар жаңалықтар сайттары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және YouTube сияқты институционалдық емес жаңалықтар көздерін де пайдаланамыз. Бұл – XXI ғасырдың түбегейлі жаңа әдеті, яғни жаңалық көздерін таңдаудағы жаңа үрдіс.

Қазақстандағы оқиғалар туралы халық жаңалықтарды қалай қабылдайды? ҚСЗИ-дің тапсырысымен 2024 жылдың көктемінде жүргізілген сауалнама (іріктеме – 8000 респондент) бұл мәселеге біраз түсінік береді. Жаңалық алудың ең танымал көзі – интернет (жаңалық, талдамалық және ресми сайттар) – 54,3% респондент осы дереккөзді қолданады. Екінші ең танымал ақпарат көзі – әлеуметтік желілер (Facebook, ВКонтакте, Instagram, Одноклассники) – 48,2%. Ал үшінші орында – теледидар (43,8%). Сондай-ақ, YouTube платформасы да кеңінен қолданылады (20,1%), ал мессенджерлер (WhatsApp, Telegram) арқылы жаңалық алатындар 15,1%-ды құрайды. Осылайша, қазақстандықтардың басым көпшілігі жаңалықтарды цифрлық құрылғылар – смартфондар, планшеттер немесе компьютерлер арқылы алады.

Институционалдық жаңалық көздерін тұтыну деңгейі – теледидар (43,8% респондент), радио (4,1%) және баспасөз (4,1%) – цифрлық ақпарат көздерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Баспа жаңалықтарының дәуірі аяқталып келеді, «баспа капитализмінің» (Б.Андерсен) құлдырауы айқын байқалады. Баспа өнімдерінен (кітаптар мен газеттер) пайда табуға негізделген бұл капитализм екі ғасыр бойы адамдарды біртұтас ұлт ретінде қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Баспа арқылы миллиондаған адамдар ортақ тілдік кеңістікте өзін біртұтас қауымдастықтың мүшесі ретінде сезінді.

Жаңалықтарды тұтынушылардың демографиялық профилі. Жалпы алғанда, әйелдер ақпарат көздерін пайдалануда ерлерге қарағанда белсендірек. Мысалы, интернет-ресурстарды ерлердің 53,1%-ы, ал әйелдердің 55,3%-ы қолданады. Әлеуметтік желілер жаңалық көзі ретінде ерлердің 44,7%-ы, ал әйелдердің 51,1%-ы үшін маңызды. Баспасөзді оқитын ерлер – 3,6%, ал әйелдер – 4,5%. Радионы, керісінше, ерлер көбірек тыңдайды – 5,3%, ал әйелдер – 3,2%.

Қалалықтар ауыл тұрғындарымен салыстырғанда интернет, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және YouTube қолдануда белсендірек. Ал ауыл тұрғындары (47,0%) теледидар мен баспасөзді қала тұрғындарымен (41,7%) салыстырғанда жиірек қолданады. Теледидардың ең белсенді тұтынушылары – 61 жастан асқан азаматтар, олар баспасөзді де ең жиі пайдаланатын топқа жатады. Білім деңгейі жоғары болған сайын интернет-ресурстарды пайдалану жиілігі артады. Әлеуметтік желілерді ең белсенді қолданушылар – жоғары білімді азаматтар. Отбасылық жағдайы бойынша үйленбеген, тұрмысқа шықпаған азаматтар әлеуметтік желілерді жиірек пайдаланады. Жұмыс істейтін азаматтар жұмыс істемейтіндерге (оның ішінде зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер де бар) қарағанда интернетті (56,9% қарсы 47,7%) және әлеуметтік желілерді (51,2% қарсы 41,0%) көбірек қолданады. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жоғары респонденттер интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді жиірек тұтынады. Алайда мәртебенің мессенджерлер, YouTube және радио қолдануға ықпалы байқалмайды. Тілдік ерекшелікке байланысты, орыс тілінде сауалнама толтырғандар (55,7%) қазақ тілінде сауалнама толтырғандарға (52,%) қарағанда интернет-ресурстарды көбірек қолданады, ал қазақ тілінде жауап бергендер әлеуметтік желілерді жиірек (52,9% қарсы 45,0%) тұтынады.

Баспа және цифрлық ақпарат көздеріне деген сенім деңгейін алатын болсақ, баспа басылымдары журналистік этиканы сақтау және кәсіби стандарттарға сәйкес ақпараттың шынайылығын, ашықтығы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету дәстүрін қалыптастырды. Ал цифрлық ақпарат көздерінің негізгі артықшылықтары – жаңалықтардың жеделдігі, қолжетімділігі, мультимедиялық мүмкіндіктері және іздеу жүйелерінің қолайлылығы. Дегенмен, ақпараттың қандай көзі болмасын, оны сыни тұрғыдан бағалау қажет, өйткені баспа материалдары да талдауды талап етеді.

Қорытындылай келе, біз коммуникацияның жаңа түрінің және жаңа капитал түрінің – коммуникациялық капиталдың (Дж. Дин) қалыптасуын бақылап отырмыз. «Баспа капитализмі» қалай жергілікті тілдерде баспа өнімдерін сату арқылы пайда табуды көздеген болса, дәл солай коммуникациялық капитализм де желілік құралдарды монетизациялау және капиталдандыру арқылы жаңа ықпал ету алаңын қалыптастыруда. Бұл үрдіс Қазақстанда жаңа билік иерархияларын – желілік иерархияларды тудырды, онда желілік контент жасаушылар (блогерлер, журналистер) жаңа билік құрылымдарының элементіне айналып, билік ресурстары мен коммуникация кеңістігінің күрделі құрылымына қосылды.

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында және Бәйдібек ауданының тұрғындарының арызы негізінде, аталған шағымдарды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы
1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

____________________________________________________________________

Анықталғандай, қызмет алушылармен «Е-лицензия» порталы арқылы «Саяжай құрылысы үшін» жер учаскесіне құқық алу үшін тиісті мекемеге өтініш берілген.

Бұл рете, Қағида талаптарында көрсетілгендей, жер комиссиясы қорытындысының бір данасын өтініш иелеріне жіберу қажет.

Сонымен қатар, Қағида да мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер көрсетілген.

Алайда, қызмет беруші тарапынан аталған өтініштерге жер комиссиясының қорытындысы жолданбай, өтініштерге негізсіз бас тартылғаны  анықталды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде, қызмет алушымен аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтініш беріліп, Департаменттің ықпалымен 2025 жылғы 10 қаңтарда қызмет нәтижесі жер комиссия отырысының оң қорытындысы ұсынылды.

Осылайша, қызмет алушылардың бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі. Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады. SafeTravel.kz-те: Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған “102” мобильді қосымшасы, оның ішінде “SOS” функциясы; Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама; Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы; Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі; Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме; Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері; Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді. Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstan-iim-turister-ushin-qauipsizdik-zhujesin-engizedi-arbir-sheteldik-qonaqqa-qr-kody-bar-kartochka/

 

 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Облыс аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 2024 жылдың өзінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 567 дерегі анықталып, 32 370 литр дизель отыны мен 6 008 литр бензин тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің өкілі Аманбай Сабыр БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Аталған жұмыстар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Түркістан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ көлеңкелі нарыққа тосқауыл қою мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізуде. Оның құрамына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, қаржы мониторингі агенттігі, көлік инспекциясы, табиғи монополияларды реттеу комитеті және жергілікті атқарушы органдар кіреді» – деп толықтырды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Түркістан облысында 380 жанармай құю бекеті және 9 мұнай базасы заңды негізде жұмыс істеп тұр. АИ-92, АИ-95 және дизель отыны еркін сатылуда және өңірде мұнай өнімдеріне тапшылық тіркелмегенін жеткізді Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары