«Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» атты тәрбие сағаты өтті

Кентау қаласындағы №7 кәсіптік колледж студенттерінің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу орны ұжымының тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай игі бастамалардың бірі «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханаға келіп түскен жаңа әдеби кітаптарды колледж жатақханасында жатқан білім алушылардың уақытын тиімді өткізу барысында, Ш.Жатбасқызының ұйымдастыруымен «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» атты тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты колледждегі білім алушыларды кітап оқуға баулау. Кітапханадағы  әдеби, көркем кітаптарды оқуға кеңес беріп, олардың түрлі туындыларға, шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту және оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.

Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіш. Ұлыларымыз айтқандай кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Осы бағытта «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» тақырыбында жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында кітап көрме жасақтап, оқырмандарға ұсынылды. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғыну маңызды. Бұл көрмеге көркем әдебиеттер, тарихи, тілтану, әдебиеттану саласындағы кітаптар қойылды. Сондай-ақ, кітапхананың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мазмұнды көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жоспарда  белгіленген күндерде өткізіліп отыратыны айтылды.

 

«- Әр жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында 1 курс студенттеріне арналған «Кітапханалық сабақтар» да ұйымдастырылады. Сабақ барысында  студенттерді «Кітапхананы пайдалану ережесімен», кітап қорымен, каталогтармен жұмыс, кітап көрмелерінің мазмұны, мерзімдік басылымдар туралы, кітапханаға тіркелу тәртібі, сондай-ақ тағы басқа қызмет көрсету түрлерімен жоспарлы түрде кестеге сәйкес өткізілуде. Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық, көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Атап айтатын болсақ, Тілдер мерекесі қарсаңында «Тілдің мерейі-елдің мерейі»  атты танымдық -зияткерлік сағат, көрнекті жазушылардың даталы күндеріне орай шығармаларын насихаттау барысында библиографиялық ұсыныстар дайындалып оқырмандарға ұсынылып, насихатталады. Салауатты өмір салтын насихаттауда «Менің денсаулығым-менің болашағым»атты тақырыптық сөре, студент жастарға Қазақстанның сырттан келген  басқа ұлт  өкілдеріне алтын бесік болған әлемдегі мемлекеттердің бірі екендігін ұғындыру, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеу, Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы насихат жұмыстарын жүргізу барысында «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі-Тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып өткізілді. Студенттердің кітапқа деген  қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің сүйікті кітаптарым» атты өткізілген оқырман бенефисі, жастардың поэзияға деген  сүйіспеншіліктерін арттыру, поэзияны бағалай білуге баулу, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу және адамгершілік тәрбиені насихаттау мақсатында «Әдептілік-әдеміліктің белгісі» тақырыбында студенттер арасында өткізілген пікірталас, қазақтың әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін  ұғындыру, жастардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру, әдемілік  туралы түсініктерін кеңейту, мақсатын көздеді. Жастарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпының  тәрбиелік мәнін ұғындыру бағытында, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен «Салт –дәстүр тәрбие негізі» тақырыбындағы оздырылған шараны айтуға болады. Жоспарға сәйкес студент жастарға Отаңға деген  сүйіспеншілікті тәрбиелеу  мақсатында  «Өшпес ерлік-ұрпаққа» атты  әдеби-сазды кеш өткізіліп, қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Зобалаң жылдар жаңғырығы» ұсыныстық-библиографиялық көрсеткіш шығарылып студент жастарға насихатталды.  Кітапханада кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен  толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады.  Осы бағытта кітапханада тұрақты  кітап көрмелері ұйымдастырылып отырылады. Атап айтсақ, «Егеменді Ел-Тәуелсіз Қазақстан», «Тіл-ұлтымыздың тірегі», «Дені сау ұрпақ-Ел болашағы», « Заңды білу-заман талабы», «Танысыңыз-Жаңа кітаптар», «Саламатты Қазақстан» және тағы басқа жыл бойына  саны 20-ға дейін оқырмандарға көмек ретінде айтулы күндерге арналған кітап қорын ашатын тақырыптық сөрелер ұйымдастырылады. Әр оқу жылының басында оқырмандардың ақпараттық мәдениетін арттыруда,  1 курс студенттеріне кітапхананың кітап қорымен, анықтамалық аппаратпен  таныстыру экскурсиялары өткізіледі. Кітапхананың жоспарына сәйкес кітап қорын насихаттау мақсатында, кітап оқу мәдениетін арттыруда өткізілетін көпшілік шараларға үлкен  көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау. «Кітапхана ісі» бағдарламасы бойынша электронды қоры базасы жасақталып, келген жаңа кітаптармен толықтырылуда.  Бағдарламада оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бойынша анықтама, жаңадан келіп түскен оқулықтар туралы мәлімет алуға болады. Кітапхана қорындағы басылымдар, олардың түрлері бойынша бөлінуі, оқулықтар қозғалысы туралы ақпарат «Жинақталған есеп кітапшасы» бөлімінде беріледі. Оқытушылар мен студенттер «Кітаптар каталогы» арқылы каталогтағы басылымдармен, мақалалармен танысып, «Web-құрамдас» бөлігіндегі іздеу ұяшығына атауды енгізу арқылы қажетті оқулықты іздеп таба алады.» — деді Ш.Жатбасқызы

«Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» атты тәрбие сағатында білім алушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап қойылып белсенді оқырманға тәтті үйлестірілді. Кеш соңында I — курс студенті Бурибаев Жансерік қазақтың қара домбырасымен күй ойнады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*