МӘЛІК ҒАБДУЛЛИННІҢ ҮШ БІРДЕЙ ЖАҚСЫЛЫҒЫН КӨРГЕН МАЙДАНГЕР

Соғыс деген шын мәнінде өрескел

қателіктердің  каталогі

Уинстон Черчилль

Қарт Қаратаудың бөктерін бойлап зырғып келеміз. Жол теп-тегіс, жылдамдықты асыруға болмайтын шектеулер жол жиегіне қаптап  қойылыпты. Үлкендердің  жол жүрерде «Жол апатынан  сақтай гөр»- деп бата беріп жататыны тегіннен-тегін емес.

Елімізде  Ұлы Отан Соғысына  қатысқан майдангерлеріміздің үйін аралап құрмет көрсетіп  жатқан бетіміз.  Түркістан облысында Ұлы Отан Соғысына қатысқандардан бар жоғы сегізі ғана қалыпты.Өмір-өзен ағып жатыр тоқтаусыз.

Махмұтбай Әміреұлының Дархан мінез, дария ой, дара шыңдар, Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар, Арамызда жүретін алшаң басып, Майдангерлер азайып барасыңдардеген өлеңі тұппа тура шындықты айтып тұр.

Созақтың Сызғанында тұратын майдангер ақсақалды бір екі рет іс-шараларда көргенім болмаса жақын араласып әңгімелескен емес едім. Артық сөйлемейтін, сабырлы ақсақал бір нүктеге қарап алып ойға шомғандай кейіпте, артық әңгімеге араласа бермейтін. Мүмкін қадірі де  орнымен сөйлеуінде болса керек.

Майдандағы ерлігі бір бөлек, білім саласындағы парасатты басқарудың үздік тәсілдерген меңгерген ҚР Оқу ағарту саласының  үздігін Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен қүттықтап әрі сұхбаттасуға бүгін арнайы шыққан бетім.

Келіншектаудың етегіндегі, Қаратаудың қара тасын жарып әр жерден бүлк-бүлк етіп шығып жатқан бал бұлақтар Қозмолдақ-Сызғанды көк майса сазға айналдырып, көздің жауын алады. Биік қырдың басында Саңғыл би кесенесі орналасқан. Алдымен Саңғыл бидің кесенесіне барып құран бағыштадық.Кесененің маңдайшасына «Ұраның-қоңырат, құсың-қыран, ағашың-алма ағашы, таңбаң-ай» деп жазылыпты. Тарих дейміз, тарихты адамдар жасайды. Ақылың асса, өткен жолың ұрпаққа өнеге-үлгі, айтқан дәйекті сөзің ұран болып атыңды өшірмейді. Соның бірі Саңғыл би Саңғыл би шамамен 1180 жылдарда өмір сүрген. Жазушы С.Бақбергенов Саңғыл бидің Шыңғыс ханға жақын жүруін, Қаратау бөктеріне қоныстауын Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеге  туыстығынан деп жазады. Белгілі турколог, академик Рахманқұл Бердібайдың еңбектерінде Саңғыл руының түбірі мен тегін  Шыңғыс ханды таққа отырғызғандардың бірі Саңғыл би болған десе, белгілі қоғам мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев «Елдік пен ерлік» («Егемен Қазақстан», 14.03.1997) мақаласында сенімді түжырымдар жасайды. Тарихта жазылған тағы бір дүние қазақтардыңҚоқан хандығының бодандығында болғаны жөнінде. Саңғылдан тараған ұрпақтардың біріҚұрымбай датқа қоқандықтардың қолынатүсіп,біраз уақыт қапаста отырған Кенесарыны орта жүздің атынан барып мәміле жасап босатып алғаны туралы ғалымдар зерделеген деректер бар.  Сондықтан жақсы сөзін айта алатын, тоқтам сөздің иесі  әр ауылда абыз ақсақалдың алар орны бөлек. Қаратау елінен шыққан әйгілі   Қожамберді шешен кесек тұлға, оның баласы Бапыштан тараған жүз шақты күйдің авторы Төлеген Момбеков дәл осы Саңғыл бидің ұрпағы. 1979 жылы Төлеген Момбековты бір отырыста көрдім, шертпе күй тартқанда дене бойың шымырлап қоя береді, саусақтары қандай үлкен пернелерді қалай басатынына таң қалдым,егер күй тартқанын көрмесем кетпенші деп ойлар едім. Нағыз талант. Жас сәбидің   жұдырығындай басмармақпен күй тартады екен деп  ұйықтасаң  түсіңе енбес. Бүгінгі кездесуге  баара жатқан майдангер  жасы тоқсан тоғызға жетіп жүзді алқымдаған Мырзахмет Жылысбаев та Сағыл бидің  ұрпағы.

Қалың қазақ елінің елдігін білдіретін, ынтымаққа шақыратын дала дипломатиясын жасағандар  қазақ билері. Қазақ сөзге тұрған, бидің сөзі  соңғы кесім болған. Билердің әділдігі таразыға салынбаған, өйткені шешімді әділ қабылдаған. Қазақ биінің кесімі-өз заманының заңы, шешімі арқылы даулар реттелген. Билердің шешімінің үстемдігін  халық мойындаған. Қазіргі кезде  қазақ билері институты өзінің жұмысын елді бірлікке, ұлттардың біртұтастығына  бағыттап. Ұлттық дәстүрлерімізді сақтай отырып, тұрақтылықты сақтауды негізге алып жұмыс жасау қажет.

Уақыт өзгерменмен татулық, мейірім, әділдік ұстанымдары  қоғамның дамуымен бірге ілесіп жүре береді. Егер де біз осы  ұстанымның біреуінен ауытқысақ тепе-теңдік формуласын жүзеге асыра алмай қаламыз.Демек, әділеттілік ұстанымы өз деңгейінде болмаса, қоғам  мен мемлекет арасындағы алшақтық ұлғайа түседі. Ал, қоғамның әрбір мүшесі әділеттілікті сезінген жағдайда ғана адамдардың  мемлекетке деген сенімі артып, қанағаттану индексі жоғарылайды. Бұндайды ертеректе « көңілі тоқ, көйлегі көк» деп бір теңеумен  тұжырымдаған.

Бүгінгі  кездесуге  баара жатқан майдангер  жасы тоқсан тоғызға жетіп жүзді алқымдаған Мырзахмет Жылысбаев та Сағыл бидің  ұрпағы.

Ауылдағылардың үйі қазір қаладағылардан еш кем емес,  ауласы тап-тұйнақтай  үйге кіре берістен-ақ ұқыптылық, жинақылық көрініп тұр. Шашылып жатқан  шелек, сыпырғы да көзіме түспеді. Бәрі  орны-орнымен  жайғастырып қойылса керек.  Кіре берістегі дәліз арқылы Мырзахмет ата отырған бөлмеге кірдік.Төрде орден,медальдарын  қатарластырып тағып алған  ардагеріміз қасқайып бізді күтіп отыр екен. Ақсақалдың отырысы қандай жарасымды. Жапа-тармағай амандасып жатырмыз. Амандық саулық сұрасып бола салысымен  соң өзімді,қасымдағылардытаныстырдым Қалима, қызым мен сені жақсы танимын, газетке жазған  мақалаларың, әңгімелерің арқылы жақсы білемін. Жазуың ұнайды. Облыста әйелдерден сенен басқа  жазатын әйел жоқ-ау деймін, ақындарды айтып жатқан жоқпын, әйтеуір сенің жазғандарың көп шығады.Шетінен қалдырмай оқимын.Жалпы мен газетшілмін, газеттің қолыма түскенін жібермеймін деді.  Жақсы сөз кімге  жақпасын ішім жылып сала берді. Жүзге келіп қалса да қолынан газет түспеген ақсақалға даген құрметім арта түсті.

–  Ата рахмет. Көп қой жазатындар қазір көбісі әлеуметтік желіге шығарады деген сөзіме бірден Жақсы шығарма міндетті түрде газетке  шығады, мықты редакторлар өздері тауып жариялайды, өйткені  газетке  оқырман тарту, қызықтыру оларға да тиімді деді. Атамыздың кесек ойына, есте сақтау  қабілетіне сүйсіндім. Сөзі түзу, ойы орнықты болып осы жасқа дейін дастархан басында әңгімелесуге жарап отырғаны  осы кітап, газет оқудың арқасы екен-ау!

– Ата көзілдірік киесіз ба деп сұрағаныма жоқ кимеймін, біраз уақыт бұрын бір көзіме хрусталл салдыртқанмын, үкімет жақсы ғой, әкімшілік  жағдай жасап  тегін ота жасалған. Келесі жылына екінші көзіңізге де ота  жасап берейік деген дәрігерге , Айналайын  бір басқа бір көз де жетеді дегенімде  дәрігерлер іштерін басып күлді деді. Біз де шыдай алмай  күліп алдық.   Осыған тәуба, мұқтаж жандарға жасап бере берсін отасын деп жасатпапты. Нағыз  шүкіршілік, қанағатшылдықтың тірі үлгісі.

Мырзахмет ақсақал Қозымолдақта дүниеге келіпті. Бір жасқа толар толмаста әкесі  дүниеден озыпты, содан анасы Хатша шыбықтай кезінде  жиырма жетісінде жесір қалып Мырзахметті  жеткізіпті. Асыл жар, аяулы ана деп осындай қазақтың  әйелдерін айт. Жесір әйелге талай адамның көзі түскенмен анасы ешкімге иіліп көрмеген.                                                                           Анасы Хатша туралы майданда жүрген  қайнылары елге жазған хаттарында – «Жүр ме екен  аман-есен шіркін Хатша, Жолында  қарамаушы ед алтын жатса» деп амандығын сұрайды екен.                                                                                   Осы өлең жолдарын айтқан кезде қарлығыңқырап қалған дауысы қатты-қатты, көтеріңкі шықты. Ақсақалдың анасына деген бала махаббатын, ананың  жарына деген адалдығына деген құрметін, мақтаныш сезімін байқадым. Жүзге келсе де жүрегі  әлі бала, қандай табиғаты  таза азамат. Әр ананың перзенті осындай-ақ болсын. Тоғыз ай, тоғыз күн көтерген анасына деген сағынышын, қимастығын Мырзахмет ақсақалдың  қартайғандағы бала сезімін, бала үнін  ұғыну үшін   анасына деген ерекше құрметін қасында отырып  құлағыңмен тыңдау керек. Ақсақалдың дауыс ырғағы, үн тербелісі  анасы туралы  теңеуді айтқанда өзгеріп, жасарып сала берді.  Көңіл күй құлпыруы  деген осы болар. Анаға деген жүректі жарып шыққан құрметтен, қимастықтан, сағыныштан айнала жарқырап сала берді.  Хатша апамыздың отызға жетпей жесір қалғанын,  әкесінің  төсегіне деген анасының адалдығын  майдангер ұлы   бағалап отыр. Шіркін баланың бәрі осындай болса ғой…. Не деген  отбасындағы шыңырауды еңбек  пен адалдық арқылы   жеңген нәтижесі мол  үлгілі тәрбие.Тәрбие болғанда қандай, ұлтымызға үлгі болар тәрбие.

Ары қарай әңгімеміз жалғаса түсті.  Мырзахмет ата Қозмолдақтағы жеті жылдық мектепті бітірген соң  егінге қарауыл, табельші, сауат ашу мектебінде  мұғалім болып жұмыс жасаған.   1944 жылдың қазанында  әскерге алынып, Чкалов қаласы маңындағы әскери полигонда  жаттығып, майдан даласына аттанады. Белоруссия майданында  генерал-полковник Батовтың №92 автоатқыштар полкында соғысады.Дәл осы сәттер оның табандылығын көрсететін  жауапты  уақыт болатын. Барынша өршіл, намышылдығымен жаудың мықты тіректерін бұзып, көптеген селоларды азат етуге қатысты. Соғыстың соңғы кездері болса да   алған бетінен қайтпайтын, мақсат қоя білетін  қайсар мінезімен  өзге жауынгерлерге үлгі болды, ерліктері ескеріліп «Қызыл жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен марапатталды.                                                                                                           Жеңіс күні жарияланған соң жауынгерлер елге орала бастады, алайда  оны   әскерде қалдырып 1945-1950 жылдар аралығында  құпия бөлімінде іс жүргізуші болып қызмет атқарды. Осылайша Қозмолдақ-Сызғаннан шыққан қара бала құпия қызметтің қыр-сырын  біліп тәжірибе жинақтады. Құпия қызметті жақсы игере бастағанын көрген әскери басшылар қызметті ары қарай  жалғастыру қажеттігін, барлау қызметін ұсынды. Қызмет болғанда қандай  құпиябарлауға қызметке  Жапония, Қытай, Корея, Вьетнам, Монголия    елдері ұсынылды.  Бас тартты. Полковник оған қарап тұрып  басыңды  істет, осы жұмысты жалғастыр, бес жыл құпия оқуды меңгердің,  тәжірибең де бар деп ақылын айтқанын тыңдамастан, екі көзі төрт болып отырған  анасын ойлап елге оралып, 1950-1953 жылдар аралығында Созақ селосындағы В.И.Ленин атындағы  мектепте жәй мұғалім болды. Осы тұстарда  майданнан алған темір тәртіп пен ерекше  талпынысының пайдасын көрді. Бұнымен шектелмей жоғарғы білім алуды көздеп 1953 жылы Алматыдағы  КазПИИ-ге құжат тапсырып,емтиханды тапсырғанмен конкурстан өте алмай қалды.  Әрі бері сандалып, әр есікті қағып  жүріп қайтсе де оқуға ілінудің  жолын іздеп   Оқу министріне өтініш хат жолдады. КазПИИ -дің ректоры  өзі сияқты майдангер  Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин  екенін біліп алып не болса министрден хат келсе   қабылдап қалар деген үмітпен ауылға қайтпады. Күнде деканның есігіне тиыштық бермей хабар алып тұрды.

Сол кездегі хаттар мен шағым-өтініштер қараусыз қалмайтын  бір апта өтті-ау дегенде  декан Сені бүгін ректор қабылдайды  алысқа кетіп қалма деген соң деканатты айналшықтап жүрдім. Бір кезде декан мені  ректорға алып кірді. Орнынан тұрып қолымды алды, қасындағы қабырғаға тақау тұрған орындықта ұзын бойлы орта жастағы кісіні парторг деп таныстырды. Көп сөзге келген жоқ соғысқа қатысқан екенсің   балың төмен болған емтиханды қайта тапсырасың деді. Не деген қарапайым есікке дейін  арқамнан қағып шығарып салды. Арқадан қағудың күш беретінін сонда түсіндім. Емтиханды  тапсырдым, химия биология факультетіне қабылдандым. Осылайша Мәлік Ғабдуллиннің  бірінші жақсылығын көрдім. Оқуға түсерін түстім-ау, бірақ жатаққана да жоқ,  стипендия да ала алмаймын. Группадағылардың бәрі жап-жас он жеті-он сегізде, мен жиырма жетідемін. Ешкіммен шүйіркелесіп сөйлесе де алмаймын. Түрім де ересек көрінетін айнаға қарап байқаймын. Олар бір төбе мен бір төбе.Бір айды итшілеп өткіздім.Көп ұзамай Өзбекстанға мақта теруге  баратын болдық. Деканым қасыма келіп егер де мақта терудің нормасын орындамасаң  бірінші болып сен шығарыласың оқудан деген соң,   таң ала кеуімнен  қасқарайғанша мақта теріп  қапшық-қапшық мақтаны жайып  кептіріп, күніне екі ретсәскеде бір, кешке тағы да өткізетін болды. Күнделікті норма 100 кілә болса мен 250 кілә теріп передовик болдым, оны аз десең   әр кіләға санап рубль береді, Осылайша  бір ай өткенде  еңбекақымды алып Ташкенге жігіттермен  бірге барып  ГУМ-ға барып шырттай киініп алдым. Қолымда ақша бар. Бір күнде-ақ көңілім көтеріле бастады, группадағылар да жақсы араласып кеттім. Жиым-терім біткен соң екі үш күнге ауылдарыңа барып келіңдер  деп деканымыз бәрімізді босатты.

Қолымда Ташкен шаһардан алған  төрт бұрышы темірмен әшекейленген боялған тастай картон шамадан. Іші тола  қыстық, жаздық киімдерім. Ауылға келіп  екі үш күн  анамның қою шәйін ішіп,  сүр  етін жеп рахаттанып жолға шықтым. Автобус жоқ. Пойызды ешеім көрмеген.Жалпы Созақ ауданында темір жол болмаған. Топырақ жолдың бойында қол көтеріп тұрғанымда қауын артқан машина тоқтап ,Алматыға жетіп алдым. Жол ақысын  қауынның иесіне берсем алмай қойды , содан не керек Алматытағы  базардың дәл  қақпасының алдына келіптоқтады да үйреншікті әдеті болса келісіп шығамын деп қауынның иесі қақпадан  ішке кіріп кетті іле-шала қауындарын  шофермен екеулеп түсіре бастады. Қол қусырып  тұру ыңғайсыз рахмет деп кете салуға қысылып мен де шамаданды қоя салдым да   бірге қауындарды түсірісе бастадым. Қауынды жеген жақсы, түсіру  уақыт алады екен. Қара терім шықты. Кеш батып барады. Түнейтін жерім де жоқ, үстімді қағып сілкіп шамаданымды  әкетейін десем  шамаданым үшті-күйлі жоқ. Ешкім ештеңе білмейді. Базардағы милициялар отыратын пунктке барып арыз жаздым. Бір милиция бетіме қарап тұрып  қазақы бала бала емес, кім шамаданын қараусыз қалдырады  деді. Киім де жоқ, документ те  жоқ Өстіп бәрінен жұрдай болып мойным салбырап, ұнжырғам түсіп институтқа келдім. Алғашқы кезде жігіттердің киімін ауысып киіп жүрдім,. Қашанғы бере бере берсін, олар да қиналатынтүр көрсете бастады.Күн суый бастады, ешкімде артық қысқы киім жоқ, тағы да ректорға Мәлік Ғабдуллинге  кіріп көмек сұрадым. Кәсіподақ төрағасын шақырып алып аздап ақшалай көмек берейік бірақ көп емес, ал құжаттарыңды түбірінен алдыртып беруге көмектеседі деп тағы бір жігітті шақырып алды тапсырма берді, Бұл студент соғысқа қатысқан, қалада ешкімі жоқ сен осы тапсырманы тездетіп бітір сосын айтасың  маған дед. Стипендия сұрап бөлек өтініш жазып барған  қағазыма  бұрыштама   қойып берді,сөйтіп стипендия да алатын болдым.Осылайша Мәлік Ғабдуллиннің екінші жақсылығын көрдім. Жасым отыз бірге келгенде институтты бітірдім. Диплом аларда Мәлік Ғабдуллин алдын-ала шақырып алып Біз сені шет елдердегі қазақ мектептерінің біреуіне мұғалім етіп жіберуді  шешіп отырмыз дегенде,шошып кеттім де алда жылда маған жаныңыз  ашыса елге жіберіңізші  анамнан обал  жиырма жетісінде жесір қалып менің жолымды   күтіп жүр еді түсініңізші деп  өлердегі сөзімді айтып едім, Бұл саған берілген мүмкіндік еді, бұндай жолдама кез-келгенге берілмейді, ал сен лайықты едің деп біраз уақыт үнсіз қалды.  Менің алған бетімнен қайтпайтынымды сезген Мәлік Ғабдуллин  ананың қадірін білген жақсы, сәттілік тілеймін  деп Созақ ауданына жолдама берді.

Осылайша Мәлік Ғабдуллиннің үшінші жақсылығын көрдім.     Туған топыраққа оралып  бар білгенімді оқу тәрбие жұмысына жұмсадым. Жиырма төрт жыл үздіксіз мектеп директоры болдым.Қай жерде мектептерде жұмыс  төмен болса мені жіберетін.   Бауыржан Момышұлы айтқандай  «Соғысқа бір кіріп шыққанның өзі ерлік деп»  Мырзахмет Жылысбаевтың  майдандағы ерлігі бір төбе, құпия барлаудағы еңбегі екінші төбе,  ұрпаққа білім беріп тәрбилеу ісіндегі еңбегі үшінші төбе, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің алдына кіріп  өтініштерін айтуы төртінші төбе,  осының бәрі қазіргі жас буынның бойынан табылуы  қажет қайсарлық пен табандылықтың белгісі. Еңбек пен ерлік шыңдаған майдангермен қимай қоштастық. Қызым  80 жылдыққа  аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы той жасап бермекші, тойымның қадірлі қонағы бол шақырамын деді  орнынан тұрып жатып. Елге  ұстын, ұрпаққа үлгі, асыл сүйек, тәспісінен жаңылмаған  көркем мінезді майдангердің тойы Қаратау бөктерінде дүркіреп өтетініне  сенімдімін.

«AMANAT» партиясы

Түркістан облыстық филиалы

атқарушы хатшысының орынбасары,

облыстық мәслихаттың депутаты

Қалыйма Жантөреева

ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол – Анарбай Мырзахметов.

Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.

Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.

Анарбай Мырзахметов – «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

 

Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған.

–  мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті.

– Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.

Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5% пайызға өсіп, 406 миллиард теңгені құрады. Өсім полипропилен және уран қосылыстары өндірісінің ұлғаюымен байланысты.

Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылуда.  Олардың негізгілері мұнай және металлургия саласына қажет химиялық өнімдерді шығаруға бағытталған.

КҮН САНЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Оның 14 055-і колледж, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда.

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистикада бұқаралық және өзге де спорт түрлері қамтылған.

Деректерге сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. Аталған спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл – футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді.

Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:

🔹Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
🔹Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
🔹Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
🔹Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
🔹Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
🔹Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
🔹Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
🔹Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
🔹Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)

Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екенін, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысы артып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік бұқаралық спортты дамыту және өңірлерде қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.

Арамыздағы қаһармандар: шабыт беретін құтқарушылардың әңгімелері

Олар біздің арамызда бар. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары – заманымыздың нағыз батырлары. Олар кәдімгі, қарапайым адамдар, экстремалды жағдайларда әрекет ете отырып, өз өмірін ойламай, біреудің өмірін құтқарады.

  Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Артур Бердашев азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның кәсібилігі мен ерлігінің жарқын мысалы – 2023 жылғы 17 қазанда Оралда өткізілген құтқару операциясы.

Сол күні бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бесінші қабатта қатты түтін мен ашық жануды байқады. Оның ішінде жас балалар бар екені белгілі болды. Сержант Бердашев жанып жатқан пәтерге кіріп, екі баланы тауып, қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Үйлесімді жұмыс пен жеке құрамның, оның ішінде аға өрт сөндіруші-құтқарушы Артур Бердашевтың батыл әрекеттерінің арқасында 15 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт көрші пәтерлерге таралуына жол бермей, жедел сөндірілді.

Батырлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Артур Бердашев «Ерлігі үшін» медалін алды.

Сұңғат Жүзболсын – маңғыстаулық құтқарушы, азаматтық қорғау органдары жүйесінде 2019 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді.

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны кезінде құтқарушылар табиғи апаттың салдарын жоюға, суды бұғаттауға, халықты эвакуациялауға және жағалауды нығайтуға кірісті.

Сұңғат өрт сөндіруші-құтқарушылар тобының құрамында Жайық өзенінің жағалауын бекіту және бөгетті нығайту жұмыстарына белсене қатысты. 22 мамырда ол жолдастарымен Жалғансай ауылына кіре берісте түнгі кезекшілікте болды.

Түн ортасында бөгет жарылды. Қауіптің ауқымын сезінген Сұңғат жедел штабпен байланысқа шықты, содан кейін құтқарушылар оқиға туралы әкімдікке хабарлады. Қысқа мерзім ішінде халықты эвакуациялау ұйымдастырылып, бүлінген бөгетті қалпына келтіру жұмыстары басталды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері мен батылдығының арқасында бөгет қалпына келтірілді, тұрғындар қауіпсіз болды. Сұңғаттың төтенше жағдайдағы әрекетін батыл деп айтуға болады: ол адам өмірін сақтап, елді мекеннің орнықтылығын қамтамасыз етіп, батыл әрі жан-тәнімен әрекет етті.

Азаматтық қорғау жүйесінде 20 жылдай қызмет етіп келе жатқан азаматтық қорғау подполковнигі Ертай Құрманбекұлы Райымбеков күн сайын өз ісіне адалдығын дәлелдеп келеді.

Оның қайсарлығының жарқын мысалдарының бірі 2023 жылғы 20 қаңтарда Тараздағы «Ақсай» базарында құтқару операциясы болды. Өрт кезінде қара түтін айналаны жауып, температура қауіпті деңгейге көтерілгенде Ертай газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын басқарды. Өз өмірін тәуекелге салып, ол және оның командасы жанып жатқан ғимаратқа кірді. Жалыннан Ертай екі әйелді өзі алып шығып, тұтқынға түскен мүмкіндігі шектеулі адамды құтқарып қалды.

Сондай-ақ, 2024 жылы ол Ақмола облысындағы су тасқыны кезінде құтқару операциясына қатысты. Сол кезде оның басшылығымен 200-ден астам адам эвакуацияланып, суға батқан автокөліктің жүргізушісі құтқарылды. Мұзды суға және денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан, Ертай бейтаныс адамның өмірін сақтап қалу үшін суға өзі секірді. Бұл оның батылдығының тағы бір дәлелі болды.

Қызметтік міндеттерін атқару және адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін азаматтық қорғау подполковнигі Ертай Құрманбекұлы Райымбеков Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

«Біздің мамандығымыз әр минутты бағалауға және жылдам әрекет етуге үйретеді, өйткені әр секундта – біреудің өмірі», – дейді подполковник Райымбеков.

Бұл оқиғалар – әріптестерімізді ғана емес, әрқайсымызды шабыттандыратын нағыз ерлік үлгісі.

Құтқарушыларды қолдау – адамдардың қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді. Олардың арқасында біз ең қауіпті және болжауға келмейтін жағдайларда да әрқашан құтқарылуға мүмкіндік және жақсылыққа үміт бар екеніне сенімдіміз.

Қарағанды облысының тұрғындары «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясын белсенді қолдауда

Бүгін Қарағанды облысының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясына белсене қатысуда.

Акцияға жастар, ардагерлер мен өңірдің тұрғындары белсенді қосылуда. Қатысушылар әлеуметтік желілерде еліміздің қаһармандық өткеніне байланысты маңызды нысандар – ескерткіштер, мемориалдар, мұражайлар сияқты естелік орындардан фотосуреттер мен бейнематериалдарды жариялап жатыр.

Облыстағы акцияның бастамасын Саран қаласының ардагерлері көтеріп, тарихи жадты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қатысқан Саран қаласының тұрғыны Марина Александровна Гофман Жеңістің 40 жылдығына орнатылған Стеланың артында орналасқан Мемориалдық қабырға туралы әңгімелеп, бұл мемориал соғыс жылдары Отан алдындағы борышын өтеген сарандық ардагерлер мен алғашқы құрылысшылардың құрметіне арналғанын атап өтті. Қабырғада Саран қаласында тұрған 1619 Ұлы Отан соғысына қатысушының есімі ойылып жазылған.

Акцияның ерекше бөлігіне айналған — Тамара Александровна Кучеренко, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ардагері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері, ақын және Саран қаласының тұрғыны. Ол Жеңістің 40 жылдығына орай орнатылған Жеңіс Стеласының жанында жерлестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сөз барысында Тамара Александровна баршаға бейбіт өмір мен татулық тіледі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен қазақстандықтардың Жеңіске жетудегі үлесін ерекше атап өтті. Соңында халықтың ерлігіне арналған өзінің авторлық өлеңін оқып берді.

Акцияны Балқаш қалалық мұражайы да қолдап, 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапқан балқаштықтарға арналған монументке арналған бейнеролик жариялады.

1970 жылы орнатылған бұл ескерткіш — қаланың маңызды мемориалдық нысандарының бірі.

Қалалық мұражайдың директоры Мадина Абилханова: – Балқаш қаласында, жағалауда орналасқан бұл монумент – тек маңызды ескерткіш қана емес, сонымен қатар Отан үшін өмірін қиғандарға деген алғыс пен мәңгілік естеліктің символы. Ол – қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін, соғыс кезіндегі ерлік пен жанқиярлықты еске түсіретін тарихи-мәдени нысан.

Тағы бір қатысушы – Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Санаубаев. Ол акция аясында Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарында орнатылған маңызды ескерткіш – Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраевтың бюсті туралы айтып берді. Ескерткіш 2018 жылы Қарағанды қаласында ашылған.

Серік Санаубаев бұл ескерткішті Отанды қорғауға аттанған қазақстандықтардың ерлігіне деген құрмет пен тарихи жадты сақтау символы ретінде атап өтті.

Оның айтуынша, бұл монумент бүгінде патриоттық тәрбие беретін маңызды орынға айналған. Мұнда қала тұрғындары гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етіп, жас ұрпаққа Жеңістің қандай құрбандықпен келгенін еске салады.

Бұл естелік орындар – қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігі мен жанқиярлығының айғағы. Акция аясында олар тұрғындарды ортақ тарихи жады төңірегіне біріктіретін рухани орталықтарға айналуда.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілмек. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен 212,8 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жайында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанабілов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Совет Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған»- деді спикер.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов облыс аумағында ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаждығын анықтау мақсатында әлеуметтік карта жасақталғанын жеткізді.

«Осы әлеуметтік карта негізінде жыл бойы ардагерлердің және олардың отбасыларының қажеттіліктеріне сәйкес аудан-қала әкімдіктері және демеушілер тарапынан жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық тексерулер мен оңалту қызметтері ұйымдастырылады. Жалпы жыл басынан бері 61 тыл еңбеккері санаторийлік-курорттық емдеумен және басқармаға қарасты мекемелерде сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етілді.» – деді Самат Талғатұлы.

«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

Аталмыш шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті.

Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды.

Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қоқыстар, жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.

Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс – шаралардың негізгі бағыттары – аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖОБАЛАР САНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен инвесторларды сүйемелдеу үшін «Бір терезе» қағидалары бекітілген. Осы қағидалар шеңберінде республика деңгейде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс атқаруда. Аталған платформа – инвестициялық жобаларды цифрлық ортада жылдам ілгерілетуге арналған біріңғай жүйе. Бүгінгі таңда, платформада республика бойынша 1124 инвестициялық жоба тіркелсе, оның ішінде Түркістан облысы тарапынан инвестициялық жобаларға сүзгі жүргізіліп, нәтижесінде 81 инвестициялық жоба (1,9 трлн теңге) енгізілген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада бірінші орында тұр. Бұл туралы Өңірлік ивнестициялық штабтың мәжілісінде айтылып, мәселелер мен жоспарлар талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

– Штаб отырысына шешімі табылмай жатқан жобаларды енгізіңіздер. Мәселені ашық талқылап, жылдам шешу жолын табайық. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау, жұмыс орындарын ашу – басты міндет. Әрбір жоба сүйемелденіп, уақтылы жүзеге асуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласындағы дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар зауытының және битум өндіретін зауыттың құрылысы, Қазығұрт ауданындағы тамшылатып суару құрал-жабдықтарын шығаратын зауыттың және жиһаз цехының құрылысы, Ордабасы ауданында электр жабдықтарын өндіру және трансформаторларды жөндеу жобасының жай-күйі, Саурандағы күн электр станциясының құрылысы және өзге де жобалар талқыланып, мәселелері тыңдалды. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштері тыңдалып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, биылғы инвестициялық штаб отырыстарының нәтижесінде 22 хаттамалық тапсырма орындалған. Қалған 6-ауы бақылауға алынған.