ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР МЕН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Түркістан облысында өңір экономикасын дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі саналатын өнеркәсіп саласына басымдық берліген. Осы мақсатта шет мемлекеттерден инвестиция тарту, тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы өнеркәсіптік алаңдар құрылған. Облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 2443,2 гектарды құрайтын 19 индустриалды аймақ және 580 гектар аумақта орналасқан 3 өнеркәсіптік аймақ пен арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 42,4 млрд. теңгеге 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында.

Облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды. Жобаның І және ІІ кезеңі аясында 152 өндірістік ғимарат салып, 308 млрд.теңге инвестиция тарту және 5 840 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда 11 жоба іске қосылып, кәсіпорындар жұмысын бастап кетті. Нәтижесінде, 790 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл қосымша 29 ғимараттың құрылысы аяқталып, 26 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 136,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1 950 жаңа жұмыс орны ашылады. Облысқа инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жыл басында қытайлық «AVATAR AGRICULTIRAL TECHNOLOGY DEVELOPMENT» компаниясымен өнеркәсіптік парк аумағында ауыл шаруашылығы дрон шығаратын зауыт салу бойынша келіссөз жүргізілді. Жобаның болжамдық құны — 5 млн. АҚШ доллары. Қуаттылығы айына — 600 дана.

Биыл парк аумағында «Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясы тоңазытқыш шығаратын зауытын іске қосты. Жобаның жалпы құны 60 млн.евроны құрайтын зауыттың қуаттылығы – жылына 140 мың дана. Жоба 2 кезеңде іске асырылады. «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасының мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, осы тәжірибені Бәйдібек, Келес, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас Сайрам және Сарыағаш аудандарында іске асыру жұмыстары басталды.

Ордабасы ауданында 8 гектар аумақта «Бадам» өндірістік парктің құрылысы басталды. Мұнда кәсіпкерлер 5 өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек, Сауран ауданындағы Иассы, Қарашық, Үшқайық, Жүйнек ауылдарында 4 өндірістік алаңда 105 ғимарат салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 22 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа өндіріс орындарын ашуға қажетті энергетикамен қамтамасыз ету мәселесін жалпы қуаты 2,4 ГВт құрайтын 6 ірі жобаны іске асыру арқылы шешу көзделуде. Бұл жобалар жеке инвесторлар есебінен жүргізілмек. Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданында қуаты 1 000 МВт дейін болатын бу-газ станциясының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Түлкібас ауданында – 320 МВт-тық бу-газ, Кентау қаласында – 240 МВт-тық газ турбина, Бәйдібек ауданында – 350 МВт-тық жел электр станциялары салынады. Одан бөлек, Сауран ауданында қуаты 300 МВт және 185 МВт болатын екі күн электр станциясын салу жоспарлануда.

Түркістан облысы — инвестицияға тартымды аймақ. Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, шетелдік ірі инвесторлармен белсенді ынтымақтастық орнатылуда. Жыл басынан Түркістан облысының экономикасына тартылған инвестиция көлемі 7 жылда 4,2 есеге артып, 1335,0 млрд.теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 314,1 млрд. теңгені құраған болатын. Ал жыл басынан бері аймаққа 387,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде, жеке инвестиция көлемі 199,3 млрд.теңге болса, бюджеттік инвестиция – 128,7 млрд. теңге. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 144,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 245%-ға артығымен орындалды. Облыста инвестиция көлемі тұрақты өсуде. 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,3 трлн. теңгеге 110 инвестициялық жобаның пулы қалыптасты. Нәтижесінде, 19 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. Жалпы құны 321,8 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде, 6 908 жаңа жұмыс орнын ашылмақ.

Түркістан облысында бизнес форумдар тұрақты түрде ұйымдастырылып, өңірдің инвестициялық әлеуеті жан-жақты таныстырылуда. Сонымен қатар шетелдерге ресми сапарлар арқылы маңызды жобалар бойынша келіссөздер жүргізілуде. Соның нақты нәтижесі ретінде Созақ ауданында фосфорит кенін өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Жобаның құны – 140 млрд теңге. Қуаты – жылына 1,6 млн тонна. 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады. Жақында Түркістан облысы делегациясының Қытайға жасаған сапары барысында туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар келісім жасалды. Сондай-ақ Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» ІІ форумында қытайлық инвесторлармен 5 ірі жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл бастамалар – өңірдің тұрақты дамуына серпін беретін нақты қадамдар.

ТҮРКІСТАН: ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 7 ЖЫЛДА 2,6 ЕСЕ ӨСТІ

Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды. 2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті. Жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн. теңгеге жетті (2018 ж. 1,7 трлн.теңге). Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есе артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 438,6 млрд. теңге). Өнеркәсіптік алаңдарға тоқталсақ, облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыста алғаш рет 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды.

Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 548,7 млрд.теңге). Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды. Инвестиция тарту – экономиканың маңызды бағыты. Облыс экономикасына тартылған инвестиция 7 жылда 4,2 есеге артып, 1335,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 314,1 млрд.тг). Биыл жыл басынан тартылған инвестиция 387,8 млрд. теңгені құрады (оның ішінде 199,3 млрд. тг. – жеке инвестиция, 128,7 млрд.тг – бюджеттік инвестиция). Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд. 144,2 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (467 млн. АҚШ доллар) 245,0%-ға артығымен орындалды. Туризм саласына 7 жылда жалпы 442,6 млрд. теңге инвестиция тартылды (жұмыс орындары 18,1 мың адам).

Облыс орталығы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы қабылданған заң өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жаңа серпін берді. Экономиканың басты көрсеткіші — жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 1,7 трлн.теңгені құраған болатын. Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1214,0 млрд. теңгені құрады. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды. Облыс аумағында белсенді 405 кәсіпорын жұмыс жасайды. Онда 35 942 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 51,6 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, 1600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды.Ал 2025-2031 жылдары өңірде жалпы құны 629,4 млрд.теңгеге 12 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, 3916 жаңа жұмыс орны құрылады. «ҚазАтомпром» Ұлттық компаниясы уран өндіруші компаниялардың сұранысына сәйкес Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Жобаның инвестициялық құны — 100 млрд. теңге. Зауыт 250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүкіндік береді. Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді. Өңірде өндіріс саласына инвестиция тарту мен заманауи кәсіпорындарды іске қосуға басымдық берілген. Аумақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар маңызды ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканың дамуына тың серпін береді.

2025 жылғы 1 мамырға облыс халқының саны 2151,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 543,2 мың адам (25,2%), ауылдықтар – 1608,4 мың адам (74,8%). Халықтың табиғи өсімі 2025 жылғы қаңтар-сәуірде 12251 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 14395 адам). 2025 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 15494 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 13% кеміді), қайтыс болғандар саны 3243 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 5,2% кеміді). Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және – 14711 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-сәуірде – -9333 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 132 адам оң көші-қон айырмасы (177 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – 14843 (-9510 адам).

Түркістан қаласында 100 мың адамға лайықталған инфрақүрылым тартылып, тұрғын үйлер салынды. Әлеуметтік-спорттық-мәдени нысандар бой көтерді. Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, арнайы Заң қабылданды. Бүгінде Түркістан шаһары – Орталық Азиядағы ең сәулетті қалалардың біріне айналып келеді. Ал Түркістан облысында инфрақұрылым жақсарып, ауылдар даму үстінде. Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Нұралы Әбішов: Түркістанның жемісті жеті жылы

Биыл Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 7 жыл толып отыр.  

Жеті жыл көлемінде өңірімізде ауқымды шаралар қолға алынып, Түркістанның жылнамасында жаңа және жарқын оқиғалар жазылып жатыр. Табанды еңбектің нәтижесінде Түркістан қаласында су жаңа заманауи, зәулім ғимараттар салынып, киелі мекеннің келбеті көркейді. Осы уақытта Түркістан Түркі әлемінің рухани астанасы атанып, Президенттің бастамасымен көне қалаға ерекше мәртебе берілді. Бұл мәртебелер өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, қаланың маңыздылығын одан сайын айғақтай түсті. Өңірде туризм, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым мен жолдар, өнеркәсіп және әлеуметтік салалар қарқынды дамуда.

Экономиканың басты көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды. Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды.

Экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн.теңгеден асты. Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша республикада көшбастап тұрмыз. Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды. Облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі         7 жылда    4,2 есеге артып, 1 335,0 млрд.теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 ж. 314,1 млрд.теңгені құраған болатын.

Жалпы, облысымыз қыруар жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер өңіріміз былай тұрғанда, еліміз үшін үлкен маңызға ие.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарларының бірінде Түркістанды ата жұртымыздың алтын қазығы деп атап өтіп, өз сөзінде: «Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр», – деген болатын.

Ия, Түркістанның орны қашан да  айрықша. Сондықтан, киелі Түркістанды түлету – руханиятымызды, тарихымызды, рухымызды түлету болып табылады. Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бір сөзбен айтқанда Түркістан теңдесі жоқ аңыз қала. Түркістанның өсіп-өркендеуі дәл бүгінгідей қарқынмен жүрсе, болашақта көне шаһардың әлемдік қауымдастықта өзінің нық орнын тауып, күллі түркі дүниесінің абыройын асыратынына сенімдімін.  Түркістанымыз жайнап, түрлене берсін!

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы

Нұралы Әбішов