Шымкент қаласында “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембековтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.
Кездесу барысында 2025 жылғы жол-құрылыс маусымына дайындық, жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру және асфальтбетон зауыттарының жұмысы талқыланды. Жиынға Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, сондай-ақ АБЗ басшылары қатысты.
2024 жылы қазақстандық жастармен жұмыс істеудің басты бағыты «Адал азамат» тұжырымдамасы болды. Бұл бағытты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. Тұжырымдама адалдық, әділдік және еңбекқорлық секілді құндылықтарды насихаттауға негізделген.
Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесі. 2024 жылы 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды.
Еліміздің бірнеше өңірінде оқыту және жұмысқа орналастыру бағдарламалары жүзеге асты. Атап айтсақ, Астанада – «Jol Tap» (3,9 мың адам оқудан өтті), Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – «Jumys Tap» (10 мың адам жұмыспен қамтылды) бағдарламалары. Сондай-ақ Алматыда «Jobfair365» платформасы жұмыс істейді, оның көмегімен 2,5 мың жас маман жұмысқа орналасты.
Астанада «Jol Tap» жобасы аясында 19,5 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларының 52 түрі бойынша кеңес алды. Олардың ішінде 3,9 мың адам 10 түрлі мамандық бойынша оқытылды (тігінші, бариста, сатушы-кассир, электргазбен дәнекерлеуші, бухгалтерлік есептің негіздері, аяқ киім жөндеу және кілт жасау, корпустық жиһаз жасау негіздері, май және дөңгелек ауыстыру жөніндегі авто-маман, Kaspi дүкеніндегі сауда негіздері және т.б.)
Жастар ресурстық орталықтары 2024 жылы кәсіптік бағдар беру мақсатында 500-ден астам бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырып, 1 миллионнан астам кеңес беріп үлгерді (заңгерлік, психологиялық, кәсіптік бағдар, мемлекеттік бағдарламалар, волонтерлік, жұмыспен қамту және т.б.).
NEET санатындағы жастарға да ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл санатқа жататын 160 мыңнан астам жас бар. Олар – білімі мен жұмысы жоқ қазақстандық жастар. NEET жастарының бастамаларын қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Zhas project» аясында 280 грант бөлді (әр гранттың мөлшері – 1 миллион теңге).
Сонымен қатар 20 жылдан астам уақыт бойы елдің әр өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы жүзеге асып келеді. Соңғы 3 жылда 100 мыңнан астам жас қамтылса, оның 30 мыңнан астамы – ауыл жастары.
Мемлекет жастарға тұрғын үй мәселесін шешу бойынша жүйелі қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылдан бастап, мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 200-ден астам жас қазақстандық баспанаға ие болды.
Бүгінде «Отбасы банк» және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, елдің 16 өңірінде жұмыс істейтін жастарға арналған арнайы ипотекалық бағдарламалар да іске қосылды. Шарттарын атап айтатын болсақ, 10% бастапқы жарна төленіп, пайыздық мөлшерлемесі 5%-дан басталады, 19 жылға дейін несие беріледі.
Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады, бірақ отбасылы болған жағдайда ерлі-зайыптының біреуі ғана өтініш бере алады.
Сондай-ақ жастар үшін арнайы квоталар қарастырылған республикалық тұрғын үй бағдарламалары да бар. Атап айтсақ, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары. 2024 жылы осы бағдарламалар аясында 3 923 жас азаматқа жалпы сомасы 103,4 млрд теңге несие берілді. «Отау» бағдарламасы бойынша 1 450 жас азамат жалпы сомасы 31,7 млрд теңге көлемінде несие алды.
Жастар саясатының басты бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті арттыру.«Президенттік жастар кадрлық резерві» – Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап іске асып келе жатқан жоба. Қазіргі уақытта 315 резервтегі жас мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарға тағайындалды.
Жобаға қызығушылық жыл сайын артып келеді (2019 жылы – 13 мың адам, 2021 жылы – 22 мың адам, 2023 жылы – 31 мың адам). Үш іріктеудің нәтижесі бойынша 400 адам Резервке қабылданды (2019 жылы – 300 адам, 2021 және 2023 жылдары – 50 адам).
Олар саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусына, сондай-ақ «Б» корпусындағы басшылық қызметтерге тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.
2024 жылы алғаш рет барлық өңірде аймақтық кадрлық резервке іріктеу өтті. Оған республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары қатысты. 505 адам екі жыл мерзімге резервке қабылданып, мемлекеттік органдардың келісімімен «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, Мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастарға арналған арнайы квоталар енгізілді, бұл бастама органдардың жұмысына жаңа серпін берді.
Бұдан бөлек мемлекет гранттар мен сыйақылар арқылы жастарға қолдау көрсетіп келеді. 2024 жылы 90 млн. теңгеге «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 30 жасқа табысталды. Жоба алты бағыт бойынша грант бөлді. Атап айтсақ, ғылым, мәдениет, IT, медиа, бизнес, волонтерлік секілді тақырыптар қамтылды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының мөлшері 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Биыл жастарға арналған арнайы гранттық жобалар 6 бағыт бойынша (лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, жастардың қаржылық және құқықтық сауатын арттыру және т.б.) бөлінеді. Жобаның жалпы сомасы шамамен – 720 млн теңге (2025-2027 ж. ж. кезең үшін).
Стартаптар мен инновациялық бастамаларды қолдау жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өсуінк ықпал етеді.
Кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттырады.
Жалпы, көпвекторлы жастар саясаты жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, олардың азаматтық жауапкершілік деңгейінің артуына ықпал етеді.
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.
«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.
«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.
«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.
«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.
«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:
– медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;
– ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;
– ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
– «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;
– «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;
– азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.
«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.
Этническим казахам – гражданам других стран выдано 65 карт «Ата жолы», дающих право жить и работать в Казахстане в течение 10 лет. 27 карт получили бизнес-иммигранты, готовые развивать свое дело в нашей республике, обладателями 38 карт стали востребованные специалисты.
«Где бы ни жили казахи, их единственная Родина – Казахстан. Поэтому нам всегда важно поддерживать наших соотечественников, живущих за границей», – Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев.
Среди получивших карту «Ата жолы» имеются такие специалисты, как инженер-физик, инженер-математик, химические технологи, врачи челюстно-лицевой хирургии, педиатры и др., прибывшие из России, Германии, Монголии, Китая, США, Израиля, Франции, Великобритании, Нидерландов, Финляндии, Кыргызстана и Узбекистана.
Целью внедрения карты «Ата жолы» является укрепление связей с исторической родиной, сохранение национальных традиций, привлечение в страну профессионалов и успешных бизнесменов для реализации их потенциала в Казахстане. Карта предоставляется этническим казахам, проживающим за рубежом, без потери гражданства.
Обладатели карты «Ата жолы» при въезде в страну получают вид на жительство сроком на 10 лет и самостоятельно выбирают регион расселения для осуществления трудовой деятельности, либо ведения бизнеса.
Этнический казах с картой «Ата жолы», являясь гражданином другой страны, имеет равные права с гражданами Казахстана и кандасами.
Обладатели карты «Ата жолы» (и члены их семей) могут пользоваться правами на:
– получение социальных выплат и обслуживание в медицинских учреждениях в рамках гарантированного объема медицинской помощи;
– трудоустройство на территории Казахстана в соответствии с Трудовым кодексом РК и законом РК «О миграции населения»;
– осуществление на территории Казахстана предпринимательской деятельности в соответствии с Предпринимательским кодексом и иными правовыми актами РК;
– получение бесплатного среднего образования в государственных учебных заведениях, на конкурсной основе бесплатного среднего специального и/или высшего образования в государственных средних специальных и/или высших учебных заведениях, платного образования в частных учебных заведениях в соответствии с законом РК «Об образовании»;
– получение гарантированной государством юридической помощи в соответствии с законом РК «Об адвокатской деятельности и юридической помощи»;
– приобретение гражданства Республики Казахстан в упрощенном порядке в соответствии с международными договорами и законодательными правовыми актами РК в сфере гражданства.
Лица, обладающие картой «Ата жолы», не имеют прав избирать и быть избранными в Парламент и маслихаты РК, участвовать в республиканском референдуме и не имеют доступ к государственной службе.
Карта «Ата жолы» признается недействительной в случае, если ее владелец получит гражданство Казахстана.
Напомним, по поручению Главы государства с июля 2023 года внедрена карта «Ата жолы» для этнических казахов, проживающих за рубежом, с проработкой вопроса упрощенного въезда/выезда в страну.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс» екендігін баса айтқан болатын. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан облысында «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер көлемі 10,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 114 % өсімді көрсетіп, республика бойынша көш басында тұр.
– Ауылдық жерлерде халыққа көрсетілген пошта және курьерлік қызметтің көлемі 5 560,5 млн теңге болды. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында бұл қызмет бойынша жедел дерекке сәйкес 1 249,1 млн теңгеге көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 13,7% артқан. Статистикалық есептерді облыс аумағында тізім бойынша 33 кәсіпорынның 32-і («Esmira» ЖШС тапсырмаған) уақытылы тапсырды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады және тұрақты бақылауда, – деді облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.
• Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі – 396,4 млн теңге;
• жергілікті телефон байланысы қызметтерінің көлемі – 737,5 млн теңге;
• интернет желісінің қызметтері – 5 576,8 млн теңге;
• сымды және сымсыз телекоммуникациялық желілер арқылы деректерді беру бойынша қызметтер – 369,6 млн теңге;
• кабельді инфрақұрылым, сымсыз желілер және жерсерігі арқылы бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 446,7 млн теңге;
• өзге де телекоммуникациялық қызметтер көлемі – 2 609,1 млн. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Түркістан облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2024 жылғы 30 желтоқсан – 2025 жылғы 30 наурыз арылғында) қабылданады.
Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:
1. Жобаны әзірлеу:
– қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,
– геральдикалық белгілерді сақтау,
– өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.
2. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
3. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
– жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
– жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
– жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
– жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
4. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
5. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
6. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық қоғамдық даму басқармасына (электронды көшірмесі russ_pl4@mail.ru почтасына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 30 наурыздан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!
Сұрақтар туындаған жағдайда 87775581553 (Айгуль Рустемова) номеріне хабарласуға болады!
Акимат Туркестанской области объявляет конкурс на разработку проекта региональной символики!
В соотвествии с Правилами разработки проекта региональной символики, утвержденными приказом Министра культуры и информации Республики Казахстан от 30 октября 2024 года № 503-НҚ, заявления на разработку региональной символики Туркестанской области принимаются в течение 3 месяцев (с 30 декабря 2024 года по 30 марта 2025 года).
Требования к проекту региональной символики:
1. Разработка проекта основывается на принципах:
− укрепления общественного согласия и общенационального единства;
− соблюдения геральдических знаков;
− учета национальных традиций, исторических, культурных, природных, географических, социально-экономических особенностей региона.
2. При разработке проекта запрещается использование изображения Государственного Флага и Государственного Герба Республики Казахстан, а также изображение религиозных, родовых и племенных знаков.
3. При разработке проекта учитываются:
− проект является новой работой, ранее не использовавшейся и определяющей своей спецификой создание будущего направления развития местности;
− проект имеет визуальную составляющую, объемное изображение и (или) модель, с четким рельефом;
− в проекте официальные наименования, надписи и другой текст излагаются на казахском языке;
− при разработке проекта не допускается нарушение авторских прав и (или) смежных прав, плагиат
4. Автором проекта признаются граждане Республики Казахстан.
5. В случае создания проекта несколькими физическими лицами, все они считаются его авторами (соавторами).
6. При разработке проекта допускается использование национально-этнографических элементов (орнаментов).
Заявление на участие в конкурсе принимается на казахском и русском языках и содержит описание проекта.
Заявления на участие в конкурсе необходимо подать в бумажном и электронном виде в областное управление общественного развития (электронную копию отправлять на почту russ_pl4@mail.ru) не позднее 30 марта 2025 года.
По всем возникающим вопросам обращаться по номеру 87775581553 (Айгуль Рустемова).
Түркістан облысында балық шаруашылығына қызыққан кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған. Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны болса, оның 82-сі — балық шаруашылығына бекітілген. Саладағы жұмыстармен танысу үшін БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Шарада журналистер әуелі Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында форель балығын өсіретін шаруашылық жұмысымен танысты. «Қанапия Мақсат Нармаханұлы» шаруа қожалығы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6 млн теңге көлемінде қаржы алған. Жоба құны 9,1 млн теңгені құрайтын қожалықта бүгінгі таңда 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, тур аясында аудандағы «Утепов М» мал бордақылау алаңының жұмысы таныстырылды. Ауданға қарасты Бөржар ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалығы жылқы мен ірі қара малын бордақылаумен айналысады. Сонымен қатар, жылына 350 тоннаға дейін ет өндіреді. 2021 жылы жұмысын бастаған қожалықта 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінгі таңда алаңда 600 бас жылқы және ірі қара мал бордақылауға мүмкіндік жасалған. Жоба құны 500 млн теңгеге бағаланып отыр.
Ауданда жылыжай шаруашылығымен айналысушылар саны да артқан. Мәселен, Шұбарсу ауылдық округінде орналасқан «Ерімбетов А» жылыжай кешені 2017 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Қызанақ және қияр өнімдерін өсіретін кәсіпкерлік нысанда бүгінгі таңда 50 адам тұрақты жұмыс тапқан. Жоба құны 500 млн теңгені құрайтын жылыжай кешенінің өндіріс алаңы 4 гектарды құрайды. Онда өсірілген көкөністер еліміздің бірнеше облыс-қалаларына экспортталады.
Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Өңірлік жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.
«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. Оның ішінде, ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3, ал құрылыс саласы бойынша мамандарды – облыстағы 11 колледж даярлайды. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 студент білім алып жатыр. Сондай-ақ, 30 колледжде жұмысшы мамандар даярланады, студенттер саны 16 100-ді құрайды. 2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс болса, оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтар. Ал, 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған, оның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9 500-ге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл «Бір колледж-бір өнім» деп аталатын жобаны енгізе отырып, 5 колледждің базасында цехтар ашып, кіші кәсіпорындарға айналдыру жұмысын жүргізудеміз. Білікті жұмысшы маман дайындаудың жолы – дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Бүгінгі таңда 35 колледжде дуалды оқыту жүйесімен 64 мамандық бойынша 10 353 білім алушы қамтылған»,- деді спикер.
Айгүл Ерғалиқызының сөзінше, биыл «Мамандықтар атласы» даярланады. Сондай-ақ, инвесторлар мен кәсіпорындардың сұранысы негізінде жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның ішінде лифт және эскалатор, жылжымайтын мүлікті басқару, ет және ет өнімдерін өндіру, агрохимия, пилотсыз ұшу аппараттары, мақта шитін өңдеу және жіп иіру, вагон жөндеу слесары, жасыл энергетика, гидротехникалық құрылыс мамандықтары бар.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың сөзінше, өңірде еңбекке қабілетті 850 мың адам бар. Оның ішінде, 200 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, бекітілген ұлттық кәсіби классификаторда 1 270 мамандық тобы және 12 185 мамандық пен қызмет түрлері енгізілген.
«2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 074 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Еңбек» бағытындағы бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орны мен 32 448 субсидияланған жұмыс орны бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста биыл 125 инвестициялық жоба негізінде 2004 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу үшін жеке инвесторлармен меморандумдар түзіліп жатыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы 32 448 адамды уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда»,- деді спикер.
Айта кетейік, облыста биыл бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен өндіріс орындарында ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Аталған жәрмеңкелерде 350-ге жуық жұмыс берушілерден 1500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылуда. Бос жұмыс орындарының 57 пайызы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.
2025 жылғы 19 ақпан күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларға тоқталып өтті. Сонымен қатар облыс әкімі өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа Құрмет грамотасын табыстады.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды. Олардың бірқатарына тоқталсақ, Түркістан облысындағы кеден бекеттерінің жұмысы және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өзекті мәселелері туралы, облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөнінде баяндамалар жасалды.
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшыларының есептері тыңдалды. Депутаттар пікірлерін білдіріп, шешім жобаларына өз ұсыныстарын енгізді.
Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелердің бірі «Түркістан облысының басқару схемасына» өзгерістер мен толықтыру енгізу бойынша шешім қабылданды. Одан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
– Бүгінгі мәслихат сессиясында маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Бұл шешімдер облыстың дамуына оң әсерін береді деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында стратегиялық жоспарлар жасау, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жақсарту, агроөнеркәсіп кешеніндегі өсімді ұлғайту, салық-бюджет саясатын реформалау, денсаулық сақтау және білім беру саласын одан әрі дамытуды тапсырды. Бюджет қаражатын қатаң үнемдеп, нақты елге қажет жобаларға жұмсау керектігін ескертті. Біз экономиканы әртараптандыру, кіріс көздерін ұлғайту, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық беріп жатырмыз. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарын жандандырдық. Президентіміз биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Облыста атаулы жылды атап өту бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленді. Өңірдегі колледждер кәсіпорындармен бірлесіп, қажетті мамандарды даярлауға белсене атсалысады. Облыста салынған зауыттар мен фабрикаларда өзіміздің жастар, тұрғындар жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан өндіріске қажетті арнайы мамандарды, жұмысшыларды даярлау бойынша тиісті жұмыстар атқарылады. Бұл бастамаға депутаттар да атсалысып, өз үлестерін қосуы керек. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы Мәжіліс пен Сенаттан қолдау тауып, Президентке қол қоюға ұсынылды. Бұл – Түркістан қаласын ғана емес, тұтас өңірді дамуға жетелейтін маңызды құжат. Түркістанды дамыту – тарихқа деген құрмет. Өңір дамуы үшін ел бастаған азаматтар ынтымақпен жұмыс істеуі тиіс. Бірлік болса, тірлік берекелі, ел мерекелі болады. Сондықтан алға қойған мақсаттар мен міндеттерді бірлесіп орындауымыз қажет, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында халықты тұрғын үймен қамтамсыз ету, тұрғын үй қоры мәселелері кеңінен сараланып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі талқыланды.
Аймақ басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді, баспана кезегіндегі заңсыздықтарға жол бермеуді қатаң ескертті.
– Басты мақсат – қаржы мүмкіндігіне қарай халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жаңа механизм қарастыруды, өңірлік бағдарлама аясында ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Баспана шын мұқтаж отбасыларға берілу керек. Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау – басты міндет. Сондықтан мониторинг жұмыстарын күшейту қажет. Тиімсіз жобаларды қаржыландырмай, қаржыны тұрғындар үшін қажетті жобаларға бағыттаған жөн. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу, жөндеу жұмыстарын жүйелеңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, тұрғын үй кезегі туралы есеп берді. Оның баяндауынша, бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 67 400-ден астам адам тұр. Одан бөлек, кезекте тұрған азаматтарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 17 062 адам үй кезегінен шығарылды.
Өңірде қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, 2018-2024 жылдар аралығында үй кезегінде тұрған 7766 азамат коммуналдық тұрғын үйлермен қамтылды. Одан бөлек, 11 500-ге жуық азамат ипотекалық тұрғын үй алған. Ал, өткен жылы 1 млн 153 800 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Жергілікті әкімдіктер тарапынан тұрғын үй алуға басқа да мүмкіндіктер қарастырылған. Былтыр тұрғын үй сертификаттарына жергілікті бюджеттен 40,5 млн теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 20 млн теңге, Отырар және Төлеби аудандарында 5 млн теңгеден, Сайрам ауданында 7,5 млн теңге, Сауранда 3 млн теңге жергілікті бюджеттен тұрғын үй алуға бөлінген. Бұл сертификат ипотекалық баспана алу үшін 10 % алғашқы жарнасын мемлекет тарапынан төлеуді көздейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үйді жалдау ақысының 50 %-ын субсидиялау тетіктері енгізілген. Белгіленген шарттарға сәйкес, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы отбасылар тұрғын үй субсидиясын ала алады. Бүгінгі таңда субсидия алушылардың саны 2 407 отбасыны құрайды. Қаржыны мақсатты пайдалану бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, субсидия алушылардың деңгейі 61 %-ға төмендеді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Айта кетейік, биыл жалпы көлемі 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.