Кентауда педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар өткізді

Кентау қаласындағы №7 кәсіптік колледжінде Түркістан облысы «Өркен» Балалардың Әл-ауқатын арттыру Ұлттық Ғылыми Практикалық институты» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған біліктілік арттыру курсына қатысып және білім жетілдіріп келген колледж педогогтары «Зорлық-зомбылықтың алдын алудың және білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын регламенттейтін заңнамалық және нормативтік актілер мен құжаттар» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Колледж оқытушыларына зорлық-зомбылық ұғымымен, зорлық-зомбылық түрлерінің жіктелуімен таныстыру,зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша педагогтердің құқықтық мәдениетін жетілдіру.

« — Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «зорлық-зомбылық» ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана қатысты қолданылады. Зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуді жатқызу таңсық жайт. Қоғамда жалпы «зорлық-зомбылық» ұғымын дұрыс түсінуді, оның жағымсыз салдарынан хабардар болуды, оның барлық түрін барлық деңгейлерде қабылдамауды және күресуді, сондай-ақ, бала тәрбиесі мәдениетінен зорлықпен тәрбиелеудің кез-келген түрін жоюды мақсат деп білу қажет. Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде,сонымен қатар білім беру орындарында, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болуы қажет.Шара қолдану деңгейінде балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы өкілетті органдарға міндетті түрде хабардау жүйесін жасау, жүйенің тиімділігін арттыру үшін бала құқықтарын қорғау жүйесіне қосымша әрекет етуші тұлғаларды енгізу, өкілетті органдар арасында нақты үйлестіру және тиімді өзара әрекеттесу тетігін жасап шығару, мамандарды балаларға зорлық-зомбылық көрсету оқиғаларымен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі зорлық-зомбылық оқиғалары кезінде құқық қорғау және сот органдарының шара қолдануына қатысты нұсқаулықтар әзірлеу маңызды.» — деді өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар.

Мамандардың және халықтың балаларға зорлық-зомбылық көрсетілетінінен, соның ішінде, зорлық-зомбылық көрсету қауіп-қатерлерінен және белгілерінен, оған қоса балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің жағымсыз салдарынан хабардарлығын арттыруға көңіл бөлудің де маңызы аз емес. Сонымен қатар, жағдайды және оң өзгерістерді бақылап отыру үшін балаларға көрсетілетін зорлық-зомблықтың барлық түрлері туралы әкімшілік мәліметтерді жинауды әрі қарай жетілдіру қажет, деп санайды педагогтар.

Осылайша семинар барысында оқытушылар іс-шараға белсене ат салысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, тиімді шешім қабылдау жолдарын қарастырды. Буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында білім алушырдың сауаттылығын арттыру жолдары қарастырылып, жан-жақты тұлға болып қалыптастыру жолдары мен алғы шарттары түсіндірілді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recipe Rating




Рейтинг*