CАУРАН: ЯССЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДА,ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданының Яссы ауылдық округінде этносаралық татулықты насихаттау Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, Яссы ауылдық округінің әкімі Сыздық Хамзаұлы, қоғамдық медиатор Гүлнара Өстемірқызы және ауыл тұрғындары қатысты.Кездесу барысында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды. Ауыл тұрғындары Яссы ауылының тұрғындары ауылдағы этносаралық қақтығыстардың алдын алу барысында жақсы жұмыстар жүргізіліп жатқандығын баяндады.

Яссыда өткен кездесуде ел бірлігін нығайту төңірегінде ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұл ретте, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды

Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы: Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің aikyn.kz сайтына берген сұқбаты.

 

– Берік Уәлиұлы, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкі­мет­тің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет бас­шысы аталған жиында еліміздің даму мақсаттарына сай ке­летін көптеген міндетті белгіледі. Оның ішін­де қан­дай маңызды бастамаларды атап айтар едіңіз?

– Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін өте кең форматтағы басқосу. Жиында Үкімет мүше­лері­нің алдағы жылы атқаратын қызметінің негізгі бағыт-бағдарына басымдық беріледі. Сондықтан кеңейтілген отырыстағы Президенттің кез келген тап­сырмасы мен бастамасы еліміздің дамуы үшін аса маңызды. Қасым-Жомарт Кемелұлы саясат­та­ғы ұтқырлықты әлеуметтік-экономикалық да­му­дағы нақты қадамдармен үйлестіруді жөн са­найды. Яғни, түбегейлі өзгерістерге жол ашқан ре­­­формалардың орындалуы еліміздің әл-ау­қатынан да көрініс табуға тиіс. Осы ретте бір жыл бұрын жаңадан жасақталған Үкіметке өте үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өйткені Пре­зи­ден­тіміз айтқандай, қазіргі кезең жаһан жұртшылығына жеңіл тиіп отырған жоқ. Ірі державалар арасындағы әр­түрлі текетірес, соның ішінде экономикалық санкциялар саясатын күшейту, әр жерде маздаған кикілжіңдер мен бейбіт тұрғындардың мазасын қа­шырған қарулы қақтығыстар бүгінде әлем ел­дерін қатты алаңдатады. Сондай-ақ соңғы жыл­дары климаттық өзгерістер де анық байқала бас­тады. Технологиялық жарыс нәтижелері бұрын-соңды болмаған бәсекелестік тудырды. Міне, осы іспетті сын-қатерлер елімізді барлық салада бет­пе-бет келетін күрделі күрмеулерді дер кезінде, тіп­ті алдын ала шешіп отыруға міндеттейді. Шиы­рып айтқанда, көрпеге қарай көсілетін уақыт кел­ді. Мемлекет басшысы бюджет қаражатын оң­тайлы жұмсау, мемлекеттік құрылымның тиім­ділігін арттыру, артық шығынды болдырмауға баса мән беру керегін қадап айтты. Президент баян­да­ма­сының негізгі жүлгесі осыған саяды.

– Мемлекет басшысы биылғы баян­дамасында да экономикалық даму мәселел­еріне көп тоқталғанын байқадық…

– Экономика – мемлекеттік дамудың негізгі өзе­гі. Әлбетте, отандық экономика, жоғарыда айтқандай, күллі әлемде орын алып жатқан түрлі тартыстың салдарын сезініп отырғаны белгілі. Өйткені біздің басты қағидатымыз бойынша, Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі. Бұл экономикаға да тиесілі ұстаным. Сон­дықтан жаһандық сауда тізбегіне келтірілетін қандай да бір нұқсан біздің экономикамызға да әсер етпей қоймайды. Осы жағдайда орнықты дамуды қалай қамтамасыз етеміз деген орынды сауал туады. Бұл жөнінде Президент бұған дейін де айтып келеді. Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында осы бағыттағы стра­тегияны тағы да пысықтап, Үкімет пен құзырлы органдар басшылары үшін не­гізгі мәселелерді қайтара еске салды. Мәселен, ел экономикасын әртараптан­дыру – өте маңызды бағыт. Соның ішінде осыған дейін оң өсім тіркеліп келе жатқан өңдеу өнеркәсібіне барынша жағдай жасалып жатқанына тоқталды. Ерекше назар ау­даратын дүние, ірі өнеркәсіп жобаларының іске асырылуы баяу жүріп жатқанын сынға алды. Оны елден шы­ғар­ылған заңсыз активтерді қазынаға қайтару ісімен қатар жүргізу қажеттігін айтты. Үкіметке орта буындағы кәсіпорын­дар шоғырын қалыптастыру туралы тап­сырма берді. Қазір әлем­де көптеген ел тиімді пайдаланып отырған туризм са­ла­сынан да қаржы табуды жөн санайты­нын жет­кізді. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арт­тыру бағытындағы маңызды бастамалар бар. Екін­ші деңгейлі банктердің экономиканы қаржы­ландыруы тұрғысынан нақты міндеттер жүктеді. Игерілуі күрделі кен орындарын эконо­ми­калық ай­налымға қосу туралы ойымен бөлісті.

Тағы бір мән беретін мәселе бар: Үкі­­мет­тің кеңейтілген отырысында қос­ымша құн салығын көтеруге қатысты ұс­ы­н­ыс айтылғаны баршаға аян. Бұл жайт қоғамда қызу талқыланды. Қарапай­ым жұртшылықтан бастап сарапшыларға дейін осыған қатысты ойларымен бөлісті. Президент те аталған мәселеге жіті көңіл бөліп, өткен аптада отандық бизнес өкіл­дерімен кездесуде өзінің пікірін жеткізді. Мемлекет басшысы кез келген реформаны жан-жақты сараптап, бай­ып­пен жүргізген жөн екенін атап өтті. Пре­зидент бұл тарапта түрлі нұсқаны қарастырып, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс екеніне ерекше мән берді. Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, сарап­шылар мен депутаттардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керегін қадап айтты.

Осылайша, Мемлекет басшысы стра­те­гиялық бағыттарды белгілеп, желдің қай жақтан соғатынын, оған қарсы амал­дарды санамалап айтып берді. Енді Үкі­мет мүшелері мен басқа да тиісті ор­гандар осы міндеттерді орындауға жан-тәнімен кірісіп, бүкіл күш-жігерін жұ­мыл­дыр­уы керек. Бұл ретте Президент эко­номиканың барлық саласына ин­вес­тиция тартудың өте өзекті екенін атап көрсетті.

– Шынында, Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту жөнінде жиі айтты. Жалпы, елімізде қазіргі инвестиция­лық климат қандай?

– Мемлекет басшысының бастама­сымен елімізде Инвестициялық штаб құ­ры­л­ғанын жақсы білесіздер. Бұл бюро­кратиялық кедергілерге, топтық мүдделерге қарсы тұратын, құқықтық тұрғыдан ин­вес­торды қорғай алатын қабілетке ие институтқа айналуға тиіс. Штабтың тиімді жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдай жасалып, оның орындалуын Қасым-Жомарт Кемелұлы тікелей бақылауында ұстап отыр. Дегенмен Президент Үкіметтің міндеті инвесторлар­дың жекелеген мәселелерін шұғыл шешу ғана емес, еліміздегі жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту екенін ерекшелеп айтты. Былтыр жыл соңында республика­лық басылымдарға жазған мақаламызда да атап өткенбіз, Президент 2024 жылы жиырмадан астам мемлекетке сапармен барды. Көптеген халықаралық жиынға қатысты. Соның бәрінде ең әуелі мемле­кеттер басшыларымен және шетелдік бизнес өкілдерімен кездесіп, еліміздегі шешімін таппай жатқан салаларға қаражат тартуға тікелей бастамашы болып келеді. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан экономикаға инвестиция тарту көрсет­кіштері бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бірақ Президент оған тоқ­мейілсуге болмайтынын жеткізді. Өйткені біріншіден, елімізде бюджет тапшылығы орын алып отыр. Инвестицияның азаюын бюджет есебінен өтеу қысқамерзімді ғана нәтиже беретінін тілге тиек етті. Сол себепті өңірлерге, Алматы қаласына құйылатын шетел инвестициясын арттыру міндеті қойылды. Үкіметтен барлық деңгейде, яғни орталық болсын, ірі қалаларымыз болсын, өңірлеріміз болсын, инвестор әкелуге қолайлы жағдай жасай­тын біртұтас экожүйе құру талап етіледі. Екіншіден, қазір әлемде сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеуге артып келе жатқан сұранысты тиімді пайдалану керек. Осы мақсатта еліміздің әлеуетін дұрыс іске асырған жөн. Мәселен, Үкімет басшысы елімізде аталған бағытта 17 кен орны ашылғанын айтты. Оның ішінде литийдің орны ерекше. Міне, осы салаға инвестиция тартылса, озық технологиялар келсе, шетелдік және отандық инвестор­ларға бірдей жағдай жасалса, еліміздегі инвестициялық климатты айтарлықтай жақсарта түсетіні анық. Қазір бұл тарапта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін инвесторларға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Яғни, олар өз шығындары есебінен әрі барлау жүргізеді, әрі жер қой­нау­ын пайдалану құқығына ие болады. Осы ретте елімізде Жер қойнауын пайда­лану бойынша реформа жүргізіліп, оның заң­намалық платформасы әзірленіп жа­тыр. Жалпы былтырғы құйылған қар­жы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда шетелдік инвестицияның біршама кемі­генін көрсетеді. Бұл – түсінікті. Себебі қазір дүниежүзі бойынша инвестицияға талас жүріп жатыр. Елдің орнықты даму­ын қамтамасыз етуде инвестицияның рөлі өте үлкен. Мемлекет басшысы эко­номикаға инвестиция тарту еліміздің әлемдік картадағы орнын анықтайтынын айтып, бұл істің мәні зор екенін жеткізді.

– Инфрақұрылымды дамыту мәселе­лерінде айтылған жобалар қаншалықты орындалады?

– Кейінгі жылдары еліміздің бірқатар қаласының жылу жүйелері қыстың көзі қырауда апатқа ұшырағаны қоғамға мәлім. Мұндай оқиғалардың елдің бе­деліне нұқсан келтіретіні де күмәнсіз. Осы орайда Президент нарық талабына сай тариф саясатын қайта қарауды тапсырды. Өйткені ТМД елдеріндегі баға біздің нарықтан әлдеқайда жоғары. Бұл – контрабандалық қылмысты өрші­тетін жағдай. Тіпті, шекара бағандарының астынан тоннель қазып, жанар-жағармай тасыған оқиғалар орын алғанын құзырлы органдарымыз анықтады. Сондықтан энергияға, жылуға, суға қатысты тұтыну бағаларын өзгерту коммуналдық нысан­дарды дер кезінде жаңа стандарттарға бейімдеуге мүмкіндік беретінін ұмытпаған ләзім. Президент айтқандай, ескірген энергетикалық нысандарды инновация­лық стансалармен алмастыру керек. Қуат көзі тапшылығы артқан сайын атом энергиясын пайдалануға сұраныс күшейеді. Бұл тұрғыда Қазақстан атом өнер­кәсібіне қажетті отын көзінің үлкен қорына ие екені белгілі. Яғни, уранға бай елміз. Сонымен қатар электр желілерін біріктіру, газ-бу қондырғылары мен құбыр желілерінің құрылысын аяқ­тау туралы нақты тапсырмалар жүктелді.

Қазақстан соңғы жылдары көлік-транзит инфрақұрылымы бойынша өте ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қытайдан Еуропаға жеткізілетін жүк тасымалының Қазақстан аумағы арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін авто­көлік жолдарымен бірге темір жол­дар, теңіз арқылы тасымалдау ісі жолға қойылып, көптеген нысан пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Транскаспий бағдарын дамыту аясында «Мойынты – Қызылжар» бағытында жаңа темір жол құрылысын бастауды, Қызылжар беке­тінен Ақтау портына дейінгі күре жолдың көптеген учаскесін жаңғыртуды тапсыр­ды. Сонымен қатар «Алтынкөл – Жетіген» темір жолын кеңейту міндетін жүктеді. Мұның бәрі Қытай мен Орталық Азияның арасындағы көлік дәлізін да­мы­туға септігін тигізбек. Былтыр елі­міздің бірқатар қаласының әуе терминал­дары жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Осы орайда ел аумағында халық­аралық әуе хабын құру ісі қолға алынғанын атап айту керек. Пре­зидент жүк және жолаушылар терминал­дарын, логистикалық орталықтарын, заманауи қызмет көрсету орындарымен қамтылған толық экожүйені құруды мін­деттеп отыр. Бұл салаларда да Қазақстан өзінің экономикасына тиесілі пайдадан қағылмауы қажет. Қауіпсіздік Кеңесінің алдағы отырысы осы көлік-тран­зит, логис­тикалық әлеуетті дамыту тақырыбына арналады.

– Цифрландыру саласында жетекші рөлге ие бола аламыз ба?

– Қазір әлемдік сауда электронды жүйеге көшкені белгілі. Еліміз мемлекеттік қыз­мет көрсету саласын цифрландыру бағытында үлкен жетістікке жетіп отыр. Бұл тарапта көптеген дамыған елдердің цифрлы жүйесінен озық екенімізді мақтанышпен айтуға болады. Дегенмен бұл сәт сайын дамитын сала болғандықтан, ақпараттарды қорғау, аталған экожүйені ұдайы дамыту ісі өте өзекті. Ақпарат құрал­дарынан америкалық және қытайлық платформалардың өзара бәсекесі туралы оқып, біліп отырмыз. Айталық, Қытай тарапы бар-жоғы 6,5 миллион долларға DeepSeek платформасын жасады. Оның тиімділігі миллиардтаған доллар жұмсалған платформалардан асып түсті. Міне, осындай қазіргі заманның сұранысын жетік біліп қана қоймай, оны Қазақстан қоғамына дендеп енгізу мақсатында Мемлекет басшысы жасанды интеллекті саласындағы озық ойлы тұлғалармен жиі кездеседі. Жуырда ғана осы саладағы қытайлық кәс­іп­кер Ли Кай Фуды қабылдаған болатын. Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөз­ін­де де қытай тәжірибесін кеңінен зер­де­леу жөнінде тапсырма беруі бекер емес. Бұл салада біз бағындыратын биіктер әлі алда. Жалпы, цифрландыру саласына мыңдаған маман даярлаудан бастап, елордада Al-Sana жасанды интеллектіні оқыту орталығын ашуға дейін бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр деуге болады. Сонымен қатар жаңа қауіп-қатерлер де бар. Қазіргі кезде кибералаяқ­тық­тан қорғану мәселесі өте маңызды. Осы қыл­мыстық істердің 80 пайызының әшкерелен­бей қалуы арнайы құзырлы органдарымыз­дың цифрлы әлеуетін әлі де жетілдіруін қажет етеді. Өйткені мемлекет үшін азаматтардың қауіпсіздігі ең басты орында болуы керек.

– Әлеуметтік салада мемлекет қолдауы­мен іске асырылып жатқан жобалар туралы нақты не айтар едіңіз?

– Президент мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауына баса мән береді. Бұдан бұрынғы несиелердің белгілі бір бөлігін өтеу, атаулы әлеуметтік көмек беру, жәрдемақы беруді жүйелеу сынды халық көңілінен орын алған бастама­ларынан бөлек, қазіргі кезде денсаулық сақтау мен білім және ғылым салаларын­дағы жобаларды әділ қаржыландыруға назар аударып отырғанын атап айту керек. Оның барлығы заңнамалық тұр­ғыдан негізделді. Ауылдарда алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін 460 нысан пайдалануға берілді. Тағы 200-ге жуық нысан жыл соңына дейін беріледі. Биыл 32 ауруханаға жөндеу жүргізілмек. Президент осы ауқымды жұмысты ширатуға тапсырма берді. Сонымен қатар келесі жылы барлық аудандық аурухана­ларға жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осыған дейін ел көңілінен орын алған «Жайлы мектеп» жобасы биыл аяқталады. Оның басым бөлігіне сыбайлас жемқорлық фактілерінен өндірілген қаржы пайдалан­ылғаны белгілі. Үш жыл ішінде Президент тапсырмасымен тағы 1 300 мектеп жаң­ғыртылады. Ең бастысы, биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Атаулы жыл аясында сұранысқа ие кадр­лар даярлауға, еңбек адамының абыройын арттыруға үлкен мән беріледі. Мемлекет басшысы азамат­тардың өті­нішіне құлақ асу қажеттігін айтты. Өйткені әр өтініштің артында адам тағдыры бар. Бұл ретте мемлекеттік аппараттың тиімділігін арт­тыру міндеті қойылып отыр.

– Президент баяндамасында көпшіліктің назарын аударғаны – елімізді лақап атпен атаушыларға қатысты сөзі. Мемлекет бас­шы­сы елдің бет-бейнесін қалыптастыруда қоғамдағы барлық үдерісті қадағалайтынын байқадық…

– Әлбетте. Қазір адамдар әлеуметтік желілердегі қажетті-қажетсіз ақпарат тасқынынан өзін қорғай алмай, сана сүз­гісінен өткізбей, әртүрлі ойдың жетегіне оңай ілесетінін байқауға болады. Бұл, өкінішке қарай, кейбір азаматтарымыздың алтын уақытын тиімді пайдалана алмай­тынын, жеңіл-желпі бөстекі сөзге үйір екен­ін меңзегеннен айтылған пікір бола­­тын. Мемлекет азаматтардың қалауын шектемейді. Бірақ әлеуметтік желіні де тиімді пайдаланып, табыс табуға, қоғамдық ой-сананы озық ету үшін үлес қосуға болады. Сондықтан әлдекімдердің қарау ниетінен, тіпті қоғамдық пікірді манипуля­циялаудан туатын, мемлекет беделіне нұқсан келтіретін арзан сөздерді қоғам болып тыйған ләзім. Президент осыған үндеді. Еліміздің жақсы атын ел азаматтары шығарады. «Заң мен тәртіп» қағидаты да осыған негізделген. Біз өзіміздің құ­қығы­мызды қалай қорғасақ, мемлекетіміз­дің де беделін солай сыйлауға әрі қорғауға тиіспіз. Сонда ғана еліміздің еңсесі кө­тер­­іледі. Сол үшін бір-бірімізді бекер жәбірлемей, ортақ игі іске жұмылып, мем­­лекетшілдік сананы орнықтыра бер­геніміз жөн. Қадыр Мырза Әлінің «Тәу­ел­сіздікті сәт сайын қорғау керек» деген қанатты сөзі бар. Мемлекеттің ар-намысы әр азаматының ұяты мен ожданына ай­на­луы керек.

Сұхбаттасқан

Гүлзина БЕКТАС

Н.КӨШЕРОВ: «АЛДЫМЕН ЖЕРГІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ КЕРЕК»

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілген. Бұл бағытта ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Онда облыс әкімі барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Облыстағы колледждер мен арнаулы білім орталықтарында мемлекеттік тапсырыспен оқытылып жатқан мамандықтарды қажетті жұмысшы мамандықтарына сәйкестендіруді, инвесторларға алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа алу бойынша талап қоюды міндеттеді.
Қазақстан Президенті өз Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, оларды жастар арасында танымал ету және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылданды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады»,- деп атап көрсеткендей, еңбек адамы бүгінде көпке үлгі болуы тиіс. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеуіміз керек. Жауапты басшыларға колледждер мен арнаулы білім орталықтарында мемлекеттік тапсырыспен оқытылып жатқан мамандықтарды қажетті жұмысшы мамандықтарына сәйкестендіруді тапсырамын. Өңірімізде іске асырылып жатқан жеке инвестиция жобаларына қажетті мамандықтарды айқындап, колледждерге кәсіби маман даярлауға ұсыныс енгізіңіздер. Жұмысшы мамандақтарын белсенді дамыту керек. Инвесторларға ең алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа тарту бойынша талап қою қажет. Жұмысшы мамандардың әлеуметтік қорғалуы, жалақы мен еңбек жағдайларын жақсарту, олардың жұмысқа деген ынтасын арттырады. Осыған байланысты еңбек ақыны көтеру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өңірде еңбекке қабілетті адам саны 800 мыңнан асады. Соның ішінде 200 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мәжілісте баяндалғандай, бүгінгі таңда облыстағы жұмыс берушілерден 3600-дей жұмысшы мамандықтарға қажеттілік анықталған. Колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс қалыптастыру барысы осы қажеттілікке қарай реттеледі. Яғни, қажетті мамандар еңбек нарығының сұранысына қарай даярланады.
2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Оның 57% -ы жұмысшы мамандықтар болмақ. «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. «Еңбек» бағытындаға бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орындары мен 32 448 субсидияланған жұмыс орындары бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде 125 инвестициялық жоба негізінде 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылуы көзделуде. Олардың тең жартысы – жұмысшы мамандар. Сұранысқа сәйкес жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу жоспарланды. Яғни, жеке инвестор өз базасында кәсіби оқытуды жүргізсе, оқытудың шығындары мемлекет тарапынан өтеліп, әрі қарай, жеке инвесторда тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, мақта өндіру саласын дамытып жатқан шетел инвесторына 1 400 жұмыс орындары ұсынылды.
Бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысында барлық аудан, қалаларында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Онда 1500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынуда.

Ұсынылған ҚҚС 20% пайыз деген тым жоғары. Бизнестің ұстанымын да ескеру керек — Президент

Салық реформасының басты мақсаты – әділдік, теңдік және баршаға пайдалы шешімдер қабылдау. Реформа енгізілгенде, оның кез келген азаматқа немесе кәсіпкерге зиян келтірмеуі маңызды. Бұл үшін бірнеше факторларды ескеру қажет:

1. Әділ салық салу: Салық мөлшерлемелері сараланған және әртүрлі кәсіпкерлер мен тұтынушылардың жағдайына сәйкес болуы тиіс. Бұл шағын және орта бизнесті қолдап, олардың дамуына мүмкіндік береді, ал әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтар үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігі сақталады.

2. Кәсіпкерлерді қолдау: Реформа бизнес үшін ауыртпалық тудырмауы керек. Бұл үшін салықтық жеңілдіктер, салық төлеу процесінің жеңілдетілуі және шағын кәсіпкерлік үшін арнайы қолдау шаралары енгізілуі қажет.

3. Қоғамның әртүрлі топтарының мүдделерін ескеру: Мемлекет басшысының айтқанындай, реформалар енгізу кезінде халықтың барлық санаттарының, әсіресе әлеуметтік әлсіз топтардың мүддесі ескерілмек. Бұл аз қамтылған азаматтар үшін қажетті тауарлардың бағасы тұрақты әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

4. Әлеуметтік бағдарлама мен қолдау шаралары: Егер салық реформасы белгілі бір топтарға қосымша жүктеме салатын болса, онда мемлекет осы топтар үшін тиісті әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз етуі керек. Мысалы, мемлекеттік субсидиялар, жеңілдікті бағалар немесе салықтық жеңілдіктер.

Салық реформасы қоғамға пайда әкелуі керек, ал оның кез келген жағымсыз әсерлерін алдын-ала болжау және олардың ықтимал салдарын жою шараларын қабылдау өте маңызды.

Ұсынылған ҚҚС пайызы тым жоғары. Әр саланың ерекшелігін де ескеру керек — Президент

6. 20% ҚҚС мөлшерлемесі шын мәнінде экономикаға айтарлықтай жүктеме түсіруі мүмкін. Оның бірнеше негізгі тәуекелдері бар:

1. Шамадан тыс экономикалық жүктеме: Жоғары мөлшерлеме тауарлардың және қызметтердің бағасын көтеріп, халықтың сатып алу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Бұл әсіресе табысы төмен топтар үшін қиындық туғызады, себебі олар үшін базалық қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат артады. Сайып келгенде, бұл сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады, өйткені адамдар арзан тауарлар мен қызметтерді іздеуге мәжбүр болады.

2. Көлеңкелі бизнестің өсуі: Жоғары салық мөлшерлемесі кей кәсіпкерлерді салық төлеуден жалтаруға итермелеп, көлеңкелі экономикаға жол ашуы мүмкін. Көлеңкелі бизнес, өз кезегінде, мемлекеттік бюджеттің кірісін қысқартып, нарықтағы адал бәсекелестікті тежейді.

3. Бизнеске ауыртпалық түсіру: Шағын және орта бизнестің өсуі мен дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы, өндіріс және басқа да төмен маржалы салаларға қатысты. Осылайша, жоғары ҚҚС мөлшерлемесі елдегі жалпы экономикалық белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздық деңгейінің артуына себеп болуы мүмкін.

Мемлекет басшысы айтқандай, бұл мәселенің шешімі – мөлшерлемені саралау және оны бизнес пен халықтың қажеттіліктеріне бейімдеу. ҚҚС мөлшерлемесін тым жоғары қоюдың экономикалық тұрақтылықты сақтау және кәсіпкерлікті қолдау тұрғысынан қиындықтар туғызуы ықтимал. Сондықтан мөлшерлемені дұрыс деңгейде ұстап, қажетті баланс табу өте маңызды.

Ұсынылған ҚҚС 20% пайыз деген тым жоғары

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы ҚҚС бойынша мөлшерлеме саралануы тиістігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Иә, бұл Қазақстандағы салық жүйесін жетілдірудің маңызды қадамы. ҚҚС мөлшерлемесін саралау шағын және орта бизнесті қолдауға, экономиканың түрлі салаларына жүктемені әділ бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, салық-бюджет реформасы мемлекеттік кірістерді тиімді басқаруға, бюджеттік шығындарды оңтайландыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған.

ҚҚС мөлшерлемесін саралау және салық-бюджет реформасын жүргізу – Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін маңызды қадам. Мемлекет басшысының бұл бастамасы бизнеске түсетін салықтық жүктемені әділ бөлуге, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі біркелкі ҚҚС мөлшерлемесі шағын және орта бизнеске ауыр тиіп, тұтынушылар үшін бағаның өсуіне ықпал етіп отыр. Сараланған жүйе енгізілсе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге төмендетілген мөлшерлеме қолданылып, бизнес үшін салықтық ынталандырулар қарастырылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде халықтың сатып алу қабілетін сақтап, экономиканың әртүрлі секторларының дамуына серпін береді.

Салық-бюджет реформасы да мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, бюджеттік шығындарды тиімді басқаруға көмектеседі. Дұрыс жоспарланған реформа инвестициялық климатты жақсартып, кәсіпкерлердің сенімін арттыра алады.

Дегенмен, реформалардың сәттілігі олардың қалай жүзеге асатынына байланысты. Бизнестің нақты қажеттіліктері ескеріліп, жаңа салық саясаты ашық әрі әділ болуы керек. Осы ретте бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескеру маңызды.

ҚҚС мөлшерлемесін саралау және салық-бюджет реформасын жүргізу – ел экономикасын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастамалар салықтық жүктемені әділ бөлуді қамтамасыз етіп, бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазіргі ҚҚС жүйесі шағын және орта бизнес үшін айтарлықтай ауыртпалық болып отыр. Егер мөлшерлеме сараланса, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен шағын кәсіп иелері үшін жеңілдіктер қарастырылып, тұтынушылар үшін баға тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық белсенділікті арттыруға көмектеседі.

Салық-бюджет реформасы мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруға және бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Бизнестің салықтық міндеттемелері мен мемлекеттік шығындардың өзара теңгерімділігі сақталса, экономикалық тұрақтылық нығайып, инвестициялық ахуал жақсарады.

Алайда, бұл өзгерістердің табысты болуы олардың қаншалықты жан-жақты ойластырылып, жүзеге асырылатынына байланысты. Мемлекет пен бизнес арасында тұрақты диалог орнап, жаңа реформалар нақты экономикалық жағдайға бейімделуі қажет. Егер барлық мүдделі тараптардың пікірі ескерілсе, бұл реформалар елдің экономикалық өсуіне оң әсер етеді.

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АПТАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл жұмыстар күшейтіле түспек. Нақтырақ айтсақ, облыс аумағында күнделікті өткізілетін 7 263 сенбілік іс-шарасы бекітілді. Жоспарға сәйкес әр күні 40-қа жуық елді мекенде сенбіліктер өтіп, аптасына 200-ге жуық елді мекен толық тазалық жұмыстарымен қамтылмақ. Сонымен қатар іс-шаралар 9 ауқымды тақырыпқа бөлініп өткізіледі. Облыс көлемінде «Үлгілі ауыл», «Жомарт түлек» байқаулары өткізіліп, үздік елді мекендер анықталады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрғағалығымен өткен жиында бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар сараланды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, басымдық аумақтардың тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыруға, нысандардың қасбеттерін, жарықшамдар мен субұрқақтарды күтіп-ұстауға, жол белгілерін ретке келтіруге, жолдарды жөндеу жұмыстарына берілмек. Сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, діни нысандардың тазалығы назарда болады. Бұл жұмыстарға тұрғындармен қатар, кәсіпкерлер де жұмылдырылады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, бағдарлама аясында 210 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанның, соның ішінде 4 мыңға жуық орта кәсіпорынның аумақтарын ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында табиғатты қорғау және экологияны жақсарту мәселесіне ерекше назар аударып, ел аумағында жасыл белдеу құруды тапсырған болатын. Осы ретте, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 млн. ағаш отырғызу бастамасы қолға алынуда. Ағаштар кезең-кезеңімен республикалық маңызы бар 691 шақырым жол бойына орналастырылады. Ағаштардың күтімін қамтамасыз ету үшін ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, тамшылатып суару жүйесі мен арнайы қоршаулар орнатылады. Жобаға облыс аумағындағы «Қазатомөнеркәсіп», ҚТЖ, «KEGOC», «Инкай» және өзге де ірі кәсіпорындарды тарту көзделуде. Оған қоса осы жылы елді мекендерді көгалдандыру бойынша 1,2 миллионнан аса ағаш отырғызу межеленген.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүйелендіру, қоқысты алып кету жиілігі мен қызмет көрсету сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.

– Елімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы енді «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау арқылы да бағаланады. Кейбір аудан, қалаларда жүргізіліп жатқан абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары тиісті деңгейде емес. Тазалық жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізбеген әкімдіктер де бар. Біз тиісті жұмыстар жүргізу арқылы тұрғындардың қоршаған ортаға, тазалыққа деген сана-сезімін көтеріп, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындардың, жастардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.

Өңір басшысы облыс аумағындағы «Қазпочта» «Қазақтелеком», банктер және осы секілді халыққа қызмет көрсететін мекемелер «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындаудан тыс қалмай, өздеріне тиесілі ғимараттар мен ауларын таза ұстауға міндетті екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі жергілікті атқарушы органның жанынан мемлекеттік коммуналдық мекеме құру арқылы санитарлық тазалық жұмыстарын аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жүргізу жұмыстарын қолға алуда. Бағдарлама аясында санитарлық жұмыстар мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 407 арнайы техника сатып алу жұмыстары басталды. Аудан, қалалар мен басқармалардың іс-шара жоспары бекітіліп, әкімдердің рейтингісі жасалады.

Айта кетейік, өткен жылы 1440 сенбілік өткізіліп, бұл жұмыстарға 300 мыңнан астам адам мен 1,5 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 3,4 мың тонна қоқыс шығарылып, 1,1 миллион ағаш отырғызылды. Одан бөлек, 120 көппәтерлі тұрғын үйлердің келбеті ретке келтіріліп, 83 арнайы техника сатып алынды. Аудан, қала әкімдіктерінің Полиция департаментімен бірге қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 702 хаттама толтырылып, жалпы көлемі 318,5 млн. теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2880 қоқыс үйіндісі анықталып, қысқа мерзімде тазалау жұмыстары жүргізілді. «Ғарыш сапары» космомониторинг арқылы 367 жерде заңсыз қоқыс орындары анықталып, қоқыстан тазартылды.

Бүгінгі таңда TazaQazBot платформасына мыңға жуық өтінім түскен. Оның ішінде, 988 өтінім орындалған болса, қалғандары орындалу барысында. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аталған жүйенің Түркістан облысында іс жүзінде қолданылуы республика көлемінде алғашқы орында қалыптасты.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров туған жердің тазалығына бірге атсалысуға шақырады

Қадірлі Сауран ауданының тұрғындары!

Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен мәдениетінің айқын көрінісі. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, барша халықтың ортақ міндеті. Осы орайда, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауданымызда сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде.

Сауран – біздің ортақ үйіміз!
Ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсарту, айналамызды қоқыстан тазарту, көшелерімізді, өзен-көлдерімізді, саябақтар мен аулаларды көркейту – біздің әрқайсымыздың міндетіміз. Тазалық – тек сыртқы көрініс қана емес, ол – денсаулықтың, өмір сапасының және өркениеттіліктің кепілі. Таза ортада өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында туған жерге деген құрмет қалыптасады.

Көп болып атсалысайық!
Мен барлық мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды, мектептер мен колледждерді, ауыл әкімдіктерін, жеке кәсіпкерлерді және белсенді азаматтарды осы тазалық акциясына белсене қатысуға шақырамын!

Ауданымыздың әрбір тұрғыны өз үйінің, ауласының, көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, айналамыз гүлденіп, көркейе түсетіні сөзсіз. Сенбіліктерге қатысып, өз үлесіңізді қосу арқылы сіз туған жерге деген сүйіспеншілігіңізді көрсетесіз.

Біз бірге әрекет етсек, ауданымыз бұрынғыдан да таза, көрікті әрі жайлы бола түседі! Қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты аялауға шақырамын!

Келіңіздер, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!

Сауран ауданының әкімі
Мақсат Таңғатаров

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясында “Ашық есік күні” өтті

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясында алдын-ала арнайы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 6 Ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай, “Ашық есік күні” өтті.

Іс-шара барысында Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев Республикасының сайлау жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар, азаматтардың сайлау процесіндегі құқықтары мен міндеттері, Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясы мен жоспарлары туралы мәліметтер берді.

Қатысушылар өздерінің сайлау процесіне қатысты: сайлаудың ашықтығы, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері ретінде байқаушылардың міндеттері, қаладағы аудан әкімдерін сайлау, жалпы сайлау жүйесі туралы заңнамасында болып жатқан өзгерістер туралы сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Қатысушылар арнайы ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдіріп, комиссия мүшелері мен жалпы сайлаушыларды аталған мерекемен құттықтады.

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай өсу қаупі минималды. Себебін түсіндірейік.

ҚҚС шегін төмендету бағаның өсуін теңестіруге көмектеседі
ҚҚС төлеуші компаниялар өздері сияқты басқа ҚҚС төлеушілермен жұмыс істеуді көздейді, өйткені бұл оларға бюджетке төленетін салық сомасын азайтуға мүмкіндік береді. Егер ҚҚС төлеуші компания басқа ҚҚС төлеушіден тауар немесе қызмет сатып алса, ол төленген ҚҚС-ын есепке ала алады, нәтижесінде оның салықтық жүктемесі азаяды. Осылайша ҚҚС төлеушілер арасындағы жүктеменің бөлінуі бағаға деген қысымды азайтады.
Еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту арқылы теңгерім сақталады
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесінің өсу ықпалын азайту үшін еңбекақы қорына түсетін жүктемені төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл шамамен тауар бағасының 40%-ын құрайды. Еңбекақы қорына түсетін жүктеменің азаюы бағаның қымбаттау қаупін төмендетеді.
Ауыл шаруашылығы саласындағы салықтық жеңілдіктер сақталады
Қазір елімізде түрлі салаларға арналған салықтық ынталандырулар бар және олардың көбі өзгеріссіз қалады. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласындағы жеңілдіктер сақталады, бұл отандық азық-түлік бағасының қатты қымбаттауына жол бермейді.
Осылайша ҚҚС мөлшерлемесінің болжамды өсуінің әсері жеңілдететін факторлармен өтеді, сондықтан бұл жалпы бағаның едәуір өсуіне әсер етпеуі тиіс.