Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің құқықтық және демократиялық дамуының тірегі. Ол адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде белгілеп, мемлекеттік биліктің барлық тармақтары үшін ортақ құқықтық алаң қалыптастырады.
Конституцияның басты қағидаттары:
• Адам және адамның өмірі – ең жоғарғы құндылық;
• Мемлекеттік билік – халықтікі, ол сайлау мен референдум арқылы жүзеге асады;
• Заңның үстемдігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидасы;
• Билік тармақтарының тежемелік және тепе-теңдік жүйесі сақталады.
Заң үстемдігі – Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құрудың алғышарты. Конституция осы бағытта елімізді әрқашан жаңғыртып отыруға мүмкіндік беретін құқықтық негіз болып табылады.
30 жыл ішінде Қазақстан құқықтық реформалар арқылы сот жүйесін, жергілікті өзін-өзі басқаруды және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп келеді. Бұл өзгерістердің барлығы Конституциямен үйлесімді түрде жүзеге асып келеді.
Архив за месяц: Август 2025
Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында “Таза Қазақстан” акциясы өткізілді.
Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Түркістан облыстық туризм басқармасы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында “Таза Қазақстан” акциясын өткізді.
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары ұйымдастырылды. Акция барысында 40-қа жуық мекеме қызметкерлері парк аумағын тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге табиғатты қорғап, туризмнің дамуына атсалысайық!
Туған күніңмен, ұлы тұлға!
Абай елінде ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған негізгі іс-шаралар легі аталып өтуде. Мерейтойға куә болу үшін еліміздің әр өңірінен қонақтар көптен баруда. Соның ішінде киелі Түркістаннан облыстық мәслихатының өкілі ретінде облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимовта бар.
– Семейде күн сайын түрлі ісшараларға қатысудамыз. Соның бірі, “Адамзаттың Абайы” республикалық айтысы өтті. Облыс әкімі Берік Уәли мырзаның ақ дастарханынан дәм татып, ақын аға бауырлармен, қазақтың марғасқаларымен жүздесіп арқа-жарқа болып қалдық. Түркістан облыстық мәслихатының арнайы құттықтау жедел хатын оқып, облыс басшысына табыс еттім. Тарихи сәтке куә болғандар атынан ризашылық білдіремін. Бұдан өзге, көрме, кітаптардың тұсаукесерлері, республикалық конференциялар өтуде. Осы айтулы шараға Түрістан облысының атынан келіп, хакімнің тойында қызмет ету бұйырғанына шүкір,- деді халық қалаулысы!
Абай шығармалары мен мұралары ұрпаққа өшпес өнеге! Абай ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.
– Сапар барысында тың дүниелер мен бай мұралар қорын көзбен көрдік. Тарих өшпес мәңгілік. Абай жолы -ізгілік. Еңлік-Кебек кесенесіне, Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың Кесенесіне арнайы кіріп дұға еттім. Бұл сапар бабалар тағылымын дәріптеу. Жидебай төрінде ұлы ақынға құран бағыштадық. Зиялы қауым өкілдерімен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық,-деді А.Алтайұлы.
Бұдан өзге делегаттар Семейдегі Невазаровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы тағы да құтты болсын.
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында заман талабына сай жаңа «A.B.L.» фитнес орталығы ашылды. Қуанышты сәтке облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты құттықтады.
– Түркістан – тек рухани астана ғана емес, сонымен қатар спорт орталығына айналып келе жатқан өңір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірімізде спорт инфрақұрылымының халыққа қолжетімділігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, былтыр жалпы құны 73 спорт нысанының құрылысы аяқталса, ал биыл 54 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың қатарында елімізде теңдесі жоқ екі ірі жоба – ипподром мен ескек есу каналы бар. Бұл – спортты дамытуға және ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған мемлекетіміздің берік ұстанымының айқын көрінісі. Біз тек спорттық нысандарды салып қана қоймай, олардың тиімді жұмыс істеуіне және тұрғындар үшін қолжетімді болуына ерекше мән беріп келеміз. Бұл кешен – Түркістан қаласы тұрғындарының денсаулығын нығайтып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратын маңызды орынға айналатынына сенімдімін, – деген облыс әкімі қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен жүйелі түрде айналысуға шақырды.
Заманауи талаптарға сай салынған фитнес орталығында спортпен шұғылдануға, саламатты өмір салтын ұстануға барлық жағдай жасалған. Жаттығу залдары, волейбол және жекпе-жек залы бар. Сонымен бірге бассейн және өзге де дене шынықтыруға қажетті құрылғылармен, бөлмелермен қамтылған.
АБАЙДЫ АЙТЫП ЖҮРЕЙІК!
Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 180 жыл толып отыр. Дүбірлі мерейтой еліміздің түкпір-түкірінде кең көлемде тойлануда. Абай Құнанбайұлы – ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің және тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер ретінде қазақ халқының мәдениеті мен тарихында алтын әріптермен жазылған тұлға. Бұл ақынға деген құрмет. Өшпес ізгілік! Абайдың өзі “Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын” демей ме?! Абайды танымайтын адам жоқ. Шығармаларын оқымаған жан кемде-кем! Оның әр бір өлеңі, шығармасы көпке үлгі. Абайдай болу баршаға арман! Өшпес шығармасы, тарихы бүгін мен ертеңге үлгі. Абайды айтқанда селт етпейтін қазақ жоқ!
Ақынның мерейтойы құтты болсын! Ақынның туындылары мақтанып, марқайып, ұлт сабақтастығына рухани азық болып жалғаса берсін.
Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков!
МАРАФОНҒА ҚАТЫСЫП – БІРІНШІ БОЛ!
Құрметті облыс тұрғындары! Түркістан облысы Төлеби ауданында «Сайрам-су» марфоны өтетінін хабарлаймыз. 2025 жылдың 10-тамыз күні өтетін марафон таңғы сағат 08:00-де Сайрам-су өзенінің бойында басталады. Спорттық шараға облыс тұрғындары, еліміздің әр өңірінен спортшылар мен спортсүйер азаматтар мен белсенді жастар қатысады.
Түркістан облыстық туризм басқармасы ұйымдастырып отырған шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастарды спортқа, отансүйгіштікке баулу, бұқаралық спортты дамытуға және өңірдің табиғи және туристік әлеуетіне назар аударуға бағытталған.
Марафон қорытындысы бойынша 36 жүлделі орын бар. Қатысушылар 6 000 және 12 000 қашықтықта жүгіретін болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Қатысушыларды алдын – ала тіркелуге шақырамыз. Қатысушыларға қойылатын талап – спорттық киім мен спорттық аяқ киім кию ұсынылады.
Толық ақпарат: +7 700 214 80 70
Email: open.turkistan22@gmail.com
