ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САЛЫНҒАН ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК АШЫЛЫП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Қарашық өзенінің бойында 50 гектар аумақты қамтитын «Түркістан» экобағы ашылды. Жаңа демалыс аймағының ашылу салтанатына орай «Жаңа Конституция – халықтың құқықтық мәдениеті» атты ауқымды іс-шара өтті. Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Санаулы күндерден кейін бүкіл ел болып қолдап, дауыс берген Жаңа Конституция күшіне енеді. Осы Ата Заңымызды қолдау мақсатында халықтың ұсынысымен барлық аудан, қалада түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның қорытындысы ретінде бүгін барлығымыз ауқымды акцияға жиналып отырмыз. Түркістан жұртшылығы референдумға қатысу бойынша елімізде көшбасшылар қатарында болып, бірлік пен отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Осы орайда, Мемлекет басшысы референдумға қолдау білдірген Түркістан халқына шынайы ризашылығын жеткізді. Президентіміз күні кеше ел болып қабылдаған жаңа Конституция туралы «Жалпыұлттық референдум кезінде халқымыз мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдауын жасады. Конституция еліміздің саяси және идеологиялық арқауы ретінде ұзақ жыл бойы халық игілігіне қызмет етеріне сенемін» деген болатын. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі болып орнықты. Бұл тарихи қадамды еліміздің саналы қоғамы мен білімді жастары зор ықыласпен қолдауда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған жаңа экопарк жай ғана демалыс орны емес, бүкіл Түркістан жұртшылығы мен қонақтары бас қосып, спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді өткізетін заманауи демалыс орны. Жаңа Конституция – біздің болашағымыздың берік іргетасы. Ата Заңымыз еліміздің айбынын асырып, Қазақстанымыз мәңгілік жасай берсін! – деді Нұралхан Көшеров.

Түркістан облысының құрылғанына 8 жыл толды. Осы кезеңде Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен өңір қарқынды дамыды. 1991–2017 жылдары 8,7 млн ш.м тұрғын үй, 616 мектеп, 386 денсаулық, 21 мәдениет және 23 спорт нысаны салынса, соңғы 8 жылда оның елеулі бөлігі жүзеге асты: тұрғын үйдің 77%-ы (6,7 млн ш.м), мектептердің 35%-ы (214), денсаулық нысандарының 57%-ы (219) бой көтерді. Сонымен қатар 801 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылып, халықтың 90%-ы газға қосылды. Өңірлік өнім көлемі 8 жылда 3 есеге артты.

Салтанатты шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиев және жастарға қолдау көрсетіп жүрген қоғам белсендісі Ерболат Балғабаев сөз сөйлеп, жастарды заңды құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және ел дамуына үлес қосуға шақырды.


Жалпы, экобақ аумағында жергілікті климатқа бейімделген тұранғы, үйеңкі, акация, терек және өрік ағаштары егілген. Бұдан бөлек экобақта 4 көпір, күн панельдерімен жұмыс істейтін 170 шам, 3 волейбол алаңы, 1 футбол алаңы, 4 мың ш.м. балалар ойын алаңы, балық аулайтын арнайы 3 жағажай, 11 от жағу алаңы, орындықтар, барбекю аймақтары, сондай-ақ тас пен ағаштан жасалған мүсіндер орнатылған. Құрылысқа экологияға зиян келтірмейтін материалдар пайдаланылды.

Мерекелік кеште қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетті. Сахна төрінде Айдана Меденова, Ұшқын Жамалбек және Alem және тағы басқа өзге де өнер жұлдыздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Кәсіби мереке қарсаңында Түркістан облысында бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан баспана кілті табысталды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ғана емес, өңірлік журналистердің де әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастама жүзеге асырылуда. Осыған орай Түркістан облысының бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп жүрген азаматтар жаңа баспаналы болды.

Салтанатты рәсімде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының атынан жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Президент тапсырмасы аясында Түркістан облысында баспанаға ие болғандардың бірі – «24KZ» телеарнасының Түркістан облысындағы телеоператоры Ерболат Әбішов. Көп жылдық ақпарат саласындағы еңбегімен танылған телеоператорға Түркістан қаласынан қажетті жиһазбен жабдықталған жаңа пәтердің кілті табысталды.

Ерболат Әбішов еңбек жолын 2000 жылы Қазығұрт аудандық телеарнасында бастап, кейін облыстық және республикалық телеарналарда қызмет атқарды. 2012 жылдан бері «Хабар» агенттігінің Түркістан облысындағы телеоператоры ретінде ел өміріндегі маңызды оқиғаларды кәсіби деңгейде көрерменге жеткізіп келеді. Оның көпжылдық тәжірибесі мен адал еңбегі әріптестері арасында жоғары бағаланады.

Екінші баспана Созақ аудандық қоғамдық-саяси «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Нұрсұлтан Шертаевқа табысталды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі Нұрсұлтан Шертаев 13 жылдан бері аудандық басылымда табысты еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық өмірі мен елдік бастамаларды тұрақты түрде насихаттап келеді. Президент бастамасы аясында ол туған өлкесі – Созақ ауданынан баспаналы болды.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалайтынын атап өтті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ақпарат саласы қызметкерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалап келеді. Бүгін Мемлекет басшысының атынан өздеріңізге баспана кілтін табыстау – зор мәртебе. Бұл – журналистердің қоғамдағы рөлін айқындайтын, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қолдау. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, қаламдарыңыз мұқалмасын. Сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Биыл алғаш рет өңірлік журналистерге де баспана беру туралы шешім қабылдануы – ақпарат саласы мамандарының еңбегіне көрсетілген зор құрметтің әрі мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.

Бұл бастама журналистердің әлеуметтік әл-ауқатын арттырумен қатар, олардың кәсіби қызметіне жаңа серпін беріп, ел дамуы жолындағы жауапты міндеттерді сапалы атқаруына берік негіз қалайды.

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.

Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында, Президенттің
2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау Қағидалары бекітіліп, 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде өңірлік кадр резерві қалыптастырылды.

Бұл бастама мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және
жас, білікті кадрларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды қадам.

Өз кезегінде, облысымызда Кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 30 адам іріктеліп алынды. Бұдан басқа, Президенттік жастар кадр резервінен іріктеусіз 2 адам қабылданып, жалпы резервшілер саны 32-ні құрады.

Бұл тұста, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Өңірлік кадр резервіне қабылданған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурссыз тағайындала алады.

Бүгінде облыстағы 32 резервшінің 19 тиісті лауазымдарға тағайындалды.

Айта кету қажет, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі бола отырып, жаңашыл ойлауымен, белсенділігімен және жауапкершілігімен ерекшеленеді.

Сондықтан, олардың энергиясы мен тың көзқарасы мемлекеттік қызметте басқару үдерістерін жетілдіруге, шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға және халықпен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Осы орайда, жастарды мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістерді тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз.
Нұрлан Анарбекұлы Амандық

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

2026 жылғы 24 маусым күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясыөтті.

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Н.Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, Кентау қаласы мен Сарыағашауданының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, Ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық кеңес төрағалары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде 27 маңызды мәселе қаралды.

Күн тәртібінде қаралған Түркістан облысының Құрмет грамотасымен  наградтау туралы мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешім қабылданды.

Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік мекемелердің есептері тыңдалды.

Мәселен, сессия жұмысында облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Г.Әжіметова мен облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Тәпеев 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндама жасады.

Бұл мәселе бойынша шешімде облыс әкімдігіне бюджет қаражатын тиімді әрі уақтылы игеру, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде ұсыныс берілді. Ал облыстық тексеру комиссиясына мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен сапасын арттыру ұсынылды.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Мырзахметов басқарманың атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Депутаттар өңір кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларына кеңінен тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жұмыстарын күшейту және салынып жатқан өндірістік нысандарды іске қосуды жеделдету жөнінде ұсыныстар енгізді.

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Садықов мәдениет саласындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Халық қалаулылары бұл мәселе бойынша шығармашылық үйірмелерге қатысатын балалар санын арттыру, кітапханалардың кітап қорын толықтыру және монументтік өнер нысандарын орнату талаптарының сақталуын қамтамасыз ету сынды бірқатар ұсыныстар енгізіп, шешім қабылдады.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы А.Сатыбалдының есебі тыңдалып, мемлекеттік сатып алу өткізудің сапасын арттыру және бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне әдістемелік қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар қабылданды.

Сондай-ақ облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлының есебі қаралды. Депутаттар облыс аумағындағы діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін ұсынып, шешім қабылдады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Т.Усубалиевтің баяндамасынан кейін басқармаға және аудан-қала әкімдеріне тұрғындарды сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізу ұсынылды.

Сессия барысында облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Хожахметтің есебі де тыңдалды. Қорытындысында су тасқынының, орман өрттерінің алдын алу және су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.

Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н.Исаев арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту жөнінде баяндама жасады.

Нәтижесінде отандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ жоспарланған инвестициялық жобаларды мерзімінде іске қосу үшін тиісті сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Сессияда Кентау қаласының әкімі Ж.Тасов пен Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев 2025 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі туралы ақпарат берді. Бұл мәселе бойынша қала, аудан әкімдеріне бюджет қаражатын игеру барысында бюджет заңнамасының талаптарын қатаң сақтау жөнінде ұсыныс енгізілді.

Қаралған мәселелер бойынша депутаттар айтылған ұсыныстармен шешімдерді қабылдап, олардың орындалуын бақылауды облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларына жүктеді.

Бұдан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгеріске келісім берілді және облысәкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қолдау тапты.

Жалпы, сессия жұмысында қаралған барлық мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Өз кезегінде облыс әкімі Н.Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰХАР БҰҒЫСЫ 300-ДЕН АСТЫ

Түркістан облысында Бұхар бұғысы көбейіп келеді. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Сырдария – Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мекемесінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында журналистер Сырдария маңындағы тұқымбақта күтімге алынған бұхар бұғыларының жай-күйімен танысты.


Бұхар бұғыларын сақтау және көбейту мақсатында 1999 жылы Бүкіл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қолдауымен Түркістан орман шаруашылығы мекемесінің Қызылшаруа орманшылығы аумағында арнайы тұқымбақ құрылды. Бүгінде тұқымбақтың аумағы 22 гектарды құрайды. Биіктігі 3 метрлік темір тормен қоршалған.

Тұқымбақ жанына қызметтік тұрғын үй салынып, бұғы бағушыларға пайдалануға берілген. Аумағын күзетуге және бақылап отыру үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Бүгінгі таңда барлығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.


Түркістан қаласының 1500 жылдығына сыйға тартылған Бұхар бұғысының саны бүгінде 319-ға жетті. Оның 41-і «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты тұқымбақта көбейіп жатыр. Қалғандарын Шөгірлі тұқымбағына жерсіндіріліп, сондай-ақ Сырдария өзенінің бойындағы тоғайға еркіндікке жіберілген. Қызыл кітапқа енген жануарлардың жыл санап көбейіп келе жатқаны бұл табиғат жанашырларының ширек ғасырлық еңбегінің нәтижесі.

Инспекторлардың айтуынша, Бұхар бұғыларының бас санының түгелділігі мекеме қызметкерлері тарапынан тұрақты қатаң қадағалануда. Өсіп-өнуіне бақылау жасау мақсатында, Бұхар бұғылардың тіршілігі, фототұтқыштар мен фотоаппараттар арқылы суреттерге түсірілуде.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан бұғыларды күтіп-баптау, жем-шөбін жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тағы басқа да қежетті қолдау көрсетілуде.

Баспасөз туры аясында журналистер қырғауыл тұқымбағының тыныс-тіршілігімен де танысты.

Қызылшаруа орманшылығы аумағында Сырдария қырғауылын көбейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатт ерекше қорғалатын табиғи аумақтың №21 орамында 2017 жылы жалпы аумағы 2 гектарды құрайтын қырғауыл тұқымбағы пайдалануға берілді.

Бүгінде мұнда 1 құсшы және 2 құсшы көмекшісі жұмыс істейді. Тұқымбақта 2012 бас Сырдария қырғауыл құсы күтіп бапталуда.

ТҮРКІСТАН: ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ МЕН ЖУРНАЛИСТЕР СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫН ТАЗАРТТЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Сырдария өзенінің жағасында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті.

Тазалық шарасына Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Төлепов, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің орманшылары мен «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің инспекторлары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жалпы 70-тен астам адам жұмылдырылып, Көксарай көпірінің маңы қоқыстан тазартылды.

Облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Биыл өңірдегі елді мекендер бойынша жалпы 7 257 іс-шара жоспары бекітіліп, күнделікті сенбіліктер мен тазалық шаралары өтуде. Атап айтқанда, «Тазару күні», «Тазалық эстафетасын», «ТазаLIKE» экофестивалі, «Халықаралық қалдықсыз күні», «Мөлдір бұлақ», «Таза қала», «Таза ауыл», «Таза аула», «Жасыл болашақ» сияқты ауқымды экологиялық акциялар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар аудандарда «Бір адам – бір ағаш», «Талмен түлеген туған жер», «Парктер шеруі», «Жасыл белдеу» сияқты көптеген бастамалар жүзеге асырылып, тұрғындардың белсенділігі артып келеді. Аталған жұмыстарға 355 мың тұрғындар мен 1 222 арнайы техника жұмылдырылып, жалпы 379 тонна қоқыс шығарылған.

Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың жан-жақты кешенді жоспарлары бекітіліп, орындалуы тұрақты бақылауда.

Айта кетсек, Түркістан облысында биыл 1 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 332 мыңнан астам көшет егілді.

ПО ПОРУЧЕНИЮ ПРЕЗИДЕНТА В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫТ НОВЫЙ ЭКОПАРК

В День города в Шымкенте состоялось торжественное открытие одного из крупнейших экологических парков, созданного на территории бывшего мусорного полигона в микрорайоне «Достык». В церемонии приняли участие аким города Габит Сыздыкбеков, жители и гости мегаполиса.

Новый Экопарк стал наглядным примером масштабного преобразования городской среды и восстановления ранее нарушенных территорий. Проект, старт которому был дан в октябре 2024 года, реализован в сжатые сроки и уже сегодня представляет собой современное общественное пространство, ориентированное на отдых, спорт и семейный досуг.

Следует отметить, проект реализован в рамках исполнения поручений Главы государства по развитию сети экопарков и расширению зелёного фонда городов, в том числе в контексте экологической акции «Таза Қазақстан».

Особую символичность объекту придаёт его название – «Экопарк», выбранное на начальном этапе реализации проекта совместно акимом города и представителями средств массовой информации.

Общая площадь нового общественного пространства составляет порядка 45 га. Здесь создана современная инфраструктура для комфортного отдыха горожан, включая искусственный водоём, смотровые площадки, пешеходные маршруты с использованием природных материалов, системы освещения, деревянные скамейки и малые архитектурные формы.

Особое внимание уделено озеленению территории. В рамках проекта высажено более 5 тыс. деревьев и кустарников, подобранных с учётом климатических условий региона. Новый парк станет частью зелёного каркаса Шымкента и будет способствовать улучшению экологической ситуации в городе.

Открытие Экопарка стало ещё одним этапом последовательной работы по развитию общественных пространств мегаполиса. Преобразование территории бывшего полигона в современную зелёную зону наглядно демонстрирует, как такие участки могут быть возвращены городу в виде комфортной и востребованной среды для жизни.

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЭКОПАРК АШЫЛДЫ

Қала күніне орай Шымкентте Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағынан ең ірі экологиялық саябақтардың бірі – жаңа Экопарк салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мегаполис тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жаңа Экопарк қалалық ортаны ауқымды жаңғыртудың және бұрын экологиялық тұрғыдан бүлінген аумақтарды қалпына келтірудің жарқын үлгісіне айналды. Құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталған жоба қысқа мерзімде жүзеге асырылып, бүгінде демалысқа, спортпен шұғылдануға және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістік ретінде пайдалануға беріліп отыр.

Айта кету керек, жоба Мемлекет басшысының экопарктер желісін дамыту және қалалардағы жасыл желек қорын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында, сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде жүзеге асырылды.

Нысанның ерекшелігінің бірі – оның атауында. «Экопарк» атауын жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде қала әкімі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірлесіп таңдаған болатын.

Жаңа қоғамдық кеңістіктің жалпы аумағы шамамен 45 гектарды құрайды. Мұнда тұрғындардың жайлы демалуына арналған заманауи инфрақұрылым қалыптастырылған. Атап айтқанда, жасанды су айдыны, бақылау алаңдары, табиғи материалдар қолданылған жаяу жүргіншілер жолдары, жарықтандыру жүйесі, ағаш орындықтар және шағын сәулеттік нысандар орнатылған.

Аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Жоба аясында өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, 5 мыңнан астам ағаш пен бұта егілген. Осылайша жаңа саябақ Шымкенттің жасыл қаңқасының бір бөлігіне айналып, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға өз үлесін қоспақ.

Экопарктің ашылуы мегаполистегі қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың тағы бір маңызды кезеңі болды. Бұрынғы қоқыс полигонының орнын заманауи жасыл аймаққа айналдыру мұндай жерлерді қала тұрғындары үшін қолайлы әрі сұранысқа ие өмір сүру ортасына айналдырудың нақты үлгісін көрсетеді.

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ ЖЕҢІС!

Бүгін VIII Халықтар ойынының финалдық кезеңінде Самат Әкімбекұлы Рысбеков басқаратын Түркістан облысының «Тұран» спорт клубының қыздар командасы тартысқа толы финалдық кездесуде Павлодар облысының командасын 3:2 есебімен жеңіп, жарыстың чемпионы атанды!

Бұл жеңістің маңызы ерекше. Түркістан облысы құрылғанына 8 жыл болған уақыт ішінде Халықтар ойыны тарихында алғаш рет волейболдан қыздар командасы топ жарып, алтын медальді иеленді. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген 20 командамен үздік ойын көрсетті.

Жанкештілік пен табандылықтың, ұйымшылдық пен кәсіби дайындықтың арқасында келген бұл жеңіс – бүкіл Түркістан өңірінің ортақ мақтанышы. Команда мүшелерін, жаттықтырушылар құрамын және жанкүйерлерді тарихи жетістікпен құттықтаймыз!

Түркістанның көк туы биікте желбірей берсін!

#Тұран #ТүркістанОблысы #ХалықтарОйыны #Волейбол #Чемпион #ТарихиЖеңіс

ОБСУЖДЕНЫ НОВЫЕ ПРОЕКТЫ, ПЛАНИРУЕМЫЕ К РЕАЛИЗАЦИИ В ТУРКЕСТАНЕ

Под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова состоялось очередное совещание, посвящённое обсуждению архитектурного облика зданий и проектов, планируемых к реализации в регионе. На заседании были рассмотрены ряд инициатив, которые предполагается реализовать в Келесском районе и городе Туркестане.

В ходе совещания были представлены семь архитектурных проектов, а молодые архитекторы презентовали свои предложения и идеи.

Глава региона дал конкретные поручения по каждому проекту. Он подчеркнул необходимость соблюдения архитектурных требований, гармоничного сочетания современных тенденций, а также создания комфортной и качественной среды для жителей. По итогам обсуждения были даны соответствующие поручения по дальнейшей реализации проектов.

На заседании обсуждались проекты строительства водно-спортивного комплекса в Келесском районе, ограждения территории мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави, создания площади Государственных символов в Туркестане для проведения масштабных мероприятий, открытия сервисного центра для грузовых автомобилей вдоль автодороги, а также строительства футбольной академии. Кроме того, был представлен проект, направленный на привлечение туристов.

Также были озвучены предложения по открытию новых объектов для туристов на территории городского рынка Туркестана, обновлению архитектурного облика старого Арбата, созданию абрикосового сада для повышения туристической и ландшафтной привлекательности города, совершенствованию системы туристических маршрутов, разработке паспорта путешественника и карты маршрутов, а также модернизации маршрутов электрокаров, обслуживающих туристов. В рамках проекта планируется превратить территорию рынка не только в торговую площадку, но и в одну из ключевых туристических точек Туркестана.

Кроме того, были рассмотрены вопросы благоустройства и реконструкции проспекта Тауке хана, строительства пешеходных маршрутов для туристов, улучшения внешнего облика улиц, а также совершенствования архитектурного вида существующих зданий с целью повышения их привлекательности для гостей города. По данным направлениям были внесены соответствующие предложения.

В завершение совещания был представлен отчёт о ходе реализации проектов, строящихся на территории Административно-делового центра, а также о проекте строительства Центра тюркских народов.